Авторлардың құқығын қорғау күшейеді
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Келер жылдан бастап ұжымдық басқару саласы сандық жүйеге көшіп, бірыңғай цифрлық платформа құрылады.
Осылайша, авторлардың құқығын қорғау көзделіп отыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі мәлімдеді. Ботагөз Жақселекованың сөзінше, мұндай шара саладағы ашықтық пен қолжетімділікті арттырады. Ол шарт жасаудан бастап, авторларға сыйақы төлеуге дейінгі барлық процесті айқындайды. Мәселен музыкалық туынды телеарнада немесе радиода орындалса, ол цифрлық жүйеге автоматты түрде тіркеліп, автордың қолына алатын сыйақысы бірден есептеліп отырады.
Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет вице-министрі:
- Платформаны енгізу арқылы бюрократиядан арылуға болады. Енді қандай шығарма қанша рет және қай кезеңде орындалғаны анық көрініп тұрады. Бірыңғай цифрлық платформаны үш кезеңмен енгізуді көздеп отырмыз. Бүгінде Қазақстанның ұжымдық басқару саласын сандық жүйеге көшіру жұмыстары Бразилия, Индонезия және Сауд Арабиясын қызықтырды. Алдағы уақытта бұл елдермен өзара тәжірибе алмасу жоспарда бар.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:90
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 18:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















