Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

SARAP алаңында ғылыми технологиялық егемендік мемлекет дамуының конституциялық басымдығы ретінде талқыланды

SARAP алаңында ғылыми технологиялық егемендік мемлекет дамуының конституциялық басымдығы ретінде талқыланды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

20 ақпан күні Астанада «Ғылыми-технологиялық егемендік – мемлекет дамуының конституциялық басымдығы» атты «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдум қарсаңында ғылыми-технологиялық егемендіктің мемлекеттің дербестігі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайтудағы рөлі талқыланды.

Негізгі назар ғылыми тәсілдерді қайта зерделеуге, ғылымды басқару жүйесін жетілдіруге, қаржыландыру тетіктерін жаңғыртуға және жас зерттеушілерді қолдауға аударылды. 

Отырысқа ғылыми қауымдастық, зерттеу ұйымдары және жас ғалымдар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Іс-шараға Қазақстандық қоғамдық даму институты Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым модератор болды. 

«Ғылыми-технологиялық егемендік – бүгінде дамудың стратегиялық бағыты ғана емес, мемлекеттілікті конституциялық тұрғыда нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі. Елдің бәсекеге қабілеттілігі мен ұзақ мерзімді, орнықты дамуы ғылым, білім және өнеркәсіп салаларында қабылданатын институционалдық шешімдердің сапасына тікелей байланысты», - деді ол.

Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов отандық тарихтың жекелеген аспектілері жөнінде қалыптасқан түсініктерді қайта қарау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ баламалы дереккөздер мен шетелдік зерттеулерді тарту арқылы историографиялық базаны кеңейтудің маңызына тоқталды. Ол ғылыми сараптамадағы субъективтілік мәселесін де көтеріп, адами фактордың ықпалын азайту мақсатында жобаларды іріктеу мен бағалаудың автоматтандырылған алгоритмін енгізуді ұсынды.

Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығының төрағасы Светлана Кожирова Қазақстан ғылымының стратегиялық әлеуетіне тоқталды. Ол өз баяндамасында Қазақстан туралы шетелдік ғылыми жарияланымдарға шолу жасап, онда еліміздің ядролық ғылым, стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар (критикалық минералдар), аграрлық зерттеулер және цифрлық шешімдерді дамыту салаларындағы берік әрі бәсекеге қабілетті позициясы кеңінен атап өтілетінін жеткізді. 

«Young Researchers Alliance» ҚБ төрағасы Әсия Ермұхамбетова ғылыми қызметтің кадрлық өлшеміне ерекше назар аударды. Ол зерттеулердің ұзақ мерзімді сипатының маңызын атап өтіп, көп жағдайда жобалар кемінде 3 жылға есептелетінін айтты. Осыған байланысты зерттеу ұжымдарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы реттеуші және конкурстық тетіктерді қайта қарау қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ жас ғалымдардың мансаптық траекториясының айқын болмауы мен еңбек жағдайларының тұрақсыздығы мәселесі қозғалды. Сарапшы «бұл факторлар 30 жасқа дейінгі мамандардың ғылым саласына келу қарқынын едәуір тежеп отыр» деген пікір білдірді. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Жас ғалымдар клубының төрағасы Эльмира Отар ғылымды басқарудың нормативтік архитектурасы қалыптасқанымен, практикалық тиімділігі рәсімдік және ұйымдастырушылық олқылықтарға байланысты шектеулі болып отырғанын айтты. 

Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары да ғылым саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсынысын ортаға салып, оның конституциялық мәртебесін нығайтудың маңызын атап өтті. Ұсыныстар қатарында сараптама рәсімдерін автоматтандыру, ғылыми нәтижелерді бағалау критерийлерін зерттеу бағыттарына қарай саралау, сондай-ақ зерттеушілер үшін кәсіби дамудың ашық әрі түсінікті модельдерін қалыптастыру шаралары айтылды.

Пікірталас соңында қатысушылар ғылыми-гуманитарлық және ғылыми-технологиялық егемендікті нығайту кешенді тәсілді талап етеді деген ортақ пікірге келді. Атап айтқанда, историографиялық базаны кеңейту және академиялық тұжырымдамаларды жаңарту, конкурстық рәсімдердің ашықтығын арттыру, сондай-ақ тұрақты әрі тиімді ғылыми инфрақұрылым қалыптастыру қажеттігі атап өтілді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Ақпан 2026 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары