Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

​Атырауда балалар құқығын қорғау басқармасы​ құрылады

​Атырауда балалар құқығын қорғау басқармасы​ құрылады

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атырауда мектептердегі қауіпсіздік және балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі қаралған “Заң мен тәртіп —қауіпсіз балалық шақ кепілі” тақырыбында жиын өтті. 

Іс-шара ашық диалог форматында жүргізілді. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Аймақ басшысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуі керегін және өскелең ұрпақты қорғау мәселесінің негізгі басымдықтардың бірі екенін атап айтты. 

Серік Шәпкеновтың айтуынша, осы бағытта жүйелі жұмыс істеу керек. Сол себепті балалар құқығын қорғау басқармасын ашу қажет. Ол жауапты қызметтердің жұмысын үйлестіріп, құқық бұзылған жағдайда жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді, алдын алу шараларын күшейтеді және балаларға мейлі мектепте, мейлі одан тыс жерде де қауіпсіз орта қалыптастырады.

Жиында оқу орындарындағы тәртіп мәселелері, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың себептері мен оның алдын алу жолдары қаралды. Полиция депапртаментінің бастығы Оңал Бөккев білім ордаларындағы тәртіпті қамтамасыз ету мен қауіпсіз орта қалыптастыру —негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта барлық жауапты орган құқық қорғау құрылымдарымен тығыз байланыста, нәтижеге жұмыс істеу керек деді ол.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайын білім басқармасының басшысы Марат Әбуов баяндады. Оның сөзінше, 2026 жылғы алғашқы екі айда оқу орындарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық саны былтырғымен салыстырғанда 22-ден 14-ке түскен.

Жиын одан әрі қарай ашық микрофон форматында жалғасты. Мектеп басшылары мәселелерді ортаға салып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Олардың айтуынша, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту, жасөспірімдердің әрекетіне отбасының жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қарастырылуы шарт. Сөз алғандар үйірмелер мен қоғамдық жұмыстарды дамыта түсудің, мектептерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің және балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастырудың маңызын атап өтті.

Серік Шәпкенов жиынды қорытындылап, ауылдарда үйірмелер мен секцияларды дамытуға айрықша назар аударуды, осылайша қала мен ауыл балаларына тең мүмкіндік беру керегін айтты. Бұған қоса, білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи технологияларды енгізу және оқу орындары мен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу көзделіп отыр.

Бүгін, 09:41

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 10:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see152

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see150

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see149

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see148

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see145

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see143

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see142

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see142

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see141

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see141

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see140

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see140

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see138
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары