Жеті оқушы мен екі мұғалім тікұшақ пен ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен ізделді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар тоғыз адамнан тұратын топты іздестірді. Екі мұғалім бастаған жеті оқушы Известковое шатқалында адасып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару операциясына Алматы облыстық ТЖД, ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің мамандары, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ, еріктілер қатысты. Жергілікті жерді тексеру үшін тепловизоры бар дрондар мен тікұшақ қолданылды.
"Таңертең топ табылды. Құтқарушылар адасқандарға жетіп, оларды автотұраққа дейін аман-есен алып келді", - деп хабарлады ТЖМ.
Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:107
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 18:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















