Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Жас Мәмбетәлінің портреті

Жас Мәмбетәлінің портреті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Суреттің төменгі жағына «Мамбеталы Сердали оглы» деген белгі қойылыпты. Оның астына төте жазумен есім-сойын қайталап жазыпты. Суретті алдымен түрлі-түсті қарындашпен салып, кейін акварельмен өңдегені байқалады. Мәмбетәлінің Петерборда оқып жүргенде Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Жаһанша Сейдалинмен бірге түскен суреті бар. Сол секілді Лондонда түскен делінетін, беліне кісе белдік байлап, басына биік қара қалпақ киіп, иығына желбегей шапан жамылып түскен тағы бір тамаша суреті белгілі. Осы фотосуреттермен салыстырып қарап едік, ұқсастығы бірден байқалды. Суреттің төменгі бұрышында көк сиямен жазылған «Кокчетав. 1885 г. Д.Р» деген белгі бар. Ал оның астында ұсақ әріптермен «Молодой киргиз, из богатой семьи, ученик технич. уч. в Омске» деп жазылыпты. Осы деректердің өзі-ақ суреттегі жастың Мәмбетәлі екенін растап тұр.

Алдымен «Кокчетав. 1885 г. Д.Р» деген жазудан бастайық. Мәмбетәлі – Көкше өңірінің нар тұлғасы. Ол 1865 жылы Көкшетау уезiнің Шалқар болысында дүниеге келген. Қазіргі уақытта бұл жер Солтүстiк Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарайды. Сонымен қатар суреттің 1885 жылы салынғаны көрсетілген. Бұл кезде Мәмбетәлі 20 жаста. Ал Д.Р дегені картина авторы Дмитрий Руднев болса керек.

Енді «Молодой киргиз, из богатой семьи» деген ақпаратқа келейік. Бұл да рас мәлімет. Мәмбетәлі ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Сердалы Мырзалыұлы білімді де өнерлі азамат болған. Сол секілді «ученик технич. уч. в Омске» деген ақпарат та шындыққа саяды. Себебі Мәмбетәлі 1884 жылы Омбыдағы техникалық училищеге қабылданды. Осы училищеде Әлихан Бөкейхан да оқығаны белгілі. Әлихан мен Мәмбетәлі сыйлас досқа айналды. Әлихан секілді Мәмбетәлі де қазақтың жоғын жоқтады. «...Кең жазирамды өте жақсы көремін де, елімнің мүддесін жоғары қоямын және ғазиз далама қандай да болсын қауіп төнгенін көргенімде жүрегім қанға боялады», деген сөзі – соның айғағы.

Мәмбетәлі Петерборда оқып жүргенде саяси белсенділігімен танылды. Кейін кәсіппен, нақты айтқанда алтын өндірумен айналысып, қазақ азаматтарын қаржылай қолдады. Зерттеуші Саят Ыбырайдың жазуын­ша, ол Сібірге айдалған Науан хазіреттің елге оралуына көмектесіпті. Сондай-ақ өмірінің соңғы жылдарында Ақан серіні өз қамқорлығына алып, Үкілі Ыбырайды Петерборға консерваторияға апарып, Алаш қайраткері Айдархан Тұрлыбаевтың саяси істермен айналысуына жәрдем берген азамат 1914 жылы 49 жасында ауырып дүние салған екен.

Мәмбетәлінің жоғарыдағы пор­треті құнды визуалды деректердің бірі деуге болады. Сурет бетіндегі әрбір белгі қайраткердің өмірбаянын нақтылай түсіп, оның жастық шағынан сыр шертеді. Сондықтан мұндай сирек мұраларды зерттеп, ғылыми тұрғыдан зерделеу Алаш тарихының ақтаңдақтарын толықтыруға қызмет ететін маңызды іс деп білеміз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 09:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары