Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

СҚО да жазасын өтеушілер ұлттық қолөнерді меңгеріп, ат әбзелдерін жасайды

СҚО да жазасын өтеушілер ұлттық қолөнерді меңгеріп, ат әбзелдерін жасайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

СҚО ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, №48 мекемеде ат әбзелдерін жасайтын арнайы цех ашылған. Сотталғандарды бұл кәсіпке шебер Владимир Осипов үйреткен. Ол бұл салада 12 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді және 2021 жылы өндірісті жолға қойып, жазасын өтеушілерді жұмысқа алды. Қазір цехта 11 адам жұмыспен қамтылған.

Фото: СҚО ҚАЖД

- Кәсіпті толық меңгерту үшін арнайы мамандарды шақырдым. Олар сотталғандарды тігуге және материалдармен жұмыс істеуге үйретті. Орта есеппен алғанда, бұл кәсіпті толық игеру үшін шамамен үш ай уақыт қажет, - дейді Владимир Осипов.

Сотталғандар ер-тоқым, жүген, ноқта, тізгін, үзеңгі, қамшы және басқа да қажетті бұйымдарды жасайды. Сонымен қатар былғарыдан белдік, қарғыбау да істейді.

Фото: СҚО ҚАЖД

- Бұл жұмыс үлкен ұқыптылықты, мұқияттылықты және төзімділікті талап етеді. Мәселен, бір белдікті дайындауға жарты күнге жуық уақыт кетсе, бір күнде алты жүгенге дейін жасауға болады. Дайын өнімдер тек СҚО-да ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде және шетелде де сұранысқа ие, - дейді кәсіпкер.

Фото: СҚО ҚАЖД

Жазасын өтеушілердің бірі бұрыннан қолөнерге жақын болған екен. Оның айтуынша, бала кезінде атасы қамшы өрген. Сотталғанға дейін әртүрлі салада тас қалаушы, ағаш шебері және дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Владимир Осиповтың цехына жұмысқа орналасқаннан кейін тері мен киізден бұйым тігуді үйреніп, қамшы өруді толық меңгеріп алды.

- Бұл жұмыс мен үшін тек табыс көзі немесе уақыт өткізу емес. Сапалы бұйымдар жасап, ұлттық дәстүрлерді сақтауға пайдам тисе екен деймін. Бостандыққа шыққанда да керек болады, - дейді сотталған.

Фото: СҚО ҚАЖД

Сонымен қатар өңір мекемелерінде ағаш өңдеумен де айналысады. Сотталғандар ұлттық нақыштағы бұйымдар - сандықтар, астау, үстелдер және басқа да тұрмыстық заттарды жасап, оларды қазақы ою-өрнектермен безендіреді. 

Мамандардың айтуынша, ұлттық қолөнерді дамыту сотталғандардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Ал алған білім мен тәжірибе бостандыққа шыққаннан кейін оларға жұмысқа орналасуға немесе жеке кәсіп ашуға негіз бола алады.

Фото: СҚО ҚАЖД

Жалпы №48 мекемеде шамамен 650 сотталған жазасын өтеп жатыр. Соның 415-і жұмыспен қамтылған. Мекеме аумағында алты жеке кәсіпкер сотталғандарды еңбекке тартып отыр.

Бұған дейін СҚО-да сотталғандарға көмек көрсететін ЖИ кеңесші іске қосылатынын жазған едік.

Фото: СҚО ҚАЖД
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 08:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары