Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Айыппұлдар мен тыйым салынған аймақтар Қазақстанда квадрокоптерлерді пайдалану қалай реттеледі

Айыппұлдар мен тыйым салынған аймақтар Қазақстанда квадрокоптерлерді пайдалану қалай реттеледі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстандықтар арасында квадрокоптерге қызығушылық артып келеді. Tengrinews.kz дрон ұшырар алдында қандай ережелерді білу керек екенін және қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Қандай дрондарды тіркеу керек?

Дронды ұшырмас бұрын оның міндетті тіркеліп-тіркелмейтінін тексеру қажет.

Анықтама: квадрокоптер, яғни дрон – төрт қалақшасы бар ұшқышсыз ұшу аппараты. Ол, мысалы, әуеден фото-видео түсіру, ойын-сауық немесе басқа да мақсаттар үшін қолданылады.

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің мәліметінше, мыналарды тіркеу қажет:

салмағы 250 грамнан асатын дрондар; салмағына қарамастан, камерасы немесе дербес деректерді жинауға арналған өзге де жабдығы бар кез келген дрондар.

Анықтама: ең жоғары ұшу салмағы 750 келі және одан жоғары ұшқышсыз авиациялық жүйелер бұған кірмейді. Олар мемлекеттік тіркеуге жатады.

Қазақстанда дронды қалай тіркеуге болады: нұсқаулық 1-қадам. Техникалық сәйкестік туралы декларация алыңыз

Тіркеуден бұрын "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-на декларация тапсыру қажет.

дронның салмағына байланысты декларация нысанын таңдаңыз (нысандарға сілтемелер); толтырғаннан кейін өтінімді eOtinish арқылы жіберіңіз. 2-қадам. Өтініш беріңіз

Декларацияны алғаннан кейін ЭЦҚ көмегімен eLicense порталы арқылы өтініш беріңіз.

Егер дронның салмағы 250 грамға дейін болып, шетелде тіркелген болса, есептен шығару туралы куәлік қажет болады.

Егер дронның салмағы 250 грамм және одан көп болса, қосымша мыналарды тіркеңіз:

сатып алу-сату шартының нотариал куәландырылған көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын басқа құжат; нотариал куәландырылған жалдау шарты (егер дрон жалға алынған болса); басқа елде есептен шығарылғаны туралы куәлік (болған жағдайда).

Өтінім 10 жұмыс күніне дейін қаралады.

3-қадам. Тіркеуден кейін не беріледі?

Есепке қойылғаннан кейін иесіне 5 жылға (немесе жалдау шартының қолданылу мерзіміне) куәлік беріледі.

Кейін дронға борт нөмірі беріледі, оны алғашқы ұшуға дейін құрылғыға түсіру керек.

Салмағы 1,5 келіге дейінгі дрондарға тіркеу нөмірі үш жерден қойылады.

Ал салмағы 1,5 келіден асатын дрондарда тіркеу нөмірі бес жерден көрсетілуі керек.

Таңба анық оқылатын және суға төзімді болуға тиіс.

Тіркелмеген дронды ұшырғандарға қандай жаза қарастырылған?

Бұл процедураны елемегендерге айыппұл салынуы мүмкін.

Авиациялық әкімшілік дронды қажет рұқсаттар мен келісімсіз ұшырғандарға айыппұл салынатынын түсіндірді. Жеке тұлғаларға – 43 250 теңге, лауазымды тұлғаларға 86 500 теңге айыппұл қарастырылған. Ал дрон есепке қойылмаса, иесіне бұдан да жоғары айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл – 173 000 теңге, заңды тұлғалар үшін 432 500 теңге.

Анықтама: ӘҚБтК-нің 563-бабы "Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу", ӘҚБтК-нің 569-бабы "Әуе кемелерін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу".

Ведомство халық арасында дронға қызығушылық артып келе жатқандықтан, ұшқышсыз аппараттарды есепке қою тәртібін жеңілдетіп, оны цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Дронмен ұшудың қандай санаттары бар

Авиациялық әкімшілік дронмен ұшудың барлығын екі санатқа бөледі: "ашық" және "арнайы".

Ұшудың "ашық" санаты

Жеке фото және бейнетүсірілім ұшудың "ашық" санатына жатады. Бұл жағдайда әуе кеңістігін пайдалануға арнайы рұқсат алу қажет емес, бірақ дрон иесі мына ережелерді сақтауға міндетті:

дронды тек күндіз ұшыру; ұшу кезінде дронды көзден таса қылмау; дронды халық тығыз орналасқан аумақтардың үстінен ұшырмау; тыйым салынған, қауіпті аймақтарда және ұшуға шектеу қойылған аумақтарда ұшырмау; әуеайлақтардан кемінде 8 шақырым қашықтық сақтау; бақыланатын әуе кеңістігінде дронды 50 метрден, ал бақыланбайтын әуе кеңістігінде 200 метрден жоғары көтермеу; адамдарға, көлік құралдарына, ғимараттар мен құрылыстарға 100 метрден жақындатпау; адамдар мен көлік көп жиналатын орындардан кемінде 150 метр қашықтық сақтау. Ұшудың "арнайы" санаты

Егер ұшу шарттары "ашық" санатына сәйкес келмесе, ол "арнайы" санатына жатқызылады. Бұл жағдайда арнайы рұқсат қажет болады, мысалы:

халық тығыз қоныстанған аудандардың үстінен ұшу үшін, немесе дрондарды пайдалана отырып авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат, немесе тиісті санаттағы Ұшақсыз авиациялық жүйелер (ҰАЖ) операторының сертификаты.

Бұл ретте ұшу биіктігіне, орнына және уақытына қатысты шектеулер нақты жағдайға байланысты жеке анықталады.

Қай жерде дрон ұшыруға тыйым салынған?

Қорғаныс министрлігі редакцияның сауалына берген жауабында дрондардың ұшыруға бірқатар шектеу қолданылатынын хабарлады.

"Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға жабық немесе шектеу қойылған аумақтарға мемлекеттік күзетке алынатын нысандар жатады. Олар Үкіметтің №1151 "Мемлекеттік күзетуге жататын нысандардың кейбір мәселелері" қаулысында көрсетілген. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшу бағыты әуежайлар мен әуеайлақтардан кемінде 8 шақырым қашықта болуы керек", – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Сонымен қатар, мұндай нысандардың тізіміне орталық мемлекеттік органдардың, соттардың, ҰҚК-нің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық банктің ғимараттары, дипломатиялық өкілдіктер, әскери бөлімдер, атомдық және ғарыштық инфрақұрылым нысандары, сондай-ақ кейбір стратегиялық нысандар кіреді.

Түнде және қолайсыз ауа райында ұшыруға бола ма?

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі дронды түнде тек "арнайы" санат аясында ғана ұшыруға болатынын хабарлады. Ол үшін операторда тиісті рұқсат, түнгі ұшуға арналған жабдық, жарық беру құралдары болуы керек. Сондай-ақ, ұшатын аумақ алдын ала бағаланып, оператор дайындықтан өтуі қажет.

"Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану кезінде жер бедері мен ұшу түріне қарай белгіленген метеорологиялық минимумдар сақталуға тиіс. Ұшқышсыз авиациялық жүйелердің түрі көп болғандықтан, пайдаланушылар өндіруші белгілеген шектеулерді басшылыққа алуы керек. Жауын-шашын, желдің жылдамдығы және ауа температурасы бойынша шектеулер әр дронның түрі мен моделіне байланысты", – деп хабарлады ведомство.

Осылайша белгіленген ережелерді сақтау айыппұл арқаламауға және квадрокоптерді қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Шілде 2026 11:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары