Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Бес асыл : AMANAT партиясының қолдауымен төл өнеріміз төрге озды

Бес асыл : AMANAT партиясының қолдауымен төл өнеріміз төрге озды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Көкшетауда «AMANAT» партиясының қолдауымен Ақмола облысы әкімдігі және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы республикалық «Бес асыл» ұлттық өнер сайысын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Онда Ақмола және Атырау облыстарының өнерпаздарынан құралған командалар бақ сынады.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, белгілі ақын Аманжол Әлтай дүбірлі дода тізгінін ұстап, ұлттық өнердің мәні мен маңызына ерекше назар аударды.

«Бүгін киелі Көкше жеріндеміз. Бұл – сал-серілердің ізі қалған, ән мен жырдың қасиеті сіңген, талай тарлан талантты түлеткен өңір. Осындай рухы биік мекенде «Бес асыл» сынды ұлттық жобаның өтуі – үлкен мәртебе. «Бес асыл» – жай ғана өнер сайысы емес, бұл – қазақтың рухани болмысының айнасы. Айтыс, жыр, күй, терме және дәстүрлі ән – халқымыздың жан дүниесін, тарихын, тағдырын сақтап келген асыл қазына. Бұл өнер түрлері ұлттың үнін, елдің мұңын, халықтың қуанышын жеткізген. Осындай жобалар арқылы біз сол мұраны жаңғыртып қана қоймай, оны жас буынға аманат етеміз. «Бес асыл» – сол сабақтастықтың жарқын көрінісі», – деді ол.

Осы орайда, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мұндай жобалар жастарға асқақ рух сыйлайтынын атап өтті.

«Бүгін біз ұлттық өнеріміздің қаншалықты бай әрі мазмұнды екенін көріп отырмыз. Дәстүрлі мәдениетті қолдау – ел болашағына қосылған үлкен үлес. Осындай жобалар жастарды рухтандырып, ұлттық құндылықтарды нығайтады», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ іргелі іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Жабал Ерғалиев орамды ойын ортаға салды.

«Бүгін нағыз мәдени іс-шараның куәсі болдық. Екі команданың да деңгейі жоғары. Бұл тек сайыс емес, бұл – ұлттық өнердің мерекесі. Осындай додалар дәстүрлі өнерді жаңғыртып қана қоймай, жас буынға шалқар шабыт сыйлайды. Көрермен ретінде ерекше рухани әсер алдық», – деді ол.

Сайыс барысында айтыс, күй, жыр, терме және дәстүрлі ән сынды ұлттық өнер түрлері қамтылды. Бұл ретте, Ақмола облысының намысын белгілі ақын Арман Бердалин, ал Атырау облысының командасын белгілі ақын Саадат Нұрманов бастап шықты.

Қазылар алқасы құрамына Қазақстанның Халық жазушысы, белгілі ақын Жүрсін Ерман төрағалық етті. Осылайша, сайыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының командасы жеңімпаз атанып, келесі кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:273
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Мамыр 2026 16:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары