Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жеңгетай Айканың сыбайласы бостандыққа шықты

Жеңгетай Айканың сыбайласы бостандыққа шықты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ішкі істер министрлігі "жеңгетай" Айка деген атпен танымал элиталық эскорт-қызметтер желісін ұйымдастырушының сыбайласы бостандыққа шыққанын хабарлады. Tengrinews.kz тілшісі мән-жайды анықтады.

Ішкі істер министрлігі "жеңгетай" Айка деген атпен танымал элиталық эскорт-қызметтер желісін ұйымдастырушының сыбайласы бостандыққа шыққанын хабарлады. Tengrinews.kz тілшісі мән-жайды анықтады.

Түрме мерзімі айыппұлмен алмастырылды

Редакцияның сауалына берілген жауапта "жеңгетей" Айканың сыбайласы Т.-ның түзеу мекемесінен шыққаны айтылған. Ол 2024 жылы адамдар тобы болып жеңгетайлыққа жәрдемдескені үшін 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын (ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 309-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы).

Жазаның өтелмеген бөлігі айыппұлмен алмастырылған.

"Сауалда көрсетілген сотталушы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеді. Сот органдары жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сотталғандарға қатысты материалдарды қарау және шешім қабылдау тек соттың құзыретіне жатады", – деп хабарлады ІІМ редакция сауалына берген жауабында.

Бұл ретте ІІМ оның жазаның қанша бөлігін колонияда өтегенін және нақты қашан бостандыққа шыққанын нақтыламады.

Айка пробация шарттарын қалай сақтап жүр?

25 қарашада бостандыққа шыққаннан кейін қазақстандық "жеңгетай" Айка әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, суреттерін жариялай бастады.

ІІМ сотталушыға елден шығуға тыйым салынғанын еске салды.

"Сотталушы пробация қызметінің есебінде тұр, заңнамада көзделген және сот жүктеген міндеттер мен белгіленген тәртіпті, шектеулерді сақтайды. Сот үкімі мен белгіленген міндеттерге сәйкес, сотталушыға әлеуметтік желілерді жүргізуге және жарияланымдар орналастыруға тыйым салынбаған.

Қолданыстағы заңнама талаптарына немесе белгіленген шектеулерге қайшы келетін жарияланымдар анықталған жағдайда, сотталған адамға қатысты заңда белгіленген тәртіппен шаралар қолданылады. Бүгінгі таңда мұндай фактілер анықталған жоқ", – деп толықтырды ведомство.

Айка бұған дейін не үшін сотталған?

2024 жылғы 21 мамырда Алматының Әуезов аудандық соты блогерді жеңгетайлықпен айналысқаны және аса ірі мөлшерде психотроп затты заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп таныды. Сот оны 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Оның сыбайласына 3 жыл 8 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айка кім және қалай танымал?

Айка Алматыдағы элиталық эскорт желісін ұйымдастырушы ретінде белгілі. Алайда ол өзін Instagram желісінде сән-салтанатқа толы өмір салтын көрсететін блогер ретінде таныстырған. Ол үнемі саяхаттары, қымбат сыйлықтары мен люкс көліктері түскен фото-видеоларды жариялап отырған.

Фото: Instagram/LoveAika

Айканың Instagram-парақшасында 120 мыңнан астам оқырманы болған.

Айканың ұсталғаны туралы 2023 жылғы маусымда белгілі болды. Сол кезде ІІМ Алматыда жабық чаттар мен аккаунттар арқылы жеке "секс-кештер" ұйымдастырылғанын мәлімдеген. Ол жерге модель келбетіндегі, "қалталы ер адамдарға интим қызмет көрсетуге" дайын қыздар шақырылған.

Фото: Instagram/LoveAika

ІІМ мәліметінше, бұл бизнестің ұйымдастырушысы интернеттегі қызметін мұқият жасырып, өзін "табысты модель әрі блогер" ретінде көрсеткен.

Ведомствоның дерегіне сүйенсек, алматылық әйел модель келбетіндегі, ақшаға сексуал қызмет көрсетуге дайын қыздарды іріктеп, ауқатты клиенттер іздеген. Ол қыздарға "спонсор" табуға, пайдалы таныстық орнатуға және әлем көруге мүмкіндік беремін деп уәде берген.

"Айканың тізімі"

2023 жылғы желтоқсанда желіде "Айканың тізімі" тарады. Бұл құжаттар топтамасында блогер Айка М.-нің элиталық эскортының ықтимал клиенттерінің жеке деректері бар деген мәлімдеме жасалған. Тізімде ондаған есім аталды – арасында эстрада әртістері мен кәсіпкерлер бар делінген. Құжатта жыныстық қызмет көрсетті деген қауесетке іліккен қыздардың да есімдері көрсетілген. Сондай-ақ, онда телефон нөмірлері, мекенжайлар мен лауазымдар берілген.

Видео кадры

Бұл тізім блогер 2023 жылғы маусымда ұсталғаннан кейін тарай бастаған.

2024 жылғы 20 наурызда Ішкі істер министрі Ержан Сәденов "Айканың тізімінің" таралуына қатысты пікір білдіріп, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. Кейін 2024 жылғы сәуірде бұл іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілген.

2025 жылғы 25 қарашада Сәденов "тізім болды, ІІМ ол бойынша қылмыстық процесс аясында жұмыс істеді" деп мәлімдеді.

"Айканың тізімін" кім таратты?

Кейін ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс материалдарын жария етті деген күдікпен Антикор тергеу жүргізгенін хабарлады. Алайда іс кейін тоқтатылған. Полицейлердің әрекетінен қылмыс құрамы табылмаған.

Ал тізімде аты аталған тұлғалардың өздерін жауапкершілікке тарту мәселесіне келсек, ведомство олардың әрекеттерінде қандай да бір құқықбұзушылық құрамы жоқ екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 10:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары