Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Затаевич қырғыз музыкасын қалай жазып алды? 250 қырғыз күйі мен әні жинағының тарихы

Затаевич қырғыз музыкасын қалай жазып алды? 250 қырғыз күйі мен әні жинағының тарихы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Александр Затаевич қазақ музыкасының тарихында «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 ән мен күйі» жинақтары арқылы жақсы таныс. Ол қазақ даласында халық әндері мен күйлерін нотаға түсіріп, сол кезеңдегі музыкалық мұраның үлкен бөлігін жазба күйінде сақтап қалды. Бірақ Затаевичтің жинаушылық қызметі қазақ музыкасымен ғана шектелген жоқ. Оның еңбегі қырғыз музыкалық мұрасына да тікелей қатысты. 1934 жылы Мәскеуде Затаевичтің «Қырғыздың 250 аспаптың шығармасы күйі әні» атты көлемді жинағы жарық көрді. Бұл еңбекте тек ноталық мәтіндер ғана емес, орындаушылар туралы мәліметтер, музыкалық аспаптарға сипаттамалар, күйлердің шығу тарихына қатысты әңгімелер және Затаевичтің өз бақылаулары да берілген.

Баспа атынан жазылған алғысөзде жинақтың басты құндылығы оның жазбаларының дәлдігі, ұқыптылығы және адалдығы екені арнайы атап көрсетіледі. Еңбек дайын теориялық зерттеуден гөрі, қырғыз ұлттық музыкасын кейін тереңірек зерттеуге негіз болатын деректік материал ретінде ұсынылған. Осы тұрғыдан алғанда, Затаевич қазақ музыкасына қатысты атқарған жұмысын Қырғызстанда да жалғастырып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қырғыз ән-күй дәстүрінің үлкен бір бөлігін ноталық жазбада сақтап қалды деуге болады.

Затаевич Қырғызстанға қалай барды? 1928 жылы Қырғыз АКСР Халық ағарту комиссариаты оған халықтың музыкалық мұрасын нотаға түсіруді ұсынады. Затаевичтің өзі бұл ұсыныстың қырғыз музыкасын жақынырақ танып, зерттеуге деген бұрыннан келе жатқан қызығушылығымен сәйкес келгенін жазады. Сол жылдың қыркүйегінде ол алдымен Ташкентке барып, Орта Азия кітапханасынан қырғыз музыкасына қатысты деректер іздейді. Ондағы кітаптар мен журналдарды қарап шыққанымен, іздеген материалын таба алмайды.

Затаевичтің жазуынша, өзі оқып шыққан еңбектердің ешқайсысында қырғыздардың музыкалығы, әндері мен музыкалық аспаптары жөнінде нақты мәлімет болмаған. Сирек кездескен деректердің бірі — Шоқан Уәлихановтың қырғыздардың ән айту дәстүріне қатысты жазбалары еді.

Екі аптадан кейін Затаевич Қырғызстанның сол кездегі астанасы Фрунзеге барады. Мұнда жағдай мүлде өзгереді. Оны қырғыз аспаптық музыкасының белгілі өкілдері Мұраталы Күреңкеев пен Токтомамбек Орозовмен (Қарамолдо) кездестіреді. Екеуі де үш ішекті қомыздың шебер орындаушылары болған, ал Мұраталы қияқта да ойнаған. Дәл осы алғашқы кездесулер Затаевичтің қырғыз музыкасы туралы бастапқы түсінігін түбегейлі өзгертеді. Осы екі орындаушыдан қомыз бен қияққа арналған шығармаларды тыңдай келе, Затаевич қырғыз музыкасының негізгі ерекшелігі әнде ғана емес, аспаптық шығармаларда жатқанын аңғарады. 

Затаевич қомыз күйлерін жай ғана шағын әуендер ретінде қабылдамаған. Оларды өзіндік музыкалық мәдениеттің үлгілері, техникалық және формалық шеберлігі жоғары шығармалар деп бағалайды. Әсіресе қомыздағы күрделі орындаушылық тәсілдер, ырғақтық құрылым, бірнеше дауыстың қатар естілуі және орындаушының еркіндігі оған ерекше әсер еткен. 

Затаевич музыканы қалай нотаға түсірді? Затаевич қырғыз музыкасын дыбыс жазу техникасының көмегімен емес, тікелей есту арқылы нотаға түсірген. Әсіресе қомыз күйлерін жазу оңай болмаған. Күрделі шығармаларды қағазға дәл түсіру үшін ол орындаушыны жиі тоқтатып, жекелеген бөліктерді қайта орындатқан, кей тұстарын баяулатып тыңдаған. Жұмыс кейде күндізгі жазумен аяқталмайтын. Затаевич орындаушылардан естіген материалды кешке немесе түнде қайта қарап, жаңа естіген әуендерін есінде тұрған күйінде толықтырып отырғанын жазады. Кейін дайын болған ноталық нұсқаны орындаушының өзіне фортепианода ойнап беріп, дұрыстығын тексеруге тырысқан.

Сонымен бірге Затаевич өзінің ноталық жазбалары қомыздың шынайы дыбыстық табиғатын толық жеткізе алмайтынын ашық мойындаған. Әсіресе үш дауысты болып естілетін күрделі фактураны қағазға түсіруде қиындық болған. Мұндай жағдайда негізгі әуенді барынша дәл жазып, қосымша дауыстарды кейде жуықтап белгілеуге тура келген.

Затаевичтің қырғыз аспаптық музыкасын жинауындағы ең негізгі екі орындаушы — Мұраталы Күреңкеев пен Токтомамбек Орозов, яғни Қарамолдо болды. Жинақтағы 125 аспаптық шығарманың 51-і Мұраталыдан, 31-і Қарамолдодан жазылып алынған. Екеуінен барлығы 82 күй түскен.

Бұл — жинақтағы бүкіл аспаптық репертуардың басым бөлігі. Затаевичтің өзі Мұраталы мен Қарамолданың осы мол репертуарын небәрі үш апта ішінде нотаға түсіргенін жазады. 

Мұраталы Күреңкеев Затаевичке ерекше әсер қалдырған. Ол Мұраталыны музыкалық таланты, тәжірибесі мен білімі мол адам ретінде сипаттап, оны нағыз «музыкалық таланттың, тәжірибе мен білімнің қазынасы» деп бағалайды. Мұраталының репертуары мен орындаушылық шеберлігі Затаевичке қырғыз қомуз өнерінің күрделілігін тереңірек тануға мүмкіндік берген.

Фотода солдан оңға қарай:  Тоқтомамбет (Қарамолда) Орозов, А. Затаевич, Мұратәлі Күреңкеев 

Мұраталы Күреңкеев Затаевич үшін тек мол репертуар иесі емес, дәстүрлі орындаушылықтың тұтас бір мектебін бойына жинаған музыкант болды. Ол қомызбен қатар қияқ, чоор және қазақ домбырасын да меңгерген. Музыкалық білімнің бір бөлігі оған әкесі Күреңкейден берілген, сондықтан Затаевич Мұраталы репертуарынан әкеден балаға жалғасқан дәстүр сабақтастығын да көрді. Оның орындауында дыбыс пен қимыл бір-бірінен ажырамаған. Мысалы, «Терс-қағышты» тартқанда Мұраталы қолын кең сермеп, аспапты әр қырынан қағып, кейде қомызды жоғары көтеріп, дене қимылдарын орындауға қосқан. Затаевич мұндай әрекеттерді кездейсоқ сахналық эффект емес, көне орындаушылық дәстүрдің жалғасы ретінде қабылдаған.

Сонымен қатар, Тоқтоғұл Сатылғанов та Затаевичтің назарын ерекше аударған орындаушылардың бірі болды. Ол оны қомызшы әрі көптеген күйлердің авторы ретінде сипаттайды. Тоқтоғұлдың орындауында юмор, мимика, дене қозғалысы және сахналық еркіндік айқын болған. Бірақ Затаевич оны тек жұртты көңілдендіретін орындаушы ретінде бағалауды дұрыс көрмейді, оның музыкалық шеберлігіне арнайы тоқталады.

Күйлер. Затаевич жазбаларынан қырғыз күйлерінің тек музыкалық шығарма емес, белгілі бір оқиғаны, аңызды немесе халық жадында сақталған көріністі жеткізе алатын өнер болғанын байқауға болады. Мәселен, «Көкей-кесті» күйінің артында Дәркенбай есімді батырдың Қытайға өтіп, түрмеге түсуі және кейін құтқарылуы туралы оқиға жатыр. Затаевич бұл күйді аспаптық баяндау ретінде қабылдап, қомуздың кей тұстарда адам дауысын елестететін мүмкіндігіне назар аударады. Ал Қарамолда репертуарындағы «Кеңеш» күйін Затаевич фортепианода орындағанда, қырғыз тыңдармандары шығарманы бірден танып, ерекше ықыласпен қабылдаған. Бұл күйдің сол кезеңнің өзінде ортақ музыкалық жадтың бір бөлігі болғанын көрсетеді.

Осындай бағдарламалық сипат Мұраталы орындаған «Түнгі көрініс тау көшінде» шығармасынан да анық көрінеді. Алты шағын эпизодтан тұратын туындыда түнгі көш, қойшының чоор тартуы, жастардың әні, қасқырдың пайда болуы, иттердің үруі мен адамдардың абыржуы музыка арқылы бейнеленеді. Затаевич оны музыкалық сюитаға жақын шығарма ретінде сипаттайды. Сонымен бірге ол қырғыз күйлерін түсіндіру кезінде бұрын өзі жинаған қазақ материалдарына да жүгінеді. «Кетбұқа» сюжетіне тоқталғанда қазақтың «Ақсақ құлан — Жошы хан» күйін еске алып, қомуз бен домбыраның құрылымы мен репертуарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстырады. Осы мысалдардың барлығы Затаевич үшін күйдің жай әуен емес, оқиғаны, тарихи жадты және орындаушылық дәстүрді сақтайтын күрделі музыкалық форма болғанын аңғартады.

Затаевичтің бұл еңбегінде шығармалардың өзі ғана емес, оларды жеткізген орындаушылардың есімдері, репертуар құрамы, орындаушылық тәсілдер, күйлерге қатысты аңыздар мен әңгімелер, музыкалық аспаптардың сипаттамалары және автордың далалық бақылаулары қатар сақталған. Осы себепті жинақ музыкалық мәтінмен бірге сол дәуірдің орындаушылық ортасы мен дәстүрі туралы да мәлімет береді.

Тағы да оқи отырыңыз:

Затаевичке қазақтың әні мен күйін жинауға кім тапсырма берген?

Затаевич пен әнші Майра Уәлиқызының кездесуі

«Ақсақ құлан жайлы аңызға ерекше тебірендім» – Александр Затаевич пен Ромен Ролланның хат алмасуы

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қыркүйек 2026 08:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары