Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жетісу университеті жасыл технология жобасын таныстырды

Жетісу университеті жасыл технология жобасын таныстырды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Астанада Өңірлік экологиялық саммит өз жұмысын бастады. Халықаралық маңызды жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және климаттық өзгерістерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент өз сөзінде экологиялық қауіпсіздік – елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар бағыт екенін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеде еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары өз жетістіктерін таныстырды. Солардың қатарында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті де белсенді қатысып, жасыл технологиялар мен тұрақты даму бағытындағы жобаларын ұсынды. Көрмені аралаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жетісу университетінің жобаларына ерекше тоқталып, олардың ғылыми және практикалық маңызына жоғары баға берді.

Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған көрмеде Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев білім ордасы ғалымдарының экологиялық бағытта әзірлеген ғылыми нәтижелері мен өнімдерін екі бағыт бойынша таныстырды.

Бірінші бағыт – Жасыл экономика және қалдықсыз технологиялар бойынша – Green Zhetysu University.

Бірінші жоба – in vitro көбейту және қалемшелеу арқылы Жетісу Алатауының Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, Іле жимолосы, Іле итмұрыны секілді сирек және эндемиялық түрлерінің генетикалық бірдей көшеттерін алу. Екінші жоба – қара сарбаз шыбынының дернәсілдері арқылы тамақ қалдықтарын толықтай қайта өңдеу технологиясы. Технология минималды ресурс шығындай отырып, отандық жоғары ақуызды өнімдер алуға (жас және кептірілген дернәсілдер, май, зоогумус) мүмкіндік береді. Үшіншісі – университет зертханасында өсімдіктерді селекциялауда геномдық іріктеу (Genomic Selection, GS) және жеделдетілген селекция (Speed Breeding, SB) сияқты заманауи биотехнологияларды қолдану. Елімізде бұл әдіс қазақстандық бидайдың генетикалық ақпаратын цифрландырудың алғашқы қадамы болып отыр.

Екінші бағыт – Ақылды және экологиялық кампустар құру мақсатындағы «Университеттің Smart экожүйесі».

Университетте  Smart Zhetysu  цифрлық платформасы әзірленіп, енгізілген, жоғары білім берудің бірыңғай платформасымен (ЕПВО) интеграцияланған. Платформа барлық бизнес-процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ инклюзивті ортаны қолдауға, берілген сценарийлер мен оқу материалдары аясында дауыстық сүйемелдеуге және оқытуға арналған AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді.

Сондай-ақ көрмеде университетте іске асырылып жатқан стартап-жобалардың прототиптері таныстырылды. Атап айтқанда, электр көлігі: кішкентай питбайк, электровелосипед, флагмандық электробайк, жүк мотоциклі, мүмкіндігі шектеулі жандардың арбасына арналған қондырма. Гранулалар мен пластикалық қалдықтардан жіп шығаруды үйде өндіруге және қайта өңдеуге арналған портативті, үстел үсті экструдер құрылғысы. Компьютерлік көру және түнгі көру камерасы арқылы аумақтарды бақылауға және қорғауға арналған  Safe-Guard  автономды ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон).

Барлық технологиялар мен прототиптерге патент пен авторлық куәлік алынған. Көрмеге келушілер Жетісу университеті ұсынған өнімдерді аса қызығушылықпен тамашалады.

Айта кету керек, Жетісу университеті халықаралық UI GreenMetric World University Rankings рейтингінде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жоғары оқу орны әлем бойынша 721-орынды, ал Қазақстан жоғары оқу орындары арасында 7-орынды иеленіп, экологиялық тұрақтылық бағытындағы жүйелі жұмысының жемісін көрсетті.

Бұл саммит өңірлік деңгейде тәжірибе алмасуға, экологиялық бастамаларды дамытуға және білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретіні сөзсіз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 21:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары