Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Берлиннің қақ ортасындағы қолма қол айқас: БҚО лық лейтенант не үшін Халық қаһарманы атанды

Берлиннің қақ ортасындағы қолма қол айқас: БҚО лық лейтенант не үшін Халық қаһарманы атанды

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) "Халық қаһарманы" атағын беріп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін тапсырды. Награда 2026 жылғы 5 мамырдағы жарлықпен соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін берілді. Tengrinews.kz қаһарманның өмірбаяны мен ерен ерлігі туралы толығырақ баяндайды.

Кенжебай Мәденов кім?

Кенжебай Мәденов 1925 жылы 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылдық округінің Ақтайсай ауылында дүниеге келген.

1944 жылы 19 жасында ол 266-атқыштар дивизиясы 1008-полкі 2-батальоны 5-ротасының взвод командирі болып тағайындалды.

Берлиндегі ерлік

1945 жылы 29 сәуірде Кенжебай Мәденов Берлин үшін шайқаста қаһармандық пен батылдық танытты. Берлин операциясы кезінде оның взводына қаланың Рейхстагтан кейінгі ең маңызды әкімшілік орталығы - Ратушаның шатырына Қызыл ту тігу тапсырылған.

Бұл оқиға нацистік режим құлағанының нышандарына айналып, кеңес әскерінің рухын көтерді және шабуылдың одан әрі жалғасуына ықпал етті.

Мәденовтің ерлігі туралы Кеңес Одағының маршалы Георгий Жуков өзінің " Воспоминания и размышления" атты кітабында жазған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

"29 сәуірде қала орталығында қиян-кескі шайқастар жүріп жатты. Ратушаға 266-атқыштар дивизиясының 1008-атқыштар полкі мен 1010-полкі шабуыл жасады. Сол шабуылдың куәгерлерінің айтуынша, осы дивизияның сарбаздары қаһармандық көрсетті. Ол жерге лейтенант К.М. Мәденовтің взводы бірінші болып басып кірді. Ержүрек лейтенантпен бірге Н. Кондрашев пен басқа да жауынгерлер батыл қимылдады. Олар ғимараттың вестибюльдері мен дәліздеріне қол гранаталарын лақтырды. Әр бөлмені шайқаспен алуға тура келді", - деп жазды Жуков.

5-ші соққы беруші армияның Әскери кеңесінің мүшесі, генерал-лейтенант Федор Боков "Весна Победы" кітабында да Ратушаға жасалған шабуылды сипаттаған.

"Шабуыл кезінде Ратушаға бірінші болып кірген лейтенант К.М. Мәденовтің сарбаздары ерекше көзге түсті. Қызыл Армия сарбаздары К. Крютченко, Н. Кондрашов және И. Кашпуровский шайқастың алғашқы минуттарында қырықтан аса фашистің көзін жойды, ал лейтенант Мәденов қоян-қолтық айқаста өзіне тап берген фашисті қанжар сұғып өлтірді", - делінген кітапта.

Ерлікке тағзым

Кенжебай Мәденовтің қолбасшылығындағы взводтың ерлігі КСРО Қарулы Күштері министрлігі 1948 жылы басып шығарған "Штурм Берлина" кітабында да баяндалған. Ратуша үшін шайқас туралы Мәденовтің өзі де жазған - оның материалы 1970 жылы 6 маусымда "Коммунистік Қазақстан" журналында жарық көрді.

Мәденовтің есімі 1985, 1993 және 2004 жылдардағы "Қазақстан тарихы" мектеп оқулықтарында аталды. Оның ерлігі туралы неміс журналистері Клаус Похе мен Ганс Олива "Түн аяқталғанда" кітабында да жазған.

Соғыстан кейін Кенжебай Мәденов ҚазКСР МҚК-нің Батыс Қазақстан және Гурьев облыстары бойынша органдарында қызмет етті. Оның қызметі 1950 жылдан 1974 жылға дейін жалғасты. Ол 1974 жылы 26 желтоқсанда қайтыс болды.

2001 жылғы желтоқсанда Атырау облысы бойынша ҰҚКД ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды. 2005 жылы Атырау қаласында Кенжебай Мәденовтің есімі бір көшеге берілді.

"Халық қаһарманы" атағын беру Кенжебай Мәденовтің есімін және оның Берлинді алу кезіндегі ерлігін мәңгі есте қалдыру жолындағы тағы бір қадам болды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Мамыр 2026 12:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары