Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Тұтынушы құқығын қорғау туралы заңдағы өзгерістер

Тұтынушы құқығын қорғау туралы заңдағы өзгерістер

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Енді сатушымен әлеуметтік желіде болған екеуара әңгіменің заңды күші болуы мүмкін. Мәжілісте тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасына осындай өзгеріс енгізу ұсынылды. 

Депутаттардың айтуынша, бұл азаматтарымыздың алаяқтарға алданып, сан соғып қалмауына септігін тигізеді. Алайда сарапшылар: «Заңдағы қағазбастылықтан арылмай, бұл нормалардың пайдасы шамалы», - дейді.

Бұл жоба былтыр қыркүйек күні Мәжілістегі алғашқы оқылымда мақұлданған. Содан бері талқылауда жатыр. Депутат Мұрат Әбенов жаңа нормалардың ішіне сатушымен не тапсырыс орындаушымен әлеуметтік желіде болған әңгімені келісімшарт ретінде тану туралы өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Осылайша онлайн жарнамаға алданған азаматтардың құқығын қорғау көзделген.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Азаматтарды қорғауымыз керек. Әлеуметтік желіде жарқ-жұрқ етіп жарнама беріп, ақшасын алған соң жоғалып кететін алаяқтар көп. Ал қарапайым тұрғындар қолында ресми құжат болмаған соң қалай қорғану керегін білмейді. Біз ауызша не жазбаша келісілген болса, бұны келісім деп тану керек. Мысалы, кәсіпкер белгілі бір кепілдік беріп, осындай затты осындай қуатта алып келем десе, сотта бұл дәлел бола алады. Сол үшін кез келген аудио хабарлама, кез келген хат пен жарнаманы заңды келісім деп танитын норма енгізгіміз келеді.

Алайда заңгерлер бұл азаматтық кодексте бар норма екенін алға тартады. Қазірдің өзінде сотта бұл хабарламалар заңды құжат ретінде танылған.

Аржан Арманұлы, заңгер:

- Азаматтық кодекске сәйкес, біз өзіміздің шартты кез келген жерде, кез келген түрде, мысалға қағаз түрінде, жазбаша түрде, ауызша түрде жасауға құқылымыз. Жазбаша күйде деп еш жерде А4 форматындағы қағазда жазылуы керек деп жазылмаған. Оны біз кез келген әр-түрлі шүберек болсын, мата болсын немесе мынадай ғана кішкентай қағазда шартты жазып, оны заңды деп тануға болады. Ең бастысы, шарттың ең негізгі қағидалары, нормалары сақталса болды.

Заңгердің айтуынша қазір азаматтар құқығын қорғауға құлықсыз. Себебі сотқа жету үшін бірнеше сатыдан тұратын процесстен өтіп, бірнеше мекеменің табалдырығын тоздыру керек.

Аржан Арманұлы, заңгер:

- Сол қызмет көрсететін орындаушыға немесе сатушыға сотқа дейінгі талап-арыз жазу керек. Оның жауабын кемінде бір апта күту керек. Одан кейін Е-Өтініш арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымдану қажет. Үлгі жауаптары бар. Сол жауапты жазады да, сотқа барыңыз дейді. Алайда сіз сотқа бару үшін департаменттің жауабын 15 жұмыс күн күтесіз. Оның ақшасын қайтару керектігі немесе тауарды қойып беруі айдан анық. Оны 15 жұмыс күні күтіп отырудың қандай қажеттілігі бар?

«Яғни тұтынушылардың құқығы тиісті деңгейде қорғалуы үшін жаңа нормалар емес, істің сотқа қиындықсыз, тезірек жетуі маңызды», - дейді заңгер. Ал тиісті мемлекеттік орган заң жобасында осы бағыттағы өзгерістерді қарастырғанын жеткізді.

Шәкәрім Хайдар, ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бақылау және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы:

- Басты өзгерістердің бірі тұтынушылардың шағым беру тәртібін жеңілдету. Яғни бюрократиялық сатылар алынып тасталынады. Біріншіден, сатушыға жүгінеді. Болмаса одан кейін ары қарай өзі таңдайды. Мемлекеттік органға арызбен жүгіну қажет пе, әлде бірден сотқа жүгіну қажет пе деген сияқты. Сонымен қатар бұл жерде сатушының азаматтық жауапкершілігін көздеу. Яғни айыппұл деген бар. тауар сомасының 10 пайыздан 50 пайызға дейінгі айыппұл ретінде өндіреді. Егер де тұтынушының талабы айқындалып, расталып, дәлелденетін болса, соттың шешімі негізінде сондай айыппұл тұтынушының тарабына өндірілетін болады. Сондай-ақ бұл жерде қоғамдық институттардың рөлін күшейту және осы салада амбудсмен енгізу болып табылады. Сонымен қатар қазіргі тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы базалық қағидаттардың барлығын қаржылық сектордан басқа барлық салаға тарату болып табылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, соңғы кездері азаматтардан келіп түскен шағым көмлемі артқан. Мәселен, 2020 жылы уәкілетті органға 21 мың өтініш түссе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 62,5 мыңға дейін артқан. Ал ағымдағы жылдың 10 айында шамамен 68 мың өтініш тіркелген. Олардың ішінде 28 мың шағым бөлшек сауда саласына қатысты болса, 15 мыңнан астам азамат электронды саудаға көңілі толмаған. Ал тұрмыстық қызметтерге қатысты 5 мың шағым түскен. Сондықтан, жаңа заңда электронды саудаға көбірек көңіл бөлінді дейді жоба авторлары.

Шәкәрім Хайдар, ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бақылау және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы:

- Электрондық сауда алаңдарындағы сатушыларды тұтынушылармен сауда жасау кезінде міндетті түрде тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның міндеттерін сақтау туралы шарт жасасу болып табылады. Егер де мұндай шарттарды орындамай, одан жалтаратын болса тұтынушы бұл туралы электронды сауда алаңына хабарлайтын болады. және бұл мәселе шешілгенше уақытша бұғатталады. Егер сатушы тарапынан бұзушылық дәлелденетін болса, ол электронды сауда алаңында сату мүмкіндігінен айырылатын болады.

Сонымен қатар жобада шетелдік компаниялардың Қазақстанда ресми өкілі болуы міндеттелмек. Бұл онлайн сатушылардың есебін жүргізіп, шағым түскен жағдайда оны жылдам тауып алуға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 13:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары