Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жамбыл спортының жұлдызы биік

Жамбыл спортының жұлдызы биік

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Тәуелсіздік жылдары Тараз спортшылары 8 олимпиадаға қатысып, 11 жүлдені қоржынға салды.

Таланттар мекенінде ұрпақ сабақтастығы жалғасып жатыр. Спортта жарқ еткен жас саңлақтар өсіп келеді. Мәселен, биыл жергілікті атлеттер республикалық және халықаралық жарыстарда 1 397 медаль ұтып алды.

Жамбыл спорты десе, бірден Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Болат Жұмаділов  пен  Ермахан Ибрайымов еске түседі. Алты алаштың абыройын әлемде асқақтатқан Бақтияр Артаев, Ақжүрек Таңатаров пен Елдос Сметов та солардың қатарында. Мықтыларды тізе беруге болады. Спорттың дамуына үлес қосып жүрген мыңдаған жампоз бар. Солардың бірі – Бақтияр Тілегенов. Даңқты боксшы 18 жасында Қазақстан чемпионы атанып, 19 жасында Азияны бағындырды. Сөйтіп 1996 жылы Егеменді Қазақстаның алғашқы құрамында болып, Атланта олимпиадасына қатысты. Атақты Мейвейзермен жұдырықтасқан да осы Жамбылдың баласы. 2011 жылы өңірде Кәсіпқой бокс клубының құрылуына атсалысып, бүгінде 192 былғары қолғап шеберін баптап жүр.

Бақтияр Тілегенов, «Жамбыл» кәсіпқой бокс клубының басшысы:

-Біздің жасөспірімдер 18 ден ары қарай қиындау болып жатты ғой. Жарысқа шығуы, бұл жерде клубтың тиімділігі ұтып келсе, жақсы результатына сәйкес айлыққа қояды. Содан кейін 10 жастан 40 жасқа дейін бокста жарыстарға шыға алады.

Тәуелсіздік алғалы  жамбылдық спортшылар барлық жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, жалпы саны 29 лицензия иеленді. Нәтижесінде өңір спортшылары 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальға қол жеткізді. Бүгінде чемпиондардың жолын жалғаған жас спортшылар өсіп келеді. Олар жыл басынан бері түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1 397 медаль жеңіп алды. Ал ұлттық құрама сапында өңірдің 826 өрені ел намысын қорғап жүр. Солардың арасында Нұрданат Айтанов бар. 10 жылын спортқа арнаған жас палуан – 2 дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып үлегерген.

Нұрданат Айтанов, спортшы:

-Мақсатым – қазақта қазір олимпиада чемпионы жоқ, сол олимпиада чемпионы болу. Еркін күрестен олимпиада чемпионы жоқ. Тек қана еңбек етіп, өзіміздің жаттықтырушыларымызды тыңдап, дұрыс жүріп, еңбек етсең, нәтижесін аласың.

Аймақтағы 2 353 спорт нысанында, спорттың 85 түрі қамтылған. Бүгінде 29 мыңнан аса адам кәсіби түрде спортпен шұғылданады. Жауаптылар бұқаралық спортқа аса мән беріп, жас таланттарды ауылдардан іздеп жүр.  Ол үшін шалғай елдімекендерге спорт кешендерін салып жатыр.

Ақниет Жеңісбай, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы:

-Өңірде 21 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 2 спорт нысаны қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін қосымша 8 спорт нысаны қолданысқа беру жоспарланып отыр. Қалған спорт нысандарының құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпеді. Жалпы облыс бойынша спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 68,4 пайызды қамтып отыр. Бұл көрсеткіш республика өңірлерінің ішінде Жамбыл облысы алқашқы қатарда болып саналады.

Жамбыл спортының іргесі бұрыннан мықты. «Соңғы жылдары жасалған қолайлы жағдай мен қолдаудың арқасында жаңа буын споршылар да  абыройлы жолды жалғастыратынана сенімдіміз», - дейді сала мамандары.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 10:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары