Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл

Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Шоқан Уәлиханов Көкшетау өңіріндегі Сырымбет тауының баурайында, Шыңғыс сұлтан мен Зейнеп Шорманқызының отбасында дүниеге келген. Болашақ ғалымның қалыптасуына оның шыққан тегі мен ортасы ықпал етті.

Әжесі Айғаным — өз заманының көзі ашық, бірнеше тіл меңгерген, орыс мәдениетінің үлгісінде қоныс салдырған сауатты жан болған. Сырымбеттегі бұл қоныс өнер мен білім ордасына айналып, қазақ даласындағы зиялы ортаның қалыптасуына себеп болды.

Осындай мәдени ортада өскен Шоқан жастайынан зеректігімен көзге түсті. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбы кадет корпусында білім нәрімен сусындады.

Бұл оқу орнында ол орыс және батыс әдебиетімен, ғылыми жетістіктерімен танысып, бірнеше шет тілін меңгерді. Замандастары оның білімге деген ерекше құштарлығын және зеректігін атап өткен. 

Фото: zhusan.kz

Сол жылдары Шоқанның бойында зерттеушілік қабілет пен талдау дағдысы қалыптасты.
Оқу орнын аяқтағаннан кейін ол әскери қызмет атқара жүріп, ғылыми ізденісін жалғастырды.

Шоқан генерал-губернатор Гасфорд бастаған экспедиция құрамында қазақ даласы мен Жетісу өңірін аралап, халықтың тарихы мен әдет-ғұрпы туралы құнды материалдар жинады.

Кейін қырғыз жерінде болып, халық ауыз әдебиетінің інжу-маржаны саналатын «Манас» жырын алғаш хатқа түсіріп, әлемге танытты. Бұл еңбек түркі халықтарының мәдени мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеудің бастауына айналды.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Айбек Шалғымбековтің айтуынша, Шоқан Уәлиханов ағартушылықтың және ғылыми еркін ойдың символына айналып, бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтпаған мол ғылыми мұра қалдырған.

— Шоқан Уәлиханов Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия тарихында ойып тұрып орын алған энциклопедист-ғалым. Тарих, этнография, география, лингвистика, шығыстану, әскери іс және экология салаларында зерттеу жүргізіп, түркі халықтарының мәдениеті мен дәстүрі жайлы құнды еңбектер қалдырған. Орыс, араб, шағатай және басқа да тілдерді жетік меңгерген. Шығыс пен Батысқа қазақ мәдениетінің түп негізін танытып, арадағы рухани көпір бола білген ғалым. Замандастары оның еңбегін жоғары бағалаған, — деді Айбек Шалғымбеков.

Фото: Дарья Аверченко /Kazinform

Шоқанның ғылыми жолындағы ең ірі еңбектерінің бірі — Қашқарияға жасаған сапары. Ол саудагер ретінде жүріп, сол аймақтың тарихы мен этнографиясына қатысты бұрын беймәлім болған деректерді жинады.

Қауіп-қатерге толы бұл сапар нәтижесінде ғалымның аты Ресей мен Еуропа елдерінде кеңінен танылды. Оның еңбегі жоғары бағаланып, мемлекеттік марапаттарға ие болды. 

Шоқан Уәлиханов тек саяхатшы және этнограф қана емес, терең ойлы ағартушы болды. Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін, құқықтық жүйесін, ауыз әдебиетін ғылыми тұрғыдан талдап, ұлттық мәдениеттің байлығын дәлелдеді.

Қазақ өлеңін құрылымы мен мазмұнына қарай жіктеп, әдебиеттану ғылымының негізін қалады. Ғалым өз еңбектерінде халықтың дамуы үшін оның өзін-өзі басқаруы мен сот жүргізу жүйесін сақтау қажеттігін атап көрсетті.

Шоқан өз заманының әлеуметтік өзгерістерін терең түсінді. Халықтың білім мен ғылым арқылы өркениетке ұмтылуы — оның негізгі арманы болды. Петербургте болған кезінде ол орыс зиялыларымен, соның ішінде жазушы Федор Достоевскиймен жақын байланыс орнатты. 

Өмірінің соңғы жылдарын Жетісу өңірінде өткізген ғалым Алтынемел баурайында дүниеден өтті.
Шоқан Уәлихановтың мұрасы — ұлттық ғылым мен руханияттың байлығы. Оның еңбектері мен көзқарастары қазақ халқының білім мен өркениетке ұмтылуының символына айналды.

Еске салсақ, осыған дейін Шоқан Уәлиханов туралы монография алғаш рет итальян тілінде жарық көргенін жазғанбыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 13:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see179

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see161

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see159

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see157

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see156

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see155

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see155

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see155

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see154

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see154

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see153

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see153

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see152

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see152

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see151

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see151

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see150

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see150

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see150

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see149
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары