Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жетісу мектептерінің жайы қалай?

Жетісу мектептерінің жайы қалай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Өңірдегі білім саласына біржақты пікір айтуға келмейді. Бұрынғыдай емес, шалғай ауылдардағы орта мектептерді басым бөлігі заман талабына сай жасақталды. 3 ауысымды білім ошақтары жоқ. Жаңа оқу нысандары бой көтерді. Білім сапасы біртіндеп ілгерілеп келеді. Ендігі бір мәселе – маман тапшылығы. Бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр.

Суретті түсірген – Жұмабай Мұсабек

Қауіпсіз білім ордалары бой көтерді

Кейінгі жылдары атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайып, әсі­ресе алыстағы ауылдағы білім ошақтарының жағдайы жақ­сар­ды. Облыс құрылған күннен бері жөндеуді немесе жаңа құ­ры­лысты қажет ететін нысандар­ды жаңарту деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрап, 276 нысан қайта жаңғыртылды. Оның ішін­де 41 мектептің жаңаруы – білім саласына жасалған нақты ин­вестицияның айғағы. Бұл өзге­рістердің тікелей нәтижесі ретін­де білім жүйесіндегі өзекті мәселе – бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарды. Яғни бұрын өзге ғимараттарды па­на­лаған немесе талапқа сай емес жағ­дайда жұмыс істеген мек­теп­тер­дің орнына қауіпсіз білім ордалары бой көтерді.

«Облыс құрылғаннан бері 6 390 орындық 19 мектеп пайда­ла­­нуға берілді. Бұл – тек сан емес, сапалы білімге жол ашқан мың­­даған оқушының тағдыры. Әсіресе «Келешек мектептері» ұлт­тық жобасы аясында іске асқан нысандардың маңызы зор. Алакөл ауданының Достық ауы­лында және Панфилов ауда­ны­ның Жаркент қаласында салын­ған 1 800 орындық екі ірі мектеп аймақтың білім кеңістігін түбе­гейлі өзгертті. Бұл мектептер за­манауи кабинеттермен, зертханалармен, спорт және шығар­машылық алаңдарымен жаб­дық­талған», дейді облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов.

Былтыр бірқатар ауыл қуа­ныш­ты жаңалыққа кенелді. Алакөл ауданының Достық ауы­лында, Ақсу ауданының Көлтабан ауылында, Панфилов ауда­ны­ның Талды ауылында жалпы 1 020 орындық 3 мектеп ел игі­лі­гіне берілді. Бұл – шалғай елді мекендердегі балалардың қала­да­ғы құрдастарымен тең дәре­жеде білім алуына жасалған маңызды қадам. Тек жаңа мектеп салумен шектелмей, қол­да­ныстағы білім нысандарын жаңғырту да назардан тыс қал­ған жоқ. 2023–2025 жылдар аралығында 22 мектепке күр­делі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде былтыр 6 нысан толық жаңартудан өтті.

Атап айтқанда, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы Сәтбаев атындағы мектеп, Ескелді ауданындағы Қарабұлақ және Елтай ауылдарының мектептері, Қаратал ауданындағы Тастөбе, Көксу ауданындағы Бостоған, Панфилов ауданындағы Әулие­ағаш ауылдарының мек­тептері күрделі жөндеуден кейін жаңа кейіпке енді. Бұл мектептерде шатырдан бастап инженерлік желілерге дейін толық ауыстырылып, оқу кабинеттері заманауи талаптарға сай жабдықталды.

«Жаңа немесе жаңартылған мектеп – ауылдағы тұрақты­лық­тың кепілі. Мұғалім келеді, жас мамандар тұрақтайды, ата-аналар көшіп кетуден қалады. Бұл – өңірлік дамудың ұзақ­мер­зімді инвестициясы. Бұрын ма­териалдық база әлсіз еді, зерт­ханалық құрал-жаб­дық­тар жетіспейтін. Қазір жаңа ғи­маратта оқушылардың қызы­ғу­­шылығы артты, ата-ана­лар­дың да сенімі күшейді», дейді Еңбекшіқазақ ауылының мектеп директоры Рауан Мырзахмет. 

Ауылда маман тапшы

Білім саласының мамандары­ның айтуынша, ауыл мектебінің жаңаруы – тек оқу үдерісін жақ­сарту емес, тұтас ауылдың әлеу­мет­тік ахуалын көтеру. Ен­дігі мәселе – сол ауылдарды пе­да­гог­термен қамту өзекті болып отыр. Өңірде 63 маман тап­шы­­лығы анықталды. Педагог жетіс­пеу­шілігі тікелей білім сапа­сы­на нұқсан келтіретін фактор болғандықтан, бұл мәселе – басты назарда тұр. Қазір кадр тапшылығын жою үшін әрбір білім бөлімінің басшылары жүйелі жұмыс істеп жатыр.

Мәселен, орта білім беру ұйымдарында 15 754 педагог еңбек етеді. Кейінгі үш жылда олар­дың саны 6,3%-ға артып, кадрлық әлеуеттің динамикасы жоғарылады. Педагогтердің 95,2%-ы – жоғары білімді, 1003 маманның магистрлік дәрежесі бар. Техникалық және кәсіптік білімі бар педагогтер үлесі 4,8%-ды құрайды. Бірқатар базалық пән бойынша 50 жастан асқан педагогтердің үлесі 21-24% аралы­ғы­нда, ал жас педагогтердің үлесі – 6,9 %. Жастарды елді мекенге тарту өңір үшін емес, еліміз үшін де түйткілдің төресі болып отыр. Қызығы, облыста 30 жасқа дейінгі педагогтер арасында ең жоғары үлес ағылшын тілі мұғалімдеріне тиесілі екен.

«Оқу сапасына тікелей ық­пал ететін өзекті фактордың бірі – мұғалімдердің пәндік білім деңгейі. Кейбір педагог­тер­дің оқытатын пәні бойынша теориялық білімінің жеткілік­сіз­дігі, заманауи ғылыми мазмұнды, күрделі ұғымдарды және пән ішіндегі өзара байланыстарды түсіндіруде қиындықтарға тап болуы байқалады. Бұл әсіресе жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен шет тілде­рін оқытуда айқын көрініс табады. Пәндік білімнің әлсіздігі оқыту әдістемесінің де сапасына әсер етіп, сабақтың мазмұнын тереңдетуге мүмкіндік бермейді», дейді облыстық әдістеме орта­лығы директорының орынбасары Айбек Кенжебаев.

Бүгінде облыстағы дирек­тор­лар­дың 90%-ының педагоги­калық саладағы еңбек өтілі 10 жылдан асады. Бұл ретте басшылық құрамның 197-сі басқарушылық өтілі 7 жылға дейінгі мерзімді құрауы басқару корпусының біртіндеп жаңарып, жүйеге жаңа менеджерлердің келіп жатқанын аңғартады. Біліктілік санаты бойынша 148 басшы аттестатталған. Қазіргі уақытта 22 басшылық лауазым бос болса, оның 22-сі ауылдық мектептерге тиесілі. Мұндай көрсеткіш қала мен ауыл арасындағы кадрлық теңгерімсіздікті көрсетеді. Өкі­ніш­ке қарай, ауыл мектептерін білік­ті кадрлармен қамтамасыз ету кезек күттірмейтін мәселеге айналып отыр.

«Бұл мәселені шешуде рес­публикалық кадрлық резерв не­гізгі тетікке айналып отыр. 2023–2025 жылдар аралығында облыстан резервке енген 34 педагог білім беру ұйымдарының басшысы, ал 17 маман басшының орынбасары лауазымдарына тағайындалды. Кадрлық резерв жұмысын жандандыруды бас­қарушылық корпустың сапасын жақсартудың және ауылдық жер­лердегі кадр тапшылығын жою­дың негізгі құралы ретінде тиімді қолдану қажет», дейді А.Кенжебаев.

Жас мамандардың айтуынша, ауыл мектебіндегі жағдай кейінгі жылдары жақсарғанымен, бұл шешім қабылдауға жеткіліксіз. Себебі заман ағымына қарай әрбір маманның таңдау құқығы өз еркінде. Бұл жерде патриоттық сезімнің де ауадай керек екені де анық.

«Мектеп ғимараты жаңарып, сыныптар заманауи құралдармен жабдықталғаны қуантады. Оқу­шылар да ынталы. Бірақ жас ма­ман үшін тек жұмыс орны емес, өмір сүру ортасы да ма­ңызды. Ауылда тұрғын үй мәсе­лесі, бос уақытты тиімді өткізу мүм­кін­ді­гінің аздығы, кәсіби да­муға ар­налған орта мен бәсе­кенің жоқ­тығы сезіледі», дейді жас маман Қанатбек Досымбек.

Жетісу мектептеріндегі оң өзгеріс – мемлекет пен жергі­лік­ті биліктің білімге деген жауап­кер­шілігінің көрінісі. Шалғай аудандарда жаңа мектеп­тер­дің салынуы, ескі нысан­дар­дың жаңаруы – өңірде сапалы білімге тең қолжетімділік қа­лыптасып келе жатқанын көр­се­теді. Бүгін салынған мектеп – ертеңгі білікті маман, саналы азамат. Осы тұрғыдан алғанда, Жетісу өңіріндегі білім беру ин­фрақұрылымын дамыту жұ­мыс­тары алдағы жылдары да жүйелі түрде жалғасады деген ойдамыз.

Жетісу облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары