Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Жауапкершілік конституциялық норма ретінде: егемендік, адам құқықтары және қаржыландырудың ашықтығы

Жауапкершілік конституциялық норма ретінде: егемендік, адам құқықтары және қаржыландырудың ашықтығы

Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – Конституциялық комиссияның ашық әрі мазмұнды жұмысының нәтижесі және қоғамның егемендікті нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға және мемлекеттің жауапкершілігін арттыруға деген сұранысын көрсетеді. Бұл туралы Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Снежанна Имашева мәлімдеді.

Оның айтуынша, Конституциялық комиссияның алты отырысында парламенттік реформалар ғана емес, азаматтардан, сарапшылар қауымы мен азаматтық қоғам институттарынан түскен барлық ұсыныс жан-жақты талқыланды. Бұл ретте қоғамның басты назары Конституцияның негізгі қағидаттары мен оның құндылықты мазмұнына ауды. 

С. Имашева атап өткендей, Преамбуланың жаңа редакциясы ерекше маңызға ие. Өйткені дәл осы бөлім біз кімбіз, қайдамыз және мемлекет ретінде қай бағытта дамып келеміз деген іргелі сұрақтарға жауап береді. Айтуынша, қабылданған нұсқа елдің болашақ дамуының стратегиялық бағдарларын нақты көрсетеді және қоғам тарапынан оң бағасын алып үлгерді.

Сонымен қатар, Конституция жобасында Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі қағидаттары едәуір күшейтіліп, кеңейтілген. Онда мемлекеттің унитарлық сипаты, президенттік басқару нысаны, сондай-ақ халықтың егемендік иесі әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі екені нақты бекітілген. Бұл нормалар өзгермейтін құндылықтар қатарына жатқызылып, Ата заңның алғашқы баптарына енгізілген.

Өз сөзінде Снежанна Имашева коммерциялық емес ұйымдарды шетелден қаржыландырудың ашықтығына ерекше назар аударды.

«Жаңа Конституцияда шет  мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан қаржы алатын үкіметтік емес ұйымдардың ақшасы мен активтерінің қозғалысы ашық болуы тиіс деген норма бекітіледі. Қоғам мен мемлекет шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың қандай көлемде және кімнің мүддесі үшін жұмыс істеп жатқанын білуі қажет. Бұл конституциялық норма ашықтықты қамтамасыз етуге және ұлттық мүддені қорғауға бағытталған», – деп атап өтті ол.

Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы айта келе, Имашева Конституция жобасы Қазақстан ратификациялаған халықаралық пактілерді және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қоса алғанда, халықаралық деңгейде мойындалған актілердің талаптарын барынша ескеретінін айтты. Құжатта өмір сүруге абсолютті құқық, жеке басқа тиіспеу, «Миранда ережелері», цифрлық дәуір жағдайында жеке деректерді қорғау, сондай-ақ қылмыстық процесте жеке бостандық кепілдіктерін күшейту нақты бекітілген.

Маңызды жаңалықтардың бірі – қос және көп азаматтыққа тыйым салуды конституциялық деңгейде нақты бекіту. Жобаға сәйкес, басқа мемлекеттің азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады.

Депутаттың айтуынша, сөз бостандығына қатысты бөлім қоғамда ерекше талқыланған. Конституцияға пікір білдіру және ақпарат тарату бостандығы басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығына, адамгершілікке және қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуі тиіс деген норма енгізілген.

«Қазір әр адам ақпарат таратушыға айналды. Интернеттегі қудалау, қорлау мен кемсіту кей жағдайда, әсіресе балалар арасында қайғылы салдарға әкеліп жатады. Мен әрі қарай да қысым көруге дайынмын, бірақ бұл норманы қалдыруымыз қажет. Адамның іс-әрекеті мен шешімдерін сынауға болады, бірақ қорлауға болмайды. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті конституциялық құндылық болуы тиіс», – деді Снежанна Имашева.

Сонымен қатар, Конституцияда банктік құпия мен жеке салымдарды қорғау кепілдіктері, сондай-ақ мемлекеттің зайырлылық қағидаты және діннің мемлекеттік биліктен бөлінуі бекітілген.

Сөз соңында депутат жаңа Конституция жобасындағы жаңашылдықтар қоғам мен мемлекеттің стратегиялық даму міндеттеріне сай келетінін, адам құқықтарын толық іске асыруға жағдай жасап, заң үстемдігін нығайтатынын атап өтті.
 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 21:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see165

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see153

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see152

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see150

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see148

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see144

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see143

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see138

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see134

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see134

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see131

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see129

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see125

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see124

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see123

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары