Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі Динара Закиева

Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі Динара Закиева

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан Конституциясының жобасында отбасы мен бала құқығын қорғау нормалары сақталып қана қоймай, айтарлықтай күшейтілген. Сонымен қатар неке институтын нығайтуға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және баланың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа ережелер енгізіліп отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Конституция жобасының 27-бабында қолданыстағы редакциядағыдай, неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екені, ал балаларға қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті екені бекітілген.

«Бұл нормалар декларативті тұрғыда емес, нақты қолданбалы сипатқа ие. Олар мемлекеттік саясаттың негізіне айналып, бала құқықтарын қорғау саласындағы күнделікті жұмысымызға арқау болып отыр. Балаларды қорғау мәселесінде шешім қабылдағанда немесе ұстанымымызды қорғағанда біз дәл осы Конституциядағы түбегейлі қағидаттарға сүйенеміз», – деді Динара Закиева.

Комиссия мүшесінің айтуынша, конституциялық нормалар өмірде нақты көрініс тауып отыр. Тек өткен жылдың өзінде мемлекет тарапынан 51 мыңнан астам оқиға кезінде қауіп-қатер дер кезінде анықталды. Алдын алу шаралары жүргізіліп, балалардың құқықтық қорғалуы қамтамасыз етілген.

Балаларды қорғау тек дағдарыс жағдайларында әрекет етумен шектелмейді. Ол сондай-ақ балаларды әлеуметтік қолдауға, денсаулық сақтау, білім мен тәрбие беру ісіне, қауіпсіздігіне және отбасында өмір сүру құқығына кепілдік беруді қамтиды. Бұл үдерісте баланың әл-ауқатының негізгі тірегі ретінде отбасы мен ата-ананың жауапты қамқорлығына ерекше мән беріледі.

Динара Закиева комиссияның алдыңғы отырыстарының бірінде Елнұр Бейсенбаевтың некені ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты, заңға сәйкес мемлекет тіркейтін одағы ретінде Конституцияда бекіту жөніндегі ұсынысын еске салды.

«Бұл норма қазақстандық қоғамның құндылықтарына негізделген және тұрақты дамуға мүдделі кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік. Некені міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы талап балалардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Мен бұл норманы қолдаймын», – деді ол.

Сонымен қатар Конституция жобасында білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекітетін жаңа нормаға да ерекше көңіл бөлінген.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында оқу мен тәрбие беру жүйесі, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, зайырлы сипатта болуы тиіс. Бұл балалардың білім алуға деген құқығын толық жүзеге асыруына жағдай жасайды», – деп түйіндеді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары