Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Арқа спортының адымы

Арқа спортының адымы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Суретті түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Спорт инфрақұрылымын жаңарту қарқыны әсіресе моноқалалар мен ауылдарда айқын байқалады. Маңызды жобалардың бірі Саран қаласында жүзеге асырылып жатыр. Мұнда жеңіл конструкция­лардан тұрғызылып жатқан, жалпы аумағы 1850 шаршы метр­ден асатын жаңа спорт кешені тәулігіне 700-ге жуық адамды қабылдауға қауқарлы. Жыл бойы үзіліссіз жұмыс істейтін кешенде күрес, ММА, бокс, каратэ сияқты жекпе-жек түрлерімен, функционалдық жаттығулармен айналысуға барлық жағдай жасал­мақ. Бүгінде ғимараттың негізгі элементтері құрастырылып, инже­нерлік желілері тартылған.

Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында елді мекендерде төрт  жоба қолға алынды. Атап айтсақ, Ақтоғай ауылындағы стадионға инженерлік инфрақұрылым тартылды. Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінде 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің негізгі құрылысы аяқталып, ішкі әрлеу мен аумақты абаттандыру жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас заманауи нысан Көктас ауылында да пайдалануға берілуге жақын – онда құрылыс-монтаж жұмысы толықтай аяқталып, ішкі әрлеу және спорттық құрал-жабдықтармен жарақтандырылады. Сондай-ақ Бұқар жырау ауданының Қушоқы кентіндегі спорт кешенінің құрылысы қарқын алды. Ал Шет   ауданының орталығы Ақсу-Аюлы ауылында суға жүзу бассейні бой көтеріп келеді.

Қарағанды қаласында да ауқымды жобалар қолға алынған. Шаһарда 10 гектар аумақты алып жатқан «Шахтёр» футбол академиясының құрылысы жүріп жатыр. Ауқымды кешен құра­мына әкімшілік, жаттығу корпустары, заманауи стадиондар мен жабық манеж кіреді. Оған қоса, облыс орталығындағы бас­ты спорт алаңы – «Шахтёр» стадионын кешенді қайта жаңғырту  жоспарланған. Жоба аясында газон төсеу, жарықтандыру мен дыбыс жүйелерін орнату, жүгіру жолдарына жабын төсеу, трибуналар үстіне шатыр тұрғызу мен көрермен орындықтарын ауыстыру қарастырылған.

Қаланың «Күнгей» шағын ауданында да жаңа спорт ке­шенінің қаңқасы тұрғызылып, монтаждалып жатыр. Бұдан бөлек, жеңіл атлетика манежі, «Бригантина» балалар лагері мен Саран қала­сындағы бассейнде жөн­деу жұмыстары атқарылмақ.

Жуырда Ақтас кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдаланылуға берілді. Жалпы аумағы 2,2 мың шаршы метрді құрайтын бұл заманауи нысанда күрес, бокс, ұлттық спорт түрлері, гимнастика және тренажёр залдары толық жабдықталған. Қазақ күресі, джиу-джитсу, каратэ, тоғызқұмалақ, асық ату, бесасық, садақ ату секциялары ашылып, 140 орындық трибунасы бар бокс, тренажёр залдары іске қосылды. Кешеннің салтанатты ашылуында сөз сөй­леген облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мұндай нысандардың бұқаралық спортты дамытудағы маңызына тоқталып, жастарды отансүйгіштікке, табандылыққа шақырса, еркін күрестен еңбек сіңірген жаттықтырушы Амангелді Мұсабеков бұл кешеннен болашақ Олимпиада чемпиондары шыға­тынына сенім білдірді.

Кешенге басшы болып спорт шебері Берікбол Ермағамбетов тағайындалып, 7 білікті бапкер балаларды тегін секция­ларда жаттықтыруды бастап кетті. Жергілікті жастар, соның ішінде 14 жастағы баскетболшы Гурани Нареклишвили де енді облыс орталығына қатынамай-ақ өз кенттерінде спортпен еркін айналысуға мүмкіндік алғандарына қуанышты екенін жеткізді.

Ауылдық жерлерде іске қо­сылған нысандардың тиімділігін Абай ауданы Топар кентіндегі спорт кешенінің тәжірибесінен де көруге болады. Былтыр пайдалануға берілген бұл кешен бүгінде жергілікті халықтың сүйікті мекеніне айналды. Кешен меңгерушісі Ғалия Мәлікқызының айтуынша, орталық таңғы сағат 6-дан түнгі 11-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеп, 8 спорт секциясында 100-ден астам тұрғынды қамтып отыр. Олардың қатарында мектеп оқушылары, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Әсіресе жастар арасында волейбол секциясы үлкен сұранысқа ие. Бапкер Бақытжан Келгенбектің жетекшілігімен Топардың ерлер командасы өткен жылы облыс чемпионы атанып, бірнеше өрен облыс құрамасына енді. Ал қыздар командасы республикалық «Ақ бидай» ойындарында жүлделі екінші орынды иеленді. Бір жыл ішінде кешенде облыстық, республикалық деңгейдегі ондаған жарыс өткізіліп, ауыл өміріне жаңа серпін берді. Мұнда мектеп оқушылары, ардагерлер мен 1, 2-топтағы мүгедектер үшін жаттығулар толықтай тегін, ал студенттер мен зейнеткер­лерге 50 пайыздық жеңілдік қарас­тырылған.

Осылайша, бұқаралық спорт­тағы бұл игі бастамалар халықтың денсаулығын нығайтуға, өскелең ұрпақты саламатты өмір салтына баулуға және өңірден жаңа спорт жұлдыздарын баптап шығаруға берік негіз қалап отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 08:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары