Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жастар мессенджерлерді, аға буын теледидарды таңдайды ҚҚДИ зерттеуі

Жастар мессенджерлерді, аға буын теледидарды таңдайды ҚҚДИ зерттеуі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ақпарат алудың негізгі арналары ретінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер көш бастап тұрғанымен, 2026 жылдың III тоқсанында қазақстандық телеарналарға деген сенім деңгейі айтарлықтай артқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Қазақстанның қоғамдық даму институты жүргізген зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.

Респонденттердің ең көп үлесі олар сенетін ақпарат көзі ретінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі таратулар мен жарияланымдарды көрсетеді – 39,1%.

Екінші орында қазақстандық телеарналар тұр – 33%. Биылғы жылдың II тоқсанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,3 пайыздық тармаққа өскен. Бұл ақпарат көздеріне деген сенім құрылымындағы ең елеулі өзгерістердің бірі болды.

Сонымен бірге қазақстандық қоғамда ақпарат алудың бейресми арналарына деген сенім де сақталып отыр: сауалнамаға қатысқандардың 16%-ы достарына, әріптестеріне және туыстарына сенетінін атап өткен. Ешбір ақпарат көзіне сенбейтін респонденттердің үлесі 15,5%-ды құрады.

Халықаралық ақпарат агенттіктерінің сайттарына респонденттердің 9,2%-ы сенім білдірсе, 4,8%-ы радио арқылы берілетін ақпаратқа, 5%-ы баспа басылымдарындағы ақпаратқа сенім білдіреді.

Зерттеу нәтижелері цифрлық арналардың дамуы дәстүрлі медианың біржақты ығыстырмағанын көрсетті. Керісінше, ақпаратты тұтынудың гибридті моделі қалыптасып келеді. Бұл модельде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер телевидение және ресми онлайн-ресурстармен қатар қолданылады.

Тұрғылықты жері бойынша көрсеткіштер де назар аударуға тұрарлық. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге деген сенімі қала тұрғындарына қарағанда жоғары – 45,4% және 35,5%. Сонымен бірге ауыл тұрғындары қазақстандық телеарналарды да жиірек атап өткен – 35,6%, ал қала тұрғындары арасында бұл көрсеткіш 31,4%-ды құрады. Бұл цифрлық және дәстүрлі ақпарат арналарының бір-бірімен бәсекелесіп қана қоймай, халықтың күнделікті ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде бірін-бірі толықтыра алатынын көрсетеді.

Жас ерекшелігі бойынша көрсеткіштер әлемдік үрдістерге сәйкес келеді: респонденттер неғұрлым жас болған сайын, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ақпаратқа соғұрлым жиі сенім білдіреді. Атап айтқанда, 18-28 жас аралығындағы респонденттер арасында бұл көрсеткіш 48%-ды құраса, 61 жастан асқан респонденттер арасында 26,9%-ға тең. Сонымен қатар аға буын өкілдері жастармен салыстырғанда қазақстандық телеарналарға дәстүрлі түрде көбірек сенім білдіреді. Бұл көрсеткіштер тиісінше 43,8% және 26,8%-ды құрады.

Бұл ретте теледидар кең ауқымды әлеуметтік аудиторияны сақтайды: қазақстандық телеарналарға деген сенім деңгейі барлық білім беру топтарында 30%-дан асады. Ең жоғары көрсеткіш кәсіптік-техникалық білімі бар респонденттер арасында тіркелді – 35,3%.

Білім деңгейі цифрлық және ресми ақпарат көздерін таңдауға едәуір ықпал етеді. Білім деңгейі жоғарылаған сайын әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге сенім білдіретіндердің үлесі орта білімі бар респонденттер арасындағы 35,5%-дан жоғары білімі бар респонденттер арасында  43,4%-ға дейін өседі. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарына деген сенім де тиісінше 10,3%-дан 17,7%-ға дейін артқан.

Жалпы алғанда, халықтың ақпарат көздеріне деген сенім құрылымы тұрақты болып қалуда. Алайда жекелеген ақпарат көздеріне деген сенім деңгейі жас және білім ерекшеліктеріне қарай сараланады. Жастар мен білім деңгейі жоғары респонденттер цифрлық және ресми онлайн-ресурстарға көбірек сенім білдірсе, жас ұлғайған сайын дәстүрлі медиаға деген сенім арта түседі.

Сонымен бірге қазақстандық телеарналарға деген сенімнің өсуі цифрлық медианы тұтыну ауқымы кеңейген жағдайда да дәстүрлі медианың қоғам үшін маңызын сақтап отырғанын көрсетеді. Қазіргі ақпараттық ортада бір арнаны екіншісімен алмастыру емес, әртүрлі дереккөздердің халықтың әртүрлі топтарының ақпараттық қажеттіліктеріне сенімділік пен жауап беру қабілеті шешуші болып саналады.

«Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары бойынша тоқсан сайынғы сауалнама» 2026 жылдың ІІІ тоқсанында Қазақстандық қоғамдық даму институты жеке сұхбат әдісімен өткізілді, іріктемелі жиынтық – 18 және одан жоғары жастағы 2 400 респондент. Зерттеу жүргізу аумағы – республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалалары, 17 облыс орталығы, сондай-ақ ауылдық елді мекендер. Сауалнама 2026 жылдың 1-16 тамызы аралығында жүргізілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 15:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары