Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жастардың жұмыссыздығы: AMANAT партиясының мүшелері ресми статистика мен нақты жағдай арасындағы алшақтықты талқылады

Жастардың жұмыссыздығы: AMANAT партиясының мүшелері ресми статистика мен нақты жағдай арасындағы алшақтықты талқылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы ресми жұмыссыздық көрсеткіші 4,6%-ды құрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Яғни елімізде 451 515 адам жұмыссыз жүр. Алайда 11,5 миллион еңбекке қабілетті азаматтың 5,2 миллионы ресми тіркелмеген жұмыспен айналысады немесе мүлдем жұмыс істемейді. Осы жағдай «AMANAT» партиясының Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесінде талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялған болатын. Осы орайда Астанада «Жұмысшы мамандықтары жылы: еңбек нарығындағы жастар мәселесі» тақырыбы талқыланды. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, сарапшылар және қоғам белсенділері қатысты.  

Жиынды ашқан Мәжіліс депутаты, Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңес төрағасы Нартай Сәрсенғалиев еңбек нарығындағы ресми статистика мен нақты жағдай арасындағы алшақтыққа назар аударып, жастарды жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі төмен екенін атап өтті.

«Еңбек нарығындағы ресми деректер шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстанда еңбекке қабілетті адамдар саны 11,5 млн болса, оның 5,2 млн-ы ресми тіркелмеген немесе заңсыз жұмыспен айналысады. Осыдан-ақ Қазақстан халқының 4,6 пайызы жұмыссыз деген ресми деректің шындыққа сәйкес келмейтінін көруге болады. Осы мәселені шешу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырып отырған субсидиялық бағдарламалардың тиімділігі төмен: 2024 жылы 180 мың адамға қаражат бөлінсе, оның тек 26 мыңы ғана тұрақты жұмысқа орналасты. Сол сияқты «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысқан 33,3 мың жас қазақстандықтың тек 7,4 мыңы ғана тұрақты жұмыспен қамтылған. Биылғы жыл жұмысшы мамандықтарына арналғанымен, жастар бойынша нақты нәтижелер мен әлеуметтік қолдау әлі де жеткіліксіз», – деді ол.

Бұл ретте «AMANAT» партиясының Хатшысы Александр Данилов еңбек нарығындағы жастардың үлесін арттыру бағытында партия тарапынан атқарылып отырған негізгі жұмыс туралы баяндады.

«Жұмысшы мамандықтары жылы» – еліміздегі жұмысшы жастардың мәртебесін көтеруге, өндіріс өкілдеріне деген құрметті арттыруға бағытталған кешенді бастама. «Жұмысшы жастар аманаты» жобасы аясында өңірлерде форумдар мен еңбек нарығының өзекті мәселелерін ашық талқылау алаңдары ұйымдастырылды. Атырау қаласында өндірістік мәселелер көтерілді, Жамбыл облысында жас мамандар сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне қатысты сұрақтарды талқылады. Ал Шымкент қаласындағы форумдар жас мамандардың жоғары әлеуетін, олардың біліктілігін және кәсіби дамуға деген дайындықтарын көруге мүмкіндік берді. Партия қосымша білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету және жұмысшы жастарға жаңа әлеуметтік лифт қалыптастыру бағытында кәсіпорындардағы жастар кеңестерімен өзара жұмысты жалғастырады», – деді ол.  

Партия Хатшысы «AMANAT» партиясы жыл бойы ел аумағында «Жастарға жұмыс» жобасы арқылы кең көлемді бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізгені туралы айтты. Нәтижесінде, 5000-нан астам жас тұрақты жұмысқа орналасуға ұсыныс алды. Оның айтуынша, жоба аясында өндіріс орындарында жастар қозғалыстарын дамыту, волонтерлік, спорттық және білім беру бастамаларын кеңейту, жастардың қоғамдық өмірге қатысуын күшейту бағытында ұсыныстар жинақталып, жүйелі жұмыс басталған. Сондай-ақ ол «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастыруымен биыл 5-рет өтетін «РУХТАСТАР» жастар сыйлығының маңызын да атап өтіп, әсіресе «Ыстық қайрат» номинациясы еңбек адамын дәріптеуге айрықша үлес қосып отырғанын айтты.

Өз кезегінде Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Келешек» бағдарламасы іске қосылып, екінші деңгейлі банктер арқылы 50 мыңнан астам шот ашылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ата-аналардың балалар келешегін жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Білім беру бағдарламаларының мазмұны кәсіби стандарттар негізінде әзірленіп отыр. Бүгінде жоғары білім саласында 8 мыңнан астам бағдарлама бар. Олардың 87 пайызы еңбек нарығының талабына сай жаңартылды. Аймақтарда «Мамандығым – болашағым» жобасы жүзеге асырылып, өңірлік салалық атластар әзірленуде. Биыл 14 өңірде 27 сала бойынша атластар жаңартылып, 500-ден астам жаңа кәсіп айқындалды», – деді ол.

Сонымен қатар жиынға қатысқан қоғам белсенділері жастарды еңбек нарығына дайындауға байланысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Еркін пікір алмасу форматында өткен талқылауда қатысушылар еңбек дағдыларын қалыптастыру, кәсіби бағдар беру және жастарға арналған әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру жөніндегі бастамаларды талқылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 18:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары