Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа талап: Енді смартфон сатушылар құрылғының сәйкестендіру кодын түбіртекте көрсетілуін тексеру керек

Астанадағы нөсерден кейін әкімдік ресми мәлімдеме жасады

Цифрлық теңгеге көшуге мүмкіндік бар

Атырау облысының 160 тұрғыны кәсіп ашу үшін грант алды

Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

Ұялы телефоны верификациялаудан өтпегендер сатушыдан тауарды ауыстыруды талап ете алады

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мың адамға артты

Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

“Мама Люба, давай“ көлікте клип түсіргені үшін блогер қыздарға айыппұл салынды

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топқа үкім шықты

Мектептер мен колледждердегі әдістемелік кабинеттер қалай жұмыс істеуі тиіс

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

ҚТК тиеуді тоқтатты: Қазақстанда мұнай өндіру азайды

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

Адамдар ұзағырақ өмір сүреді, бірақ аурусыз жылдар баяу өсуде зерттеу

“Әкелердің көбі көре алмай қалатын сәттерге куә болдым“: Қазақстандық ерлер неге декретке шыға бастады?

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

​​​OpenAI бұрын соңды болмаған ТЖ жариялады: ЖИ өздігінен хакерлік шабуыл жасады

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақмола облысындағы көлдерден демалушылар мен балықшы эвакуацияланды

Жоғары білімге ЖИ ді енгізу нені өзгертеді?

Жоғары білімге ЖИ ді енгізу нені өзгертеді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Отандық жоғары оқу орындарындағы бағдарламаның басым бөлігі жаңар­тылды. Бүгінде 95 университет жасанды интеллект бойынша пәндерді енгізді. Бұл студенттерге не береді? Ал Цифрландыру және жасанды интеллект жылын науқанға айналдырмай, нәтижелі өткізуге жоғары білімде нақ­ты қандай жұмыс қолға алынып отыр? Осы және өзге де сұрақтар Орта­лық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қаралды.

Жиында  Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Гүлзат Көбенова жоғары білім жүйесіндегі негізгі өзгерістер туралы кеңінен тарқатты. Оның баяндауынша, қазіргі таңда елімізде 127 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы 8,5 мыңнан аса бағдарламасы бойынша кадр даярлайды. Кейінгі бір жылда бағдарламалардың 85%-ы кәсіби стандарттарға сай жаңартылған.

«Жедел технологиялық және эконо­микалық өзгерістер жағдайында білім жүйесі мен еңбек нарығының нақты қажеттіліктері арасындағы тұрақты сәй­кестікті сақтау маңызды. Осы мақсатта кадр даярлауды экономика мен өңірлік даму қажеттіліктерімен жүйелі болжау және үйлестіру құралы ретінде Жаңа мамандықтар атласы әзірленді. Атлас – жай анықтамалық емес, навигациялық құрал: ол – қандай мамандықтардың пайда болып жатқанын, трансформацияланатынын немесе жойылып бара жатқанын көрсетеді. Әлемде мұндай құралдарды ЕО, Сингапур және Канада кәсіптік бағдар беру және білім беруді жоспарлау үшін қолданады. Бұған қоса, біз басшылыққа алған халықаралық зерттеулер ЖИ жұмыспен қамтуды тікелей қысқартпайтынын, бірақ еңбек мазмұнын өзгертетінін көрсетті. Талдау айқындағандай, ірі бизнес цифрландыруға, автоматтандыруға және ЖИ-ді енгізуге дайын. Олар қазірдің өзінде ішкі зерттеу орталықтарын, деректер базасы кеңселерін құрып, машиналық оқытуды енгізіп жатыр. Сондай-ақ AI-мамандарына, дата-аналитиктерге, цифрлық архитекторларға, технологиялық үдерістерді автоматтандыру инженерлеріне деген сұранысты арттырып отыр», деді вице-министр.

Г.Көбенованың айтуынша, осыған орай бүгінде 95 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша пән­дерді енгізді. ЖИ қазір кезіндегі компьютер­лік дағдылар сияқты базалық білімге айналды. Сондай-ақ ЖИ, инжиниринг және ЖИ цифрлық техно­ло­гиялары бойынша жаңа білім бағ­дар­ламаларына сай бойынша даярлау бас­талды. 30 жоғары оқу орны ЖИ бо­йынша 42 білім бағдарламасын енгізді, олардың қатарында: «Қолданбалы ЖИ», «ЖИ инженериясы және блокчейн», «Медицинадағы ЖИ» және т.б. бар. Онда ба­калавриат, магистратура және докторан­турада 2 815 студент білім алып жүр.

«2025 жылғы 6 қарашадағы «OpenAI» компаниясымен келісім аясында мектептер мен жоғары оқу орындарының 165 000 педагогіне тегін лицензиялар беріледі. Бұл педагогтерге күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға (есептер дайындау, тапсырмаларды тексеру), студенттер үшін оқу жоспарлары мен материалдарын дербестендіруге, деректерді талдау және құжаттарды түйіндеудің озық функцияларын пайдалануға, өз курстары үшін кастомизацияланған AI-ассистенттер мен чат-боттар құруға мүмкіндік береді. «AI Sana» бағдарламасы аясында «Coursera» жасанды интеллект бойынша даярлаудың базалық платформасы ретінде пайдаланылады. 2025 жылы 98 044 білім алушы 109 987 сертификат алды, оның ішінде ЖИ бойынша негізгі курстар бар. Бүгінде 668 мыңнан аса студент ЖИ бойынша курстардан өтті. Бағдарлама ЖИ-сауаттылықты және практикалық цифрлық дағдыларды жаппай қалыптастыруға бағытталған. Қазір екінші кезеңді іске қосу шаралары басталды. Бұл кезеңде 100 студент оқытылады, іріктеу олардың жобалық идеяларын ескере отырып жүргізіледі», деді спикер.

Баспасөз мәслихатында айтылғандай, цифрлық мемлекетке көшу кезінде цифрландыру және ЖИ-ді енгізу үшін жоғары білікті кадрлар қажет. Осы мәселені шешу үшін министрлік жасанды интеллект саласында кадр даярлауға 12 шетелдік жоғары оқу орнын тартты. Мәселен, Сеул техникалық университетімен бірлесіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті базасында ЖИ және информатика жоғары мектебі ашылды. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында «City University of Hong Kong» филиа­лы (жасанды интеллект бойынша қос дипломды бағдарламалар) және басқалары ашылды. Үш «Лу Бань шеберханасын» құру қолға алынды. Олардың Қазақстан үшін маңызды – еліміздің экономикасының аса маңызды салалары (автопилотты автокөліктер, электромобильдер, жасанды интеллект, халықаралық логистика) үшін инженерлік-техникалық кадр даяр­лауды күшейтеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы және Жоғары білім мен ғылымды да­мытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде әртүрлі форматтағы 40 стратегиялық серіктестіке қол жеткіздік, оның ішінде 33-і – шетелдік университеттердің филиалдары. Бұл – жастарымызға елден шықпай-ақ әлемдік деңгейдегі сапалы білім алуына жасалған жағдай. Филиалдарды ашу өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып және негізінен техникалық бағыттар бойынша іске асырылады. Осы күні елімізде 35 мың шетелдік студент білім алып жүр. 2029 жылға қарай шетелдік студенттер санын 100 000 адамға дейін ұлғайту жоспарланған. Қазірдің өзінде Азиядан келген студенттер саны алғаш рет ТМД елдерінен келген студенттер са­нынан асып түсті. Қазақстанға ше­тел­дік студенттерді тарту мақсатында ха­лық­аралық көрмелер мен форумдарды өт­кізуді көздейтін «Study in Kazakhstan» ақпараттық науқаны жүргізіледі. Был­тыр «Study in Kazakhstan» білім көрме­лері Ұлыбританияда, Әзербайжан­­да, Пәкістанда және ҚХР-да өтті. Биыл Вьетнам, Үндістан, Индонезия, БАӘ, Қатар, Түркия, ҚХР, Моңғолия, Марокко және басқа елдерде өткізу жоспарда бар», дейді Г.Көбенова.

Спикердің баяндамасынан соң бас­пасөз отырысында әдеттегідей сұрақ-жауап басталды. Өз кезегімізде біз: «Президент айтқандай, Цифрландыру және жасанды интеллекті жылын нау­қандатпай, нәтижелі өткізу үшін жоға­ры білімде нақты қандай жұмыс қолға алы­нып отыр? «AI Sana» бағдарламасы студенттердің цифрлық сауатын арттыруға бағытталғанын білеміз. Бас­тапқы кезеңдер халықаралық платформаларда оқытылды, дегенмен маман­ның өзінен білім алғандай болмайды. Осы тұрғыда студенттерді кімдер оқытады? Олар осы салаға бейімделген бе, біліктілігі сай ма? 600 мыңнан аса студент оқытылғаны айтылады, сапа қандай, олар сол білімін шынымен де өз саласында пайдалана алып жүр ме?» деп қатарынан екі сауалымызды қойдық.

Сұрағымызға Жоғары және жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім коми­теті­нің төрағасы Гүлжан Жарасова: «Цифр­лан­дыру және жасанды интеллект жылына қа­тысты Үкімет деңгейінде жоспар дайын­далып жатыр. Бұл жоспарда шынымен де нақ­ты міндеттер көзделген. Жоғары бі­лім­ге байланысты негізгі шаралар­дың бірі – «AI Sana» бағдарламасының шең­берінде студенттеріміздің ЖИ-ді кәсі­би қызметінде қолдануға мүмкіндік бе­ре­тін жұмыстарды іске асыру. Екінші шара – Мемлекет басшысының тапсырма­сы не­гізінде арнайы Жасанды интеллект зерт­теу университетін құру міндеті. Осы­дан басқа да бірқатар шара қолға алынады.

Расымен, «AI Sana» бағдарламасының алғашқы кезеңінде 668 мың аса студент ЖИ бойынша базалық білімін шыңдады. Бұл жерде «Coursera», «Huawei», «Google» академиясы сияқты бірнеше платфор­малар, сонымен қатар отандық жоғары оқу орындары мен «Astana hub» әзірлеген курстар пайдаланылды. Осы оқытудың нақты нәтижелері қазір де көрініп жатыр. Бүгінде студенттер жасаған 229 ЖИ агенті қолданысқа енгізілді. Олардың қатарында «Е-куратор», «Инклюзивті гид», «Көз-AI» деген сияқты агенттер бар. Мұның барлығы оқытуға тартылған мамандардың қажетті дең­гейде дайындығының бар екенін көр­сетеді. Профессор-оқытушылар құра­мының 54%-дан астамы ЖИ бойынша сер­тификатталған курстардан өтті. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады. «AI Sana» бағдарламасының екінші кезе­ңінде негізгі серіктесіміз «Стенфорд» уни­верситетінің сарапшысы болған Пол Ким өзінің әріптестерімен келіп, бізге сту­денттерді ЖИ-мен қатар ЖИ кәсіп­керлігіне оқытатын бағдарламаны жүзеге асыруға көмектеседі», деп ­жауап берді. 

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа талап: Енді смартфон сатушылар құрылғының сәйкестендіру кодын түбіртекте көрсетілуін тексеру керек

23 Шілде 2026 23:08see147

Астанадағы нөсерден кейін әкімдік ресми мәлімдеме жасады

23 Шілде 2026 19:06see121

Цифрлық теңгеге көшуге мүмкіндік бар

23 Шілде 2026 04:30see116

Атырау облысының 160 тұрғыны кәсіп ашу үшін грант алды

23 Шілде 2026 03:57see115

Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

23 Шілде 2026 19:57see112

Ұялы телефоны верификациялаудан өтпегендер сатушыдан тауарды ауыстыруды талап ете алады

23 Шілде 2026 23:10see111

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

23 Шілде 2026 19:44see111

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мың адамға артты

23 Шілде 2026 18:43see109

Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

23 Шілде 2026 19:45see108

“Мама Люба, давай“ көлікте клип түсіргені үшін блогер қыздарға айыппұл салынды

23 Шілде 2026 18:24see107

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топқа үкім шықты

23 Шілде 2026 19:43see105

Мектептер мен колледждердегі әдістемелік кабинеттер қалай жұмыс істеуі тиіс

23 Шілде 2026 18:10see105

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

23 Шілде 2026 18:09see105

ҚТК тиеуді тоқтатты: Қазақстанда мұнай өндіру азайды

23 Шілде 2026 18:03see105

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

24 Шілде 2026 18:32see104

Адамдар ұзағырақ өмір сүреді, бірақ аурусыз жылдар баяу өсуде зерттеу

22 Шілде 2026 19:58see104

“Әкелердің көбі көре алмай қалатын сәттерге куә болдым“: Қазақстандық ерлер неге декретке шыға бастады?

23 Шілде 2026 18:05see103

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

24 Шілде 2026 18:31see103

​​​OpenAI бұрын соңды болмаған ТЖ жариялады: ЖИ өздігінен хакерлік шабуыл жасады

23 Шілде 2026 03:59see103

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақмола облысындағы көлдерден демалушылар мен балықшы эвакуацияланды

22 Шілде 2026 21:11see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары