Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Жаңа Конституцияның жобасын талқылау процесі ашық өтіп жатыр Елнұр Бейсенбаев

Жаңа Конституцияның жобасын талқылау процесі ашық өтіп жатыр Елнұр Бейсенбаев

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгінде жаңа Конституция жобасы тек комиссияда ғана емес, қоғамда да қызу талқыланып жатыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының нақты іске аса бастағанының дәлелі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутат жаңа Конституция жобасына енгізілген  бірқатар өзгеріске жұртшылық тарапынан ерекше қызығушылық туындап отырғанын атап өтті.

– Атап айтқанда, Ата Заңның преамбуласына Қазақ елінің Ұлы дала төсіндегі сан ғасырлық мемлекеттілігінің сабақтастығы шегелеп көрсетілген. Осы басты идея Конституцияның өн бойында желі тартып жатыр.

Сондай-ақ сақ, ғұн дәуірінен тамыр тартқан, Түркі қағанатында кеңінен қанат жайған, Дешті Қыпшақ, Ұлық ұлыс, Қазақ хандығына ұласқан, алғашқы хандарымыз Керей мен Жәнібектен қалған мемлекеттілік дәстүрімізде ерекше орын алған Құрылтай шақыру үрдісі қайта жаңғыртылып отыр. Жоғары заң шығарушы орган – Құрылтай атанды. Бұл да – тарихи сабақтастық әрі ерекше оқиға, – деді Елнұр Бейсенбаев.

Сонымен қатар  Мәжіліс депутаты Конституция жобасының 4-бабында: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі – халық» деп нақтыланғанын атап өтті. 

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформалар жұртшылықтың елдік істерге қатысуын күшейте түсті. Қоғам саяси процестерге белсенді араласа бастады. Мұны қазіргі Конституция жобасы бойынша да талқылаулардан анық көріп отырмыз. 

Ең маңыздысы – талқылау процесі ашық өтуде. Ол тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Талқылауға әртүрлі буын өкілдері, түрлі мамандық иелері мен алуан көзқарастағы азаматтар қатысуда. Біз пікір айтуға қарсы емеспіз. Сынға да ашықпыз. Сұрақ қою – азаматтардың заңды құқығы. Міне, осы процестер биліктің қаншалықты ашық әрі әрбір ұстанымын өз халқымен тікелей тақылауға дайын екенін көрсетеді, – деді депутат.

Осы ретте, «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде конституциялық реформаны іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Жаңа Конституция жобасы жарияланған күні Фракция арнайы отырыс өткізді. Жиында Әділет министрі мен Конституциялық реформа комиссия мүшелерінің түсіндірмесін тыңдап, маңызды құжат жан-жақты талқыланды. Айта кету керек, 130 комиссия мүшесінің 21-і  – Мәжіліс депутаты. 

– Біз жаңа Конституция жобасын жан-жақты саралап, әр нормасын жеке-жеке зерделеп, оның ел болашағы үшін маңызы мен мәнін жете таразылап, саналы түрде қолдадық. Өйткені бұл реформа қоғамның әділеттілікке, тәртіпке және тұрақтылыққа деген сұранысынан туындап отыр.

Басты мәселе – өткен кемшіліктерге жол бермеу. Сондықтан 2-баптың 1-тармағында жаңа Конституцияның басты қағидасы былайша нақты жазылған: Қазақстан Президенттік республика болып қала береді және Мемлекет басшысы биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді. Ел Президенті мемлекет пен елдің болашағы үшін, қабылданған шешімдер үшін басты жауапкершілік алады. Бұл артықшылық емес, бұл – ең жоғары жауапкершілік, – деді Елнұр Бейсенбаев.

Жобада 43-баптың 1-тармағында Президент жеті жылдық мерзімге бір рет сайланатыны көрсетілген. Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бұл – биліктің монополиялануына жол бермейтін айқын норма.

– 43-баптың 5-тармағында: «осы баптың 1-тармағының ережелері өзгермейді» деп нақты көрсетілген. Осылайша, «мәңгілік билік» туралы әңгімеге нүкте қойылады. Сондай-ақ  дәл осындай бір мерзімдік шектеу Конституциялық сот судьяларына, Жоғарғы сот төрағасына және Бас прокурорға да белгіленген. Бұл – халық алдындағы жауапкершілік пен әділеттілік принциптерінің мызғымастығын білдіреді.  

Тағы бір маңызды норма – 45-баптың 3-тармағында көрсетілген: Президенттің жақын туыстары саяси немесе басқару лауазымдарын атқара алмайды. Дамыған елдерде де Президенттің туыстары кейде жоғары лауазымдарға келгенін көреміз. Мұндай мысалдар әлемде де, посткеңестік елдерде де кездеседі. 

Біз өткенді жоққа шығармаймыз, бірақ одан сабақ аламыз. Қазақстан мемлекеттік қызметті отбасы мүддесіне айналдыруға жол бермейтін нақты ережелер енгізіп жатыр.

Бұл шешімді біз 2022 жылғы референдумда қабылдадық және жаңа Конституция жобасында оны тағы да бекітеміз, – деп нақтылады Елнұр Бейсенбаев.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 17:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары