Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?

Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Көпшілік күткен кешенді жоспар

Жарлық шықты, тапсырма берілді. Алайда іске асыру деген маңызды мәселеде сөз басында тізбектегеніміздей сұрақ көп. Жақында Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова біраз сауалға жауап боларлық баяндама жасады. Соған сүйенсек, бірінші, 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Кешенді жоспарда мектептердің цифрлық, инфрақұрылымдық дайындығын дамыту; педагог кадрларды даярлау; білім беру үдерісінде AI-шешімдерді қолдану көзделген. Жергілікті атқарушы органдармен бірле­сіп қанатқақты жобаға қатысуға дайын 500 мектептің тізімі жасалды, оның ішінде 250 шағын жинақты мектеп; 150 жалпы білім беретін мектеп; 100 келешек мектеп бар.

«Қазір мектептердің цифр­лық инфрақұрылымына, жоға­ры жылдамдықты интернет са­­па­­­сына, компьютерлік техни­ка­мен қамтуына, кадрлық әлеу­ет­ке, білім ұйымдарының AI-ше­шімдерді енгізу дайынды­ғына талдау жүргізілді. Екінші мәселе – педагогтерді даярлау. Бүгінде 350 мыңнан аса педагог оқу үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді қолдану бойынша арнайы оқытудан өтті. Сонымен қатар OpenAI компаниясының GPT-edu платформасын пайдалану үшін 100 мың педагогке лицензия берілді. Қазір мұға­лім­дер жасанды интеллектіні оқу үдерісінде белсенді қолданып, оқу контентін бейімдеп, тиімді пайдаланып келеді. Қосымша ретінде, жазғы кезеңде қанат­қақты мектептердің педагогте­рін цифрлық педагогика, заманауи оқыту әдістемелері мен білім беру үдерісінде AI-құрал­дарын практикалық тұр­ғы­­да қолдану бағыттары бо­йын­­­­ша кезең-кезеңімен оқыту жос­­парланды. Бұл бастамалар педагогтердің цифрлық құзы­реттерін арттыруға, оқыту сапа­сын жетілдіруге, білім жүйе­сіне инновациялық технология­ларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді», деді министр.

Ж.Сүлейменованың баян­дауынша, үшінші міндет ретінде жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Кай-Фуд Лидің ұсынымдарымен білім беруге AI-шешімдерді енгізу бойынша жеке жобаны жүргізу жоспарланған.

І кезең (2026 жылғы 1 қыркүйек – 26 қазан): қазақ және орыс тіл­де­рінде оқытатын 10 шағын жинақты аппробация өтетін мектепте жобаны іске қосу; қанат­­қақты өңірлер ретінде Қы­зыл­орда және Павлодар облыс­­тары айқындалды; аппробация 4-сыныптарда «Ана тілі», «Математика», «Цифрлық сауаттылық» және «Жасанды интеллект» пәндері бойынша жүргізіледі. ІІ кезең (2026 жылғы 3 қараша – 23 желтоқсан): пилотты 50 мектепке дейін кеңейту. ІІІ кезең (2027 жылғы 8 қаңтар – 24 мамыр): қосымша тағы 300 мектепті қамту.

«Төртінші мәселе. Дербес­тен­дірілген оқытуды, бейім­делген тапсырмаларды әзір­леу­ді, білім нәтижелерін нақ­ты уақыт режімінде талдауды, білім алушылардың оқу олқы­лықтарын уақтылы анық­тауды қамтамасыз ететін ұлттық AI-білім беру платформа­сы енгізіледі. Бесінші. Ке­шенді жос­пардың жеке бөлі­мі цифр­лық қауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қауіп­сіз қол­­дану мәселелеріне арнал­ған. Білім беруде жасанды интел­лектіні қолдану стандарттарын, академиялық адалдық тетік­те­рін, балалардың дербес дерек­те­рін қорғауды, сондай-ақ цифр­лық білім беру контентіне мін­детті сараптама жүргізу жүйе­сін енгізу көзделіп отыр», деді ол.

Инклюзивті білімде әлеуеті жоғары

Дамыған елдерде қайсыбір салада болсын кез келген ре­фор­ма зерттеусіз, ғылыми негіздеу­сіз енгізілмейді де, жасалмайды да. Осы ретте біз кейінгі жылдары қарқынды дамып әрі маңызы да артып отырған ІТ саласының өкілі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жасанды зерде» ғылыми зерттеу институтының зерттеушісі, PhD Нұрзада Амангелдінің пікі­рін білдік. Оның ойынша, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу туралы бастама – уақыт талабынан туған маңызды шешім.

«Бүгінде әлем цифрлық транс­формация кезеңін бас­тан өт­керіп жатыр, ал жасанды интеллект (ЖИ) осы өзгерістің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Алайда ЖИ-ді білімнің орнын басатын құрал ретінде емес, білім алуды жетілдіретін, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыратын технология ретінде қабылдау ма­ңызды. Яғни мәселе «ЖИ ар­қы­лы білім алу» емес, «ЖИ көме­гімен білім алуды оңтай­лан­дыру» туралы болуға тиіс. ЖИ педагогтің уақытын үнем­деп, шығармашылық пен тәр­биелік жұмысқа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Жасан­ды интеллект ең алдымен ақ­паратты визуализация­лау, күр­делі тақырыптарды түсін­діру, интерактивті оқыту ортасын қалыптастыру, білім беру материалдарын жекелендіру арқылы үлкен мүмкіндік береді. Инфографика, анимация, 3D модельдер, автоматтандырылған түсіндіру жүйелері оқушылар­дың ақпаратты қабылдауын же­ңіл­­детеді», деді ғалым.

PhD Нұрзада Амангелдінің пікірінше, әсіресе инклюзивті білім беру бағытында ЖИ-дің әлеуеті жоғары. Ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтарға арналған автоматты аударма, мә­тінді бейімдеу, дыбыстау, ым тілі аватарлары сияқты технологиялар білімге тең қолжетімділікті арттыра алады. Дегенмен ЖИ қол­данудағы жауапкершілік мәсе­лесі қатар жүруі керек. Ең алдымен,  қоғамға ЖИ-дің абсо­лютті дәлдік болмайтынын, ық­тималдылыққа негізделген тех­нология екенін түсіндіру ма­ңызды. Жасанды интеллект да­йын ақиқатты емес, қолдағы дерек­терге сүйенген ең ықтимал жауапты ұсынады. Жасанды интеллект – тек құрал. Ал гене­ра­ция­ланған ақпараттың дұрыс­тығы мен оны қолдану жа­уап­кершілігі – әрқашан адамға тиесілі.

«Егер осы түсінік дұрыс қа­лып­­тасса, адамдарда техно­ло­гия­ға деген шектен тыс қор­қыныш та, шексіз сенім де азаяр еді. Себебі технологияның өзінен гөрі оны қолданатын адамның мәдениеті мен жауап­кершілігі шешуші рөл атқа­рады. Қазір қоғамда кейде ма­мандарға, сарапшыларға, жалпы ақпараттық ортаға деген сенімнің әлсіреп бара жатқанын байқаймыз. Мұндай жағдайда ЖИ-ді «ақиқат көзі» ретінде емес, адам ойының көмекші құралы ретінде қабылдау өте маңызды. Сондықтан білім жүйесінде жасанды интеллектіні енгізу­мен қатар, цифрлық сауатты­лық, сыни ойлау, ақпаратты тек­серу мәдениеті, технологиялық этика оның ажырамас бөлігіне айналуы қажет. Сонда ғана ЖИ қоғам мен адам арасындағы сенімді әлсіретпейтін, керісінше, білім сапасын арттырып, тең мүмкіндік қалыптастыратын технология бола алады», дейді А.Нұрзада.

ЖИ мұғалімнің орнын баса алмайды

Астана қаласындағы №119 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанна Төлегенқызы жасанды интеллектіні оқыту ісіне енгізуге студент кезден бастап ден қойғанын айтады. Жоғары оқу орнының 3-курсында оқып жүргенде ЖИ қарқынды дамыды. Содан студент өндірістік практикада жаңашылдықты қолданып көріп, кейін тереңдеп диплом­дық жұмысын «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жасанды интеллект арқылы оқыту» тақырыбында қорғады. Игілігін көріп үлгерген жас маман ЖИ-ді орта білім жүйесіне енгізу педагог жұмысын жеңілдетуге, оқыту сапасын арттыруға көмек­тесетінін айтады.

«Университетте оқып жүр­­ген кезден бастап жасан­ды ин­теллектіні зерттеп, дип­лом­дық жұ­мысым аясында қа­зақ тілін оқы­туға арнап екі өнім жасадым: бірі – сайт, екін­шісі – Telegram-бот. Қазіргі бала­лардың көбі ақ­паратты телефон арқылы алады, сондық­тан соған бейімделгім келді. Telegram-ботта қазақ тілін дамытуға арналған бағыттар болды: дыбыстық хабарламаны мәтінге айналдыру, мәтіндегі қателерді табу, ережелердің қысқаша жинағы, тапсырмалар. Ал әдебиет бөлігінде әдебиет тарихы, шығармаларды талдау сияқты дүниелер қарастырылды. Қазір сол студент кезде әзірлеген дүниелерімді күнделікті сабақта қолданып, игілігін көріп жүрмін. Оқушылар қызыға қолданады», дейді мұғалім.

Жас педагогтің айтуынша, кез келген жаңашылдықтың қиын тұстары болады. Осы жаңа­лықтың енгізу барысында онда екі үлкен мәселе болды. Біріншісі – балаларға эссе, шы­ғарма сияқты тапсырмаларды кейбір балалардың интернеттен немесе ChatGPT сияқты платформалардан алып келетіні. Бұл – баланың өз ойын еркін жеткізуіне, сөздік қорының дамуына кедергі келтіретін нәрсе. Екінші мәселе – үлкендердің қар­сылығы. Практикада жүр­генде кейбір мұғалімдер жа­сан­ды интеллектіні оқу бағ­дар­ламасына енгізу дұрыс еме­сін, балаларды жалқау қыла­тынын айтқан-ды. Тіпті мек­теп басшылығымен де пікір­та­ластырып қалған кездер бо­лыпты. Бірақ бүгінде бұл мәселе мемлекеттік деңгейінде қарас­тырылып жатқандықтан, көз­қарас өзгеріп келеді.

«Мысалы, қазір эссе мәселесі өте өзекті, мұны әлемдік уни­верситеттердің бәрі дерлік оқуға түсуде талап етеді. Балалар көбіне дайын мәтінді көшіріп ала салады. Сондықтан Жарлықта жазылғандай, мазмұндама мен диктанттың қайта оралуы – өте дұрыс шешім. Өйткені баланың өз ойын жеткізуі бір бөлек, сауатты жазуы, мазмұндауы да маңызды. Бұдан басқа, кейінгі кездері ЖИ жұмыс орнын тартып алатыны туралы ой жиі айтылады. Мұндай қауіп кей мамандықтарға үрей туғызуы мүмкін шығар, алайда ЖИ мұғалімнің орнын баса алмайды. Бұл – жұмысты жеңілдететін жаңаша, көмекші құрал ғана. ЖИ білім, ақпарат ұсына алады. Бірақ тәрбие бере алмайды. Эмоцияны, адамгерші­лік­ті, баламен қарым-қатынасты технология алмастыра алмайды. Мұғалімнің ерекшелігі – оның сөзі, мінезі, ықпалы. Оны ешқандай ЖИ қайталай алмайды. Дегенмен бұл – бәсекенің жаңа дәуірі. Педагогтер де заманмен бірге дамуы керек», дейді мұғалім.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Маусым 2026 09:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары