ЖИ ді енгізу қарқыны Қазақ елін аквариумға айналдырып жібермей ме?
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Жасанды интеллект – заман талабы әрі адамзат өркениетінің дамуының жаңа сатысы. Aikyn.kz бұндай технологиялық серпілістің қауіп-қатерін болжап, ұлттық қауіпсіздікке тигізер салдарын талдайды.
Қазақ елінің ЖИ-ді енгізу қарқыны киберқауіпсіздік деңгейінен озып кеткен жоқ па?
ЖИ-ді жаппай енгізудегі жоғары қарқын киберқауіпсіздік деңгейінен озып кетсе, ақылды құрал мемлекеттік басқаруды жеңілдетудің орнына, стратегиялық, құпия деректерді сыртқа жіберетін ұлттық қатерге айналуы ғажап емес.
Бірнеше апта бұрын белгілі болған Аустралиядағы OpenAI агентінің мемлекеттік жүйені бұзып кіру кейсі көрсеткендей, автономды ЖИ модельдері өзін жасаған шетелдік үкіметтің тапсырмасын орындау үшін кез келген шектеулерді айналып өтуге бейім.
«Әлем елдерінің алдында боламыз» деген жалаң ұранмен сырттан таңылған технологиялық шешімдерді бақылаусыз сіңіре беру мемлекетті ішіндегі балықтары ештеңені өзгерте алмайтын «аквариум» жағдайына түсіріп жібереді. Алгоритмдік кілттері шетелдік үкіметтердің уысында тұрған бұндай жасанды аквариумда суверенитет, тәуелсіздік ұғымдары жойылады, болмайды.Қазақ елінің «тәуелді қара жәшік» жүйесінен арылып, ЖИ-ді мемлекеттік секторға интеграциялау барысында уәде етілген экономикалық тиімділіктен басқа, ұлттық қауіпсіздік пен рухани, мәдени бірегейлікті сақтауды ойлайтын уақыт туды. Бізге толық өз бақылауымызда болатын ЖИ технологияларын стресс-тестілеуді, оны жедел тоқтататын «апаттық ажыратқыш» (Kill Switch) хаттамасын және дербес деректердің абсолютті егемендігін бірінші орынға қоятын мемлекеттік бағдарлама қажет. Бұндайда қазақ халқы «Құрылтай мен Үкіметтің құлағына алтын сырға» деген ғой?!
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:79
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















