Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жазушы Зейнолла Сәніктің туғанына 90 жыл

Жазушы Зейнолла Сәніктің туғанына 90 жыл

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Биыл этнограф-ғалым Зейнолла Сәніктің туғанына 90 жыл.

Мерейтойға орай Алматыда «Ата дәстүр, асыл сөз» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып, зиялы қауым өкілдері мен жас қаламгерлер жазушыны еске алды. Ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды.

Жазушы, фольклоршы, баспагер, этнограф, аудармашы Зейнолла Сәнік Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігі «арғы бетте» өтті. Қоғамдық жұмыстан бөлек, жазушылыққа ден қойған қаламгердің әр шығармасының өз тағдыры бар,- дейді драматург Нұрғали Ораз. Тіпті автордың өзінің тағдырына тікелей әсер еткен әңгімелері де бар.

Нұрғали Ораз, жазушы, драматург:

- «Қасқыр мен бөрібасар» деген әңгімесі кәдімгідей саяси қуғын көрген әңгіме екен. Саясат қызық қой, көркем шығарманы да бұрмалап алады. Сондай саяси айыптар тағылған екен. Шын мәнінде бұл адамгершілікті насихаттайтын, мейірімді, қайырымды болуды айтатын әңгіме ғой. Міне, осындай тағдырлы жазушы.

2000 жылы тарихи Отанына оралған Зейнолла Сәнік Алматы қаласына қоныстанып, үздіксіз шығармашылық, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Қазақтың этнографиясын зерделеп, оқырманға ұсынды.

Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

- Жазда Зейнолла Сәнік қоғамдық қайырымдылық қоғамымен бірігіп, Қазақстан Жазушылар одағы Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдап, экспедицияға шыққанбыз. Экспедицияның ең басты мақсаты Зейнолла Сәнік деген жазушының еңбектерін бүкіл Қазақстанға таныстыру. Этнографияның не екенін білдіру. Осы тұрғыда біз бүкіл аймақты аралап шықтық.

Жазушының 90 жылдығы аясында көркем шығармалардың халықаралық байқауы ұйымдастырылған болатын. Мерейтойлық кеште байқау жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Жүлдегерлердің қатарында 24КZ телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Азамат Әбілқайыр да бар. 

Азамат Әбілқайыр, 24KZ телеарнасы жаңалықтар жүргізушісі:

- Бұл не береді? Бұл түптеп келген кезде әдебиетке тамшыдай болса да үлес қосады. Әр жанрдың жеке жеке қанат қағуына серпін береді. Соның ішінде өзім қалам сілтеп жүрген балалар әдебиетінің елеп ескерусіз қалатыны жасырын емес. Оны тек кітап жүзінде емес анимация комикс түрінде де жарық көруі тиіс деп есептеймін. Өйткені қазіргі буын көптеген ақпаратты визуалды қабылдағаннан кейін ол балаға дайын дүние ретінде ұсынылуы тиіс.

Зейнолла Сәніктің шығармашылығын насихаттауға бағытталған экспедиция жұмысы туралы фильм түсірілуде. Сондай-ақ жазушының «Қазақ этнографиясы» кітабы орыс тіліне аударылмақ. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарымбаев

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 15:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары