Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жайылым тапшылығы 3,5 млн гектарға дейін қысқарды Үкімет

Жайылым тапшылығы 3,5 млн гектарға дейін қысқарды Үкімет

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурсын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның биылғы бірінші отырысында мәлімс болды.

Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметтерге қарағанда, отырыста ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың хабарлағанындай, мемлекет меншігіне 2,1 млн гектар пайдаланылмаған және заң бұза отырып берілген жерлер қайтарылды. 2026 жылы тағы да 1 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қайта бөлінген жерлердің жалпы ауданы 8,5 млн гектар болды, оның ішінде:

- 2,8 млн гектар жер мал жаю үшін халықтың жалпы пайдалануына берілді;

- 5,7 млн гектар жер ауыл шаруашылығы өндірісінің субъектілеріне конкурстық негізде берілді.

2025 жылы комиссия жұмысындағы негізгі рәсімдік мәселелер шешілді. Жер пайдаланушылардың адалдығын бағалау жүйесі енгізіліп, ведомствоаралық өзара нақты іс-қимыл мерзімі белгіленді. Бұл өңірлік комиссиялардың жұмысын жеделдетуге және адал фермерлердің құқығын қорғауды күшейтуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, жердің деградациясымен, яғни су және жел эрозиясымен, шөлге айналуымен күрес жөнінде, топыраққа зерттеу жүргізу бойынша шаралар қабылданды. Барлық 17 облыста өңірлік іс-шара бекітілді. 2025 жылғы екінші жартыжылдықта жерді жалға беру конкурсын өткізу ережесі жаңартылды: енді инвестиция көлемі, техника мен малдың болуы, сондай-ақ мамандардың біліктілігі міндетті критерийге айналды.

Жайылымдық жерге ерекше назар аударылады. 2025 жылы әкімдіктер халықтың жалпы пайдалануына 1,3 млн гектар жайылым жерді бекітіп берді.

Реттеудің негізгі құралы Жайылымдарды басқару жоспары болып қала береді. Елімізде барлығы 198 аудан бар. Алайда 2026 жылдың басында тек 157 жоспар бекітілген. Бұл даладағы жайылымдық жерді басқарудың тиімділігін төмендетеді.

Мұндағы жұмысты жеделдету қажеттігі Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асырумен байланысты күшейіп, ол құжатта суландыру арқылы жаңа жайылымдық жерлерді айдалануға беру көзделген.

Пилоттық жоба ретінде үш аудан анықталды. Онда жайылымды басқару жоспары бекітіліп, геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Олардың барлығында да қалпына келтіруді қажет ететін деградацияға ұшыраған жайылымдық жердердің едәуір үлкен алқаптары анықталды.

Облыс әкімдіктеріне алдағы айларда қалған жоспарларды бекітуді аяқтау, шалғайдағы жайылымдарды суландыруды, инфрақұрылымды дамытуды басым бағыт ретінде қаржыландыру және айналымға жаңа учаскелерді қосуды жеделдету тапсырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Жер ресурстарын басқару комитетіне 2026 жылы 3,5 млн гектар жайылым тапшылығы мәселесін шешуді, олардың мақсатты бекітілуін қамтамасыз етуді және тозған жерді қайта егуді бастауды тапсырды.

«Біз мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын іске қосқанмен, жайылым жоқ болса, ол жұмыс жүрмейді. Мемлекетке қайтарылған жерді құр есепке алудан пайда жоқ. Ол жайылымға жарамды болуы керек. Жайылымды қалпына келтіру, көпжылдық шөптерді қайта егу міндеті биылдың өзінде шешілуі тиіс», - деп атап өтті вице-премьер.

Осыған дейін биыл шалғай жайылымдардағы мал шаруашылығына маманданған 200 шаруашылық құрылатыны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 16:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары