Қаржы министрі үш жылдық бюджет жобасын таныстырды
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Мәди Тәкиев заң жобасы елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленгенін атап өтті.
"2027 жылға арналған негізгі параметрлер мынадай: кірістер – 25,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 12,9%-ы. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт – 2,4 трлн теңге. Ұлттық қордан нысаналы трансферт – 2 трлн теңге. Бұл қаражат аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларға бағытталады. 2027 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,3%-ы деңгейінде жоспарланып отыр. Шығыстар 30,2 трлн теңгені құрайды. Бұл биылғы жоспардан 2,5 трлн теңгеге көп", – деді министр.
Оның айтуынша, қаражат мемлекеттік міндеттемелерді орындауға, экономиканы, өңірлерді және адами капиталды дамытуға бағытталады.
"2027 жылға әлеуметтік салаға 10 трлн 544 млрд теңге жоспарланған. Бұл жалпы шығыстардың 34,9%-ын құрайды. Бюджет жобасында әлеуметтік төлем алушылар санының өзгеруі және әлеуметтік төлемдерді индексациялау ескерілді. Халықты қажетті деңгейде әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету үшін қосымша 739 млрд теңге қарастырылған. Экономиканың нақты секторын қолдауға бюджеттен 3 трлн 892 млрд теңге бөлінеді. Бұл жалпы шығыстардың 12,9%-ы және биылғы деңгейден 507 млрд теңгеге көп", – деді Қаржы министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, шығыстардың өсуі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастырумен байланысты.
"Қауіпсіздік пен қорғаныс саласына 3,3 трлн теңге қарастырылған. Бұл биылғы жоспардан 257 млрд теңгеге көп. Әкімшілік мемлекеттік органдарды ұстауға 787 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар әкімшілік шығындарды қысқарту мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді орындауға қауіп төндірмейді. Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету шығындары да ескерілді", – деп қорытындылады Тәкиев.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ұлттық қордағы қаражаттың жинақталуына қатысты болжамын айтқан болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Қаржы министрі жекеменшік мектептердің бюджет қаржысын заңсыз пайдаланғанын мәлімдеді
23 Қаңтар 2026 16:49
Үш жылдық бюджет қабылданды үкімет негізгі шығындарды жариялады
22 Қазан 2025 13:30
Жетісу университеті жасыл технология жобасын таныстырды
23 Сәуір 2026 21:26
Димаш Voice Beyond Horizon бірлескен жобасын таныстырды
30 Қазан 2025 11:55
Жаңа Салық кодексі 2026 жылғы бюджет кірісін 3,6 трлн теңгеге ұлғайтады Қаржы министрі
22 Қазан 2025 10:52
Көрілімдер:91
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 15:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















