Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Жаңа Конституцияны жүзеге асыру міндеттері айқындалды

Жаңа Конституцияны жүзеге асыру міндеттері айқындалды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда депутаттар Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату мәселесін және күн тәртібіне шығарылған бірқатар заңды қарады.

Рақымшылық туралы заң қабылданады

Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қатысты алдағы міндеттерді айқындап берді. Сондай-ақ ол жүйелі жаңғырудың келесі кезеңіне арналған жоспар Мемлекет басшысының жаңа Ата заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес белгіленуге тиіс екенін атап өтті.

«Республикалық референдум Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары жалпыхалықтық қолдауға ие екенін айқын көрсетті. Азаматтарымыздың 87 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Отандық және халықаралық байқаушылар дауыс берудің ашық әрі әділ өткенін айтты. Осы аптада Мемлекет басшысы Конституцияға және Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты Парламенттің алдында жаңа конституциялық заңдарды қарау мен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу сияқты маңызды міндеттер тұр. Сондай-ақ Президент сессияның соңына дейін әкім­шілік істер бойынша рақымшылық тура­лы заң қабылдауды тапсырды. Осы ауқым­ды жұмысты Мәжіліспен және Үкі­мет­пен бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруымыз керек», деді Сенат төрағасы.

Күн тәртібіне сәйкес отырыста, алдымен, Мемлекет басшысының Ерлан Қос­мұратовты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынуы қаралды. Бұл мәселе алдын ала Сенаттың Консти­туция­лық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде талқы­ланды. Соның нәтижесінде сенаторлар Президент ұсынуын қолдау туралы шешім қабылдады.

Маңызды құжаттар мақұлданды

Палата отырысында «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заң да қаралып, мақұлданды. Талқылау кезінде аталып өткендей, хаттаманы ратификаттау Қазақстанның халықаралық авиациялық саясатты қалыптастыруға неғұрлым белсенді қаты­суына мүмкіндіктерді кеңейтуге жағдай туғызады. Сондай-ақ еліміздің кандидатурасын ИКАО органдарының құрамына ілгерілету үшін алғышарттар жасайды.

Сонымен қатар сенаторлар «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық Қайта құру және даму банкі, Халықаралық Қаржы корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Бұл заң экономиканың орнықты өсуіне, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, шығыстарды неғұрлым шұғыл және әлеуметтік бағдарланған жобаларға қайта бөлу есебінен мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту көзделіп отыр.

Дүниежүзілік банктің ұлттық жоба­ларға қаржылық тұрғыда қатысуы ІЖӨ-нің тұрақты өсуін, шағын және орта бизнесті дамытуды, инновациялар мен жұмыс орындарын құру арқылы еліміздің инфрақұрылымын жүйелі жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

Сенат отырысында «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да екі оқылымда қаралып, мақұлданды.

«Аталған заң қызметкерлердің құқық­тарын қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу­ді және еңбек жағдайларын жетіл­діруді көздейді. Нақты айтқанда, кейбір әлеу­мет­тік осал топтағы азаматтарға қатыс­ты еңбек шартын жұмыс берушінің баста­масы­мен бұзуға тыйым салынады. Сондай-ақ жұмыс берушілердің әлеумет­тік жауапкершілігін күшейтуге бағыттал­ған шаралар нақтыланды. Заңды қабыл­дау еліміздегі еңбек адамдарының құқық­тық кепілдігін күшейтуге және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға үлес қосады деп сенеміз», деді М.Әшімбаев. 

Медициналық оқу орындарын дамыту қажет

Отырыс барысында депутаттар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады. Сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында медициналық негізгі жоғары оқу орындарын одан әрі дамыту қажеттігі туралы сөз қозғады.

Сенатордың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында елімізде медициналық көмектің сапасын арттыру мен білікті кадрларды даярлау мақсатында денсаулық сақтау саласында жүйелі реформалар іске асып келеді. Депутат тарихы бай әрі халықаралық деңгейде танымал Астана медициналық университетінің маман даярлау мен саланы дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Демек, оның әлеуетін одан әрі нығайтуды уақыттың өзі талап етіп отыр.

«Университет бакалавриаттан бас­тап резидентура, магистратура және PhD-ға дейінгі барлық деңгейде 80-нен аса білім бағдарламасын іске асырады. Университетте 11 мыңнан аса білім алушы, оның ішінде 20 елден 700-ден аса шетелдік студент оқиды. Кейінгі 3 жылда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойы­нша түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 99%-ды құрады. Университеттің стратегиялық бағыты – профилактикалық медицина және халық денсаулығын сақтау. Бұл бағыт отандық денсаулық сақтау мектебінің негізін қалаушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Төрегелді Шарманұлының ғылыми мұрасымен толық үйлеседі», деді Н.Жүсіп.

Сенатор осыған байланысты Астана медицина университетіне «Ұлттық университет» мәртебесін беру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ жоғары оқу орнына академик Төрегелді Шармановтың есімін беруді ұсынды. Ол, сонымен қатар, осы бас­тамаларды іске асыру үшін құқықтық және ұйымдастыру тетіктерін пысықтау қажеттігін атап өтті. 

Жол-көлік апаты азаяр емес

Сенатор Геннадий Шиповских депутат­тық сауалында жол-көлік оқиғалары­ның көбеюіне және жүргізушілерді даярлау сапасының төмендеуіне назар аударды. Депутаттың мәліметінше, 2023 жылы елімізде 15 886 жол-көлік апаты тіркелген. 2024 жылы бұл көрсеткіш күрт өсіп, 31 597-ге жеткен. Ал 2025 жылы 36 146 жол апаты болған. Сонымен қатар кейінгі 3 жылда мыңдаған адам қаза тауып, 100 мыңнан аса адам түрлі жарақат алды.

«Жүргізушілерді даярлау мәселесі де ерекше назар аудару қажет. ІІМ-нің «Автомектеп» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, бүгінде елімізде 727 автомектеп тіркеліп отыр, ал соның 160-ы – мемлекеттік, ал 567-сі – жекеменшік. Сонымен қатар кейінгі жылдары осы саладағы мемлекеттік бақылау айтарлықтай қысқартылғаны белгілі. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап автомектептерді ашу рұқсат беру тәртібінен хабарлама беру тәртібіне ауыстырылып отыр. Ал 2018 жылы ішкі істер органдарының автомектептер қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу функциялары толық алынып тасталды. Нәтижесінде, жүргізушілерді даярлау сапасына қатысты талаптардың әлсіреуі туралы қоғамда алаңдатушылық жиі айтылып жүр», деп атап өтті сенатор.

Осыған байланысты Г.Шиповских автомектептерге қойылатын мемлекеттік бақы­лау мен аккредиттеу талаптарын қалпына келтіруді, сондай-ақ оқу бағдарла­малары мен практикалық дайындық стандарттарын күшейтуді ұсынады.

Отырыста, сондай-ақ, сенаторлар Бекбол Орынбасаров, Сәкен Арубаев, Алтынбек Нухұлы, Руслан Рүстемов, Бибігүл Жексенбай өз депутаттық сауалдарын жолдап, қоғамды алаңдатып тұрған маңызды мәселелерді көтерді.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Президент • Бүгін, 07:30

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады

Әлем • Кеше

Алматыда екі күнге көлік қозғалысы шектеледі

Аймақтар • Кеше

Президент: Ғылым мен адам капиталы – ел дамуының басты бағыты

Президент • Кеше

Министрлік еліміздегі ең көп сатылатын дәрілерді аталды

Фармацевтика • Кеше

Мемлекет басшысы: Келер ұрпақ мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді

Президент • Кеше

Президент: Адам капиталы сапасын арттыру үшін бәрін жасауымыз қажет

Президент • Кеше

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Қазақстанда 32 мектеп апатты жағдайда тұр

Қазақстан • Кеше

Астанада 2026 жылы 40 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Елорда • Кеше

Ертең елімізде күн райы бұзылады

Ауа райы • Кеше

Сан емес, сапа маңызды: Тоқаев шетелдік ЖОО-на бөлінетін мемлекеттік грант құнын қайта пысықтауды тапсырды

Университет • Кеше

Президент: Қазақстанның ертеңі сіздердің ғылыми жаңалықтарыңызға байланысты

Президент • Кеше

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары