Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жаңа Конституцияда терминологиялық алшақтықтарды жою керек Талғат Нәрікбаев

Жаңа Конституцияда терминологиялық алшақтықтарды жою керек Талғат Нәрікбаев

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оның айтуынша, университет профессорлары мен отандық ғалымдар қауымдастығы Конституцияның мемлекеттік тілдегі мәтінінде бірізді емес терминология, мағыналық бұрмалаулар мен аудармалар арасындағы терминологиялық сәйкессіздік бар екенін ұзақ жылдар бойы көтеріп келеді.

Бұл құқық қолдану тәжірибесінде ұғымдарды әртүрлі пайымдауға жол ашып, конституциялық нормалардың біркелкі орындалуына кедергі келтіреді.

"Мысалы, қазіргі Конституцияда "заңды" сөзі 16 рет, "құқылы" сөзі 5 рет, "құқығы бар" 27 рет, "құқығы жоқ" 5 рет, "хақысы жоқ" 3 рет қолданылған. Бірақ бір ғана сөз бір ғана мағыналық жүк арқалап тұрған жоқ. "құқылы" термині бірде "в праве" орнына, ал бірде "имеет право" орнына қолданылады. Ал "қызмет" сөзі "должность" мағынасында 31 жерде, "деятельность" мағынасында 37 жерде, "функция" мағынасында 3 жерде, "служба" мағынасында 6 жерде қолданылған", − деп атап өтті Талғат Нәрікбаев.

Комиссия мүшесі айтқан тағы бір мысал − Үкімет мүшелерінің жауапкершілігіне қатысты "персонально отвечает" сөз тіркесі болды. Қазақша Конституцияда бұл бір бапта "дербес жауап береді", тағы бір бапта "жеке-дара жауап береді" деп аударылған.

Сонымен бірге, тұрақты құқықтық конструкция ретінде атау формада берілмеген мысалдар бар. Мәселен: "өмір сүруге құқығы", "ар-ождан бостандығына құқығы". Дұрысы: "өмір сүру құқығы", "ар-ождан бостандығы құқығы" болуы керек.

"Аудармаға байланысты, "общественная нравственность" ұғымы қазақша нұсқасында "қоғамдық имандылық" деп жазылған. Оны "қоғамдық әдеп" деп ауыстыруды ұсынамыз. Бұл түзету мемлекетіміздің зайырлы сипатын нақтылай түседі", деп сөзін толықтырды заңгер.

Спикер Конституциямыздың мәтіндік анықтығы мен бірізділігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, мемлекеттің басқару жүйесінің сапасы мен конституциялық кеңістік тұтастығына әсер ететінін айтуда.

"Сондықтан реформа шеңберінде құқықтық ұғымдарды біріздендіріп, тілдік нұсқалар арасындағы терминологиялық алшақтықтарды жойғанымыз жөн. Бұл Конституция мазмұнын өзгертуді емес, құқықтық дәлдігін күшейтуді білдіреді, Ата Заңымыздың сапасын арттырып, оның нормаларын түсініктірек етеді деп санаймыз", деп сөзін түйіндеді Талғат Нәрікбаев.

Бұған дейін депутат Мұрат Әбенов Конституциялық реформаның маңызды бағыты – шығармашылық еркіндік, сөз бостандығы болуы тиіс екендігін баса атап өткенін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 18:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары