Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жас Бүркіт : 5573 әскери бөлімінде 20 дан астам жас әскери патриоттық тәрбие алып жатыр

Жас Бүркіт : 5573 әскери бөлімінде 20 дан астам жас әскери патриоттық тәрбие алып жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Осы мақсатта Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің базасында «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүгінде клуб құрамында 20-дан астам ұл-қыз тәрбиеленіп, әскери-патриоттық бағыттағы түрлі іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

Әскери бөлім аумағына аяқ басқан жасөспірімдер үшін әрбір сабақ – жаңа әсер мен жаңа білімнің бастауы. Мұнда олар әскери қызметтің қыр-сырымен танысып қана қоймай, тәртіп, жауапкершілік, ұйымшылдық және Отан алдындағы борыш секілді ұғымдардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік алады.

«Жас Бүркіт» клубының тәрбиеленушілері әскери бөлім базасында тұрақты түрде теориялық және практикалық сабақтарға қатысады. Жасөспірімдер саптық дайындықтың бастапқы элементтерін меңгеріп, дене шынықтыру және әскери-қолданбалы дайындық бағыттарында өз білімдері мен шеберліктерін шыңдайды. Сонымен қатар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери қызметшілердің күнделікті еңбегіне куә болады.

Клуб жұмысының тағы бір маңызды бағыты – патриоттық тәрбие. Жас бүркіттіктер мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, тарихи-танымдық кездесулерге, әскери-патриоттық акциялар мен спорттық сайыстарға тұрақты түрде қатысады. Ел тарихындағы айтулы даталарға арналған іс-шараларда жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін тағылымды кездесулер ұйымдастырылады.

Мұндай шаралардың барлығы жастардың бойында елге деген құрметті қалыптастырып, туған жердің қадірін түсінуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға және азаматтық жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.

5573 әскери бөлімінің тәрбие жұмысы барысында жас ұрпақпен тығыз байланыс орнатуға ерекше мән беріледі. Әскери қызметшілер мен жасөспірімдер арасындағы кездесулер барысында Отан қорғау, әскери антқа адалдық, жауынгерлік жол және ел тыныштығын қамтамасыз етудің маңызы туралы кеңінен түсіндіріледі.

5573 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары, подполковник Аслан Оразалин клуб жұмысының маңыздылығына тоқталды.

«Жас Бүркіт» әскери-патриоттық клубының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ел алдындағы жауапкершілікті және азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Біз балалардың әскери қызмет туралы тек сырттай естіп қана қоймай, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысқанын қалаймыз.

Бүгінде клубта 20-дан астам ұл-қыз тәрбиеленіп келеді. Олардың әр іс-шараға белсенді қатысып, жаңа білімге қызығушылық танытып жүргені қуантады. Әскери-патриоттық тәрбие – бір күндік жұмыс емес. Бұл – жас адамның тұлға болып қалыптасуына бағытталған жүйелі процесс. Біздің мақсатымыз – болашақта қай саланы таңдаса да, елінің нағыз патриоты болатын азаматтарды тәрбиелеуге өз үлесімізді қосу», – деді подполковник Аслан Оразалин.

Клуб мүшелері үшін әскери бөлімдегі әрбір кездесу – өзін-өзі дамытуға берілген мүмкіндік. Бірі әскери мамандықтарға қызығушылық танытса, енді бірі спорттық бағытта өз қабілетін шыңдайды. Ал барлығына ортақ мақсат – өз еліне пайдасын тигізетін азамат болу.

Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдердің бойындағы батылдық пен табандылықты ғана емес, өзара сыйластық пен командалық рухты да қалыптастырады. Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша ұйымдастырылатын жарыстар мен түрлі эстафеталар балаларды қиындықты бірге жеңуге, бір-біріне қолдау көрсетуге және ортақ нәтижеге ұмтылуға үйретеді.

«Жас Бүркіт» клубының жұмысы арқылы жасөспірімдер әскери қызметтің сыртқы қырларымен ғана емес, оның ішкі құндылықтарымен де танысады. Себебі әскери қызмет – ең алдымен тәртіп пен жауапкершілікті, адалдық пен табандылықты талап ететін қасиетті міндет.

Бүгінгі жас бүркіттіктер – ертеңгі ел азаматтары. Олардың арасынан болашақта әскери қызметші ғана емес, түрлі саланың білікті мамандары шығуы мүмкін. Ең бастысы – олардың жүрегінде туған елге деген сүйіспеншілік пен Қазақстанға қызмет етуге деген азаматтық ұстаным қалыптасуы.

5573 әскери бөлімінің тілшісі

Лейтенант Айгерім Балтабаева

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 15:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары