Жаңбыр, бұршақ жауады: 2 мамырға ауа райы болжамы
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазгидромет 2 мамырға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, сенбі күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар бірқатар өңірде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді. Ал елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Еліміздің солтүстік және батыс бөліктерінде түнде үсік жүреді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-2 градус үсік болады.
Еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерінде өрт қаупі жоғары, ауа райы құбылмалы болады. Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жоғары өрт қаупі жарияланды. Ал Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:17
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 22:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















