Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Төл өнім төрге озса игі

Төл өнім төрге озса игі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін стратегиялық маңызы бар міндет ретінде атап, Үкіметке импортқа тәуелділікті азайту жөнінде нақты тапсырма берді. Себебі ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету – экономикалық дамумен қатар, елдің тұрақтылығына тікелей әсер ететін стратегиялық маңызы бар міндет.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Беларусь еліне барып қайт­қан кәсіпкерлердің айтуынша, ол жақта ең алдымен отан­дық өнімнің саудасын қыздыру мәселесіне баса мән беріледі. Азық-түлік дүкендеріндегі тауардың 80 пайызы – жергілікті өнім. Ал импорт тауардың үлесі – 20-ақ пайыз. Оның өзі елеусіздеу, ең төменгі сөрелерге қойылған. Біздің кейбір сауда орталықтарында, керісінше, бірден көзге ұрып тұратын ең көрнекі жерлерде шетелдің өнімдері самсап тұрады.

Мәселен, бройлер етін алайық, бүгінде қала тұрғын­дарының дені көбіне Ресей мен Беларусьтан келген арзан құсқа құмар. Ал Қостанайдан 40 шақырым жердегі Жуков құс фабрикасының өнімі сөре­де ұзағырақ жатып қала­ды. Өйткені отандық өнім алдың­­ғыларға қарағанда сәл қым­баттау. Кәсіпорынға барып, бройлер өсіріп жатқан мамандармен сөйлесіп көрдік. Олар құс шаруашылығы саласында шешілмей келе жатқан біраз мәселе бар екенін айтты.

Жылына мың тонна ет шыға­ратын Жуков құс фабри­касының өнімдері бүкіл облыс көлеміне тарайды. Кезінде тұрғындарының көбі көшіп кеткен шағын елді мекеннің еңсесін тіктеп, ауылды қайта жандандырған кәсіпорын Қостанай ауданына қарасты Жуков, Александров, Еңбек елді мекендерінде тұратын 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Фабрика бройлер жұ­мыртқасын жылда Башқұрт­станнан сатып алады. Оны 21 күн инкубаторда ұстайды. 22-күні жаңа жұмыртқа жарған сарыүрпек балапандарды аумағы сиыр базасына бергісіз кең тауық қораға шығарады. Фабрикадағы 7 тауық қораның әрқайсысында 15 мың құс өседі. Жып-жылы әрі кең заманауи ангарлар қысы-жазы құс өсіруге мүмкіндік беріп отыр. Мұндағы жылу мөлшері, құстың күтімі автоматтандырылған арнайы технология жолымен іске асырылады. Ангарға кірген балапан 40-45 тәулік ішінде өсіп, ет жинап үлгереді. Одан әрі құстар сою цехына жіберіліп, таза салмағы екі-екі жарым кило тартатын бройлер еті Тобыл қала­­­сындағы шұжық цехына жөнел­­тіледі. Заманауи цех бройлер етін өңдеп, шұжық дайындап шығ­а­рады.

«Бізді өнімдер өңір жұрт­шылығына «От Розумовича» брендімен белгілі. Бройлерді еттей емес, көбіне шұжық түрінде сатамыз. Қазір облыс көлемінде Беларусь тауарлары мен дүкендері қаптап кетті. Біз мол өнім шығаратын кәсіпорын ретінде мемлекеттен құс етінің әр килосына 50 теңге субсидия аламыз. Соған қарамастан, сырттан келген өнімнің қыспағын едәуір сезініп отырмыз. Сырттан келіп жатқан бройлер еті мұз­датқышта көп жатып қалады, сондықтан етінен гөрі суы көп болады. Судың көптігі еттің тұтыну мерзімі өтіп кеткеннін көрсетеді. Сондықтан сапасы төмен, бағасы арзан болып келеді. Ал біздің өнім – өзіміздің алқапта табиғи жағдайда өсіп-піскен таза бидайдан тартылған химикатсыз жем жеп өскен құстың экологиялық таза әрі цехтан жаңа ғана шыққан еті ғой. Оны сапа жағынан шетелдің етімен салыстыруға мүлде келмейді. Біз Ресейдің өнімі сияқты арзан баға қоя алмаймыз. Өйтсек өнімнің өзіндік құны ақталмайды. Со­ған қарамастан, бройлер етін мейлін­ше төмен бағамен саудаға шығарып жатырмыз. Өкінішке қарай, қазір жұрттың біразы сапаға емес, бағаға қарайды», дейді Жуков құс фабрикасының технологі Светлана Морозова.

Жуков ауылындағы құс фаб­ри­ка­сына бола сонау Бела­русь мемлекетінен келген Свет­лананың сөзінен елімізде бройлер құсын өсіретін мамандар да тапшы екенін аңғардық. Өз ісіне шын берілген білікті маман құс шаруашылығы саласында жетіспей жатқан біраз мәселенің ұшығын шығарғандай болды.

«Қазақстанда аналық құс өсіретін шаруашылық жоқ. Егер шекара жабылып қалса, ин­ку­ба­­торлық жұмыртқа ала алмай қаламыз. Бұл – азық-түлік қауіп­­сіз­дігімен тікелей байланыс­ты маңызды мәселе. Мәселен, өткен жылы Ресей шекарасы жабылып қалды да, жұмыртқасыз қалдық. Амалсыз Түркиядан алдыр­­дық. Сондықтан менің ойымша, мемлекет өз ішімізде аналық құс шаруашылығын қолға алу жағын қарастыруы керек. Біз де ақшамызды шетелге шашпай, жұмыртқаны өзімізден алатын едік. Бройлер аналығы Шығыс Қазақстан облысындағы Макинск құс фабрикасында ғана бар. Бірақ олардың жұмыртқасы өздерінен артылмайды. Ірі ана­лық құс шаруашылығын ашу, әрине, мол қаржыны қа­жет етеді. Сондықтан бұл са­лаға мем­лекеттің қолдауы аса қажет. Мұндай шаруашылыққа жұмсалған шығын түбінде еселеп ақталады. Оның үстіне, Ресей құс фабрикалары бізге жақсы жұмыртқасын бермейді. Сапалы жұмыртқасын өзіне ірік­теп алып, қалғанын бізге сатады», дейді С.Морозова.

Маманның айтуынша, бройлер – аз уақыт ішінде мол ет алу үшін арнайы будандастырылған үй құсы. Сондықтан бұл саланы дамыту үшін алдымен маман даяр­­лап алу қажет.

Қостанай облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары