Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылды

Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қарағанды мен Ұлытау облысындағы түзеу мекемелерінде екі мыңға жуық  жазасын өтеуші еңбек етіп, табыс тауып жүр. Бүгінде колония аумағында кәсіпкерлермен арадағы келісім-шарт негізінде 59 кәсіпорын іске қосылған. 

Оларға жазасын өтеушілер ерікті түрде  жұмысқа орналасады. Бүгінде олар өндірістік цехтарда киім тігіп, металл бұйымдарын жасап, жарықдиодты шамдар құрастырады, тіпті саңырауқұлақ өсірумен де айналысады.

Долинка кентіндегі №30 түзеу мекемесіндегі мына саңырауқұлақ цехы бірнеше жылдан бері  табысты жұмыс істеп келеді. Өнім өңірдегі дүкендер мен базарларға тұрақты түрде жеткізіледі. Цехта алты адам еңбек етеді. Олар саңырауқұлақты тамшылата суару әдісімен өсіріп, шыққан өнімін жинап, кептіреді.  Жазасын өтеуші Руслан Ким бұл жұмыстың қыр-сырын меңгерген. Тапқан табысының бір бөлігімен талап-арыз бойынша кесілген қарызын өтеп жүр. Бұл алдағы уақытта шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына мүмкіндік береді.

Руслан Ким, жазасын өтеуші:

- Түзеу мекемесінде отырған 13 жылда пластик терезе жасауды, кірпіш құюды, саңырауқұлақ өсіруді, жарықдиодты шамдар құрастыруды, ағаш өңдеуді үйрендім. Мұның барлығы ертең өзім үшін керек дүниелер. Жұмыс істеген кезде уақыт та тез өтеді, ең бастысы – іштей тоқырау болмайды, керісінше дамисың, жаңа нәрселерді үйренесің. 

Бұл қатаң режимдегі түзеу мекемесіндегі мына цехта жарықдиодты шамның 15 түрі шығарылады. Дмитрий Ли жинақтаушы болып еңбек етеді. Ол бостандыққа шыққаннан кейін осы жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Дмитрий Ли, жазасын өтеуші:

 

- Үйге қайтуыма сегіз ай қалды. Сондықтан осында өзімді жақсы жағынан көрсетуге, тәртіп бұзбауға, жұмыс істеуге тырысып жүрмін. Мұнда жұмыс істеп, заң негізінде кесілген қарызымды өтеп жатырмын. Қалада осындай жарықшамдар шығаратын зауыттар бар. Солардың біріне жұмысқа орналассам деймін. 

Бүгінде бұл түзеу мекемесінің аумағында он кәсіпорын жұмыс істейді. Мұнда тігін цехы, сыпырғыш, есік, баспалдақ, темірбетон бұйымдары, полимер плиталар өндірісі бар. Жазасын өтеушілер жұмысқа «Еңбек-Қарағанды» РМК-ны арқылы орналаса алады.

Иосиф Гертель, «Еңбек-Қарағанды» РМК учаске бастығы:

- Бізбен жұмыс істеуге ниетті кәсіпкерлер өте көп. Өйткені оларға бұл тиімді. Себебі жұмысшылар, бостандықта жүргендей емес, жалақы алып, жоғалып кетпейді. Болашақта мұнда, жаңа цехтар ашу үшін  қосымша нысандар салу жоспарланып отыр. 

Жалпы Қарағанды облысы мен Ұлытау облысындағы түзеу мекемелерінде шамамен бес мың адам жазасын өтеп жүр. Олардың екі мыңға жуығы жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы 85 мың теңге. Табысымен талап-арыздар бойынша қарызын, алиментін өтейді. Қалғанын туыстарына беруіне, немесе өзінің арнайы шотына жинайды. 

Жүніс Әбдіқайыров, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары:

 - Бұның негізгі мақсаты –  қазіргі таңда түзеу мекемесіне сотталып келген азаматтарды жұмыс арқылы түзету. Оларды осы жұмысқа тарта отырып, өздерінің сотпен белгіленіп берілген атқару құжаттары болса, олар жеке тұлғаға болуы мүмкін, заңды тұлғаға болуы мүмкін және мемлекет пайдасына өндіру керек атқару парақтары болатын болса, соларды өндіріп және еңбек арқылы тәрбиелеп қайтадан қоғамға қосу.

Қарағанды мен Ұлытау облысы аумағындағы 10 түзеу мекемесі бар. Оларда 59 кәсіпкер жұмыс орнын ашқан. 

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қаңтар 2026 18:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары