Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Жаңа заң қаржы секторын тұрақты дамыту мен нығайтуға көмектеседі Елнұр Бейсенбаев

Жаңа заң қаржы секторын тұрақты дамыту мен нығайтуға көмектеседі Елнұр Бейсенбаев

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Оның айтуынша, Қазақстанның қаржы жүйесі тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы тұтынушыларының құқығын қорғау бағытында шараларды қажет ететін бірқатар маңызды қиындықтарға тап болып отыр.

- Ең өзекті әлеуметтік және экономикалық қауіптің бірі – халықтың шамадан тыс несиеленуі. Осы жылдың қыркүйек айындағы мәліметтерге сәйкес, халық пен бизнес субъектілерінің екінші деңгейлі банктер алдындағы жалпы қарызы 38,7 триллион теңгені құрады. Оның ішінде 24 триллион теңге жеке тұлғаларға берілген несие болса, олардың 70 пайызы тұтынушылық несиенің үлесіне тиесілі.

Микроқаржы ұйымдарына, ипотекалық компанияларға және өзге де квазимемлекеттік құрылымдарға берілген қарыздарды қоса алғанда, жалпы берешек шамамен 48 триллион теңгеге жетеді. Жылдың бірінші жартысында негізгі қарыз көлемі 3,8 еседен астам өсті. 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз сомасы 1,1 триллион теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 2009-2020 жылдар аралығында банктерді құтқару және сауықтыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жалпы көлемі 8,2 триллион теңге деп бағалануда. Бұл көмектің едәуір бөлігі ірі қаржы институттарын тұрақтандыру мен олардың проблемалық активтерін сатып алуға бағытталған, - дейді «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Депутатың айтуынша, осы жылдың басында Президент аталған қаражаттың қайтарылуын талап етті. Бұл талапты үш банк (Halyk Bank, ForteBank және Bank CenterCredit) орындады. Ресми статистикаға сәйкес, осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанның банк секторының жалпы активтері шамамен 65 триллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға артқан. Тек жылдың бірінші жартысының өзінде банктер 1,4 триллион теңге таза пайда тапқан.

Капиталдандыру деңгейі жоғары болғанымен, экономиканың нақты секторына салынған жалпы инвестициядағы банк несиелерінің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Соңғы он жылда бұл көрсеткіш 9 пайыздан 3,5 пайызға дейін төмендеген. Бизнесті дамытуға салынатын негізгі инвестициялар екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді несиелерінен емес, компаниялардың меншікті қаражаты мен мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары есебінен жүзеге асуда.

Азаматтардың келісімінсіз несие рәсімдеуге байланысты онлайн-алаяқтық бүгінде күрделі мәселеге айналды. Кейбір жағдайларда банктер өз клиенттерінің жеке деректерінің сатылуы мен таралуына жанама түрде себепкер болып отыр. Нәтижесінде, банк жүйесі экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналудың орнына елдің қаржы жүйесіндегі өзекті мәселелердің біріне айналды.

- Қолданыстағы Банктер және банк қызметі туралы заңы осыдан 30 жыл бұрын қабылданды. Соңғы үш онжылдықта оған жүздеген түзету енгізіліп, бастапқы қағидаты айтарлықтай өзгерді, тіпті банктік лоббидің мүддесін көздейтін нормалар да қосылды.

Бүгінде заңның құрылымы мен терминологиясы ескіріп, финтех пен қаржы экожүйелерінің қарқынды дамуын толық қамтымай отыр. Сонымен бірге, банк секторының қоғам алдындағы жауапкершілік деңгейі төмен болып, заңнамада банктік қызметті тоқтату тәртібі нақты реттелмеген еді. Мемлекет басшысы корпоративтік несие берудің жеткіліксіздігі, қаржы жүйесіне төнетін тәуекелдің артуы және жеке тұлғалардың шамадан тыс қарыз жүктемесі мәселесін түбегейлі шешу қажеттігін атап өтті. Бұл – Президенттің осы саладағы жағдайға алаңдаушылық білдіргенінің айқын көрінісі.

Осыған орай, жаңа заң жобасында банктерді бюджет қаражаты есебінен құтқару саясатының орнына алдын
ала сауықтыру тетігі енгізілуде. Енді қаржылық тұрақтандырудың негізгі ауыртпалығы салық төлеушілерге емес, банктердің акционерлеріне жүктеледі. Мемлекеттік көмек банктерге тек соңғы шара ретінде көрсетіледі. Егер мемлекет банктің үлесін алатын болса, бұрынғы акционерлер басқару құқығынан айырылады және дивидендтер төленбейді. Принцип айқын: «акционерлердің жауапкершілігі мен қаражатты бюджетке қайтару қамтамасыз етілмейінше, қолдау көрсетілмейді», - деді ол. 

Сонымен қатар, депутат бюджет қаражатының толық қайтарылуын, банк операцияларының ашықтығын, бәсекелестік ортаны дамытуды, цифрлық шешімдердің құқықтық мәртебесін айқындауды және рұқсатсыз жасалған транзакциялар үшін жауапкершілікті күшейтуді қамтамасыз ететінін жеткізді. 

– Ең бастысы – банк ресурстарын экономиканы қаржыландыруға және қаржы технологиясын дамытуға белсенді тарту көзделіп отыр. Әрине, бірқатар сын-пікірлер айтылды, бұл – «тыңдайтын мемлекет» қағидатының нақты көрінісі. Әріптестерімнің айтқандары қоғамдағы пікірдің басым бағытын көрсетеді. Жалпы алғанда, реформалар дұрыс бағытта жүргізіліп жатыр. Бүгінде біз банк жүйесінің есептілігін арттырып, оның тұрақтылығын заң шеңберінде нығайтып келеміз. Бұл тұрақтылық адал бақылау, жауапты меншік және қоғамдық сенім үйлесімінің нәтижесінде қалыптасады.

Біз тек дағдарыстың алдын алу ғана емес, бұрынғы қателіктің қайталануына жол бермеу жолын да қарастыруымыз қажет. Сонда ғана Қазақстанның қаржы жүйесі шын мәнінде тұрақты болып, азаматтардың сенімін ақтай аламыз. Жаңа заң қаржы секторын тұрақты дамыту мен нығайтуға деген біздің берік ұстанымымызды айқын көрсетеді. Әрине, қоғамда түрлі пікірлер бар. Алайда біздің басты міндетіміз – қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, себебі ол елдің экономикалық қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі. Ең маңыздысы – салымшылардың, яғни азаматтарымыздың қаржылық қауіпсіздігі.

Сондықтан қазіргі қол жеткізілген нәтижелерді сақтай отырып, келесі маңызды міндет – әділ әрі заманауи банк жүйесін қалыптастыру. Біз банктерді шағын және орта бизнеске несие беруге және отандық кәсіпкерлікке инвестиция салуға ынталандыруымыз қажет. Бұл – қазіргі экономикалық қиындықтардың көпшілігіне жауап болмақ, – деді Елнұр Бейсенбаев. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 14:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары