Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Білімдегі бірегей реформа

Білімдегі бірегей реформа

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Елордада «Қазақстан – академиялық білім аумағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Ауқымды іс-шараға білім, ғылым, инновация саласындағы әлемдік көшбасшылар, отандық сарапшылар, жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің басшылары қатысты. Жиында жасанды интеллектінің оқу жүйесіне енуі, трансұлттық білім беру мүмкіндігі, академиялық ұтқырлықты арттыру, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ «AI-sana» жобасы аясында әзірленген үздік стартаптар марапатталды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – елімізді өңірлік білім хабы ретінде таныту және академиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеру.

Елімізде жасанды интеллектіге негізделген жаңа экожүйе қалып­тас­ты­руға ден қойылды. Бұл бағыт елдің болашағын айқындайтын стратегиялық бағдарға айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «AI-sana» жобасы осы мақсатты орындау жолында нәтижелі бағдарламаға айналып келеді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстан – әлемде алғашқылардың бірі болып, жасанды интеллектіні оқытуды жоғары білім беру бағдарламасының міндетті компоненті ретінде енгізген ел.

– Өткен жылы осы бағытта үлкен жұмыс атқарылды. Министрлік пен оқу орындарының басшылары бірігіп, сертификациялық бағдарламалар жүйе­сін жасады. Бұл бағдарламалар тек жер­гілікті деңгейде емес, халықаралық серіктестік арқылы іске асты. «Google» мен «Huawei» компанияларымен бірлесіп, университеттер базасында 48 зертхана ашылды. «Huawei»-дің «AI City» жобасы іске қосылып, тағы екі зертхана ашу жоспарда бар. Сонымен қатар Яндекс, «Coursera» және басқа да әлемдік платформалармен 50-ден астам келісім жасалды. «Coursera» платформасындағы ең үздік академиялық курстар қазақ және орыс тілдеріне аударылып, студенттерге қолжетімді болды. Алайда бұл бағдарлама тек теориялық оқытуға бағыт­талмаған. Мақсат – практикалық нәти­жеге, яғни студенттердің нақты AI агент­терін өздері жасай алуына басымдық беру.

Бүгінде қолданбалы қосымшалар дәуірі аяқталып, дербес агенттер кезеңі бас­талды. Бұрынғыдай тек белгілі функциясы бар бағдарламалар емес, енді әр қолданушыға бейімделген, өздігінен шешім қабылдай алатын жүйелер қалып­тасып жатыр. Мысалы, «WhatsApp» сияқты мессенджерлер тек хабарласуға арналған қарапайым құрал болса, қазір агенттер адамның қалауын түсініп, жеке тапсырмаларды орындай алатын интеллектуалды көмекшіге айналып отыр. Әлем елдері жасанды интеллект революциясына қарай үш топқа бөлінеді:

Жаңа технологиялық толқынды жасайтын елдер; Сол толқынды түсініп, игере алатын елдер; Түсінсе де, пайдасын көре алмайтын елдер. Еліміздің мақсаты – екінші топқа ену. Бізде бір ғана қуатты құрал бар. Ол – білім. Сондықтан «AI-sana» – жай оқыту емес, бұл – ұлттық стратегиялық серпіліс. Оның басты мақсаты – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырып, технологиялық дәуірге қадам басу. Осы жоба бойынша 650 мың бакалавр студенттің 560 мыңы жасанды интеллект бойынша базалық оқудан өтті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш толықтай 100 пайызға жетеді. Ал келесі кезеңде 100 мың студент іріктеліп, осы саланы тереңдетіп оқитын болады. Осылайша, біз кадр тапшылығы мәселесінің алдын алмақпыз, дейді министр.

Қазіргі таңда тек елімізде емес, әлем бойынша жасанды интеллект саласында маман тапшы. Үлкен корпорациялар таланттарды іздеп, миллиардтаған доллар жұмсап жатыр. Мәселен, «Meta» компаниясы 14 миллиард долларға шағын стартап сатып алып, оның негізін қалаушыны өздерінің AI бөлімінің жетекшісі етіп тағайындаған. Сондықтан венчурлық нарықта инвесторлар ЖИ негізіндегі жобаларды өздері іздеп, қаржыландыруға дайын отыр. «AI-sana» бағдарламасының да ден қойып отырған бағыты стартап жобалар мен ЖИ агенттерді көбейту. Жобаның ғылыми жетекшісі Стэнфорд университетінің профессоры Пол Кимнің айтуынша, бағдарлама барысында студенттер әртүрлі сала бойынша ең қажет стартаптар жасап шығады.

– «AI-sana» жобасының ерекшелігі – біріншіден, біз студенттерге жасанды интеллектіні үйретіп қана қоймаймыз, олардың өздері AI құралдарын қол­да­нып, елімізде  салалардағы күрделі мәселелерді шешуге арналған жобалар жасауды қолға алады. Екіншіден, бағдарламада Стэнфорд университетінің дәлелденген зерттеу-негізді «Inquiry-based Learning» (зерттеу арқылы оқыту) әдістемесі қолданылады. Бұл әдіс сту­дент­тің тек техникалық машығын емес, сыни ойлау, кәсіпкерлік, көшбасшылық қабілеттерін дамытуды мақсат етеді. Яғни ЖИ дәуірінде өз орнын таба алатын тұлғаны қалыптастырады. Үшіншіден, бұл бағдарлама бәріне арналған. Сіз ЖИ саласына жаңа қадам бассаңыз да, не күрделі қолданбаларды жасауға дайын болсаңыз да, бұл жүйеде өз жолыңызды табасыз. Алдағы алты жылда 600 000 қазақстандық инновацияны ілгерілетіп, жаңа стартаптар құрып, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік алады, – дейді ғалым.

Биылдың өзінде «AI-sana» жобасы аясында студенттер ауыз толтырып айтарлықтай ЖИ-агенттер жасап шыққан. Солардың ішінде үздік деп танылғандары форум барысында арнайы марапатқа ие болды. Мысалы, медицина бағыты бойынша «Zhan.care.AI» топ жарды. Студенттерден құралған «Enactus» командасы жасанды интеллект негізіндегі телемедициналық жүйе жасап, оны тәжірибеге енгізген. Бұл жоба дәрігер мен пациент арасындағы байланысты жеңілдетіп қана қоймай, диагнозды дәл қояды.

Жаңа жүйенің ерекшелігі – жасанды интеллект дәрігер мен науқастың арасындағы «көмекші» рөлін атқарады. Науқас ауру белгілерін енгізгенде, бағдарлама оларды талдап, ықтимал ауру түрін қарапайым тілде түсіндіреді. Мысалы, «бас ауруы» немесе «қызу» сияқты симптомдар жазылса, жүйе олардың себептерін түсіндіріп, әрі қарайғы қадамдарды ұсынады. Егер жағдайдың шұғыл екенін анықтаса, жедел жәрдем шақыру қажеттігін хабарлайды. Бұл – науқастардың белгілерін дұрыс сипаттай алмауынан туындайтын қателіктерді азайтып, шұғыл көмектің уақтылы жетуіне жол ашады.

Жоба авторларының айтуынша, жасанды интеллект тек ресми меди­ци­на­лық хаттамалар мен халықаралық нұсқаулықтарға сүйеніп жұмыс істейді. Интернеттегі бейресми ақпаратты қолданбайды. «Біздің мақсат – диагнос­тика сапасын арттырып, дәрігердің жұмысын жеңілдету. Қазіргі көрсет­кіш бойынша жүйенің дәлдігі 98 пайызға жетіп отыр. Алдағы уақытта платформаға науқастың ауру тарихы, талдау нәтижелері, рецепті мен емдеу жоспары енгізіліп, барлығы бір жерден қолжетімді болады», дейді жобаны әзірлеушілер.

Ал Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Қазақстан – академиялық білім аумағы» халықаралық форумына екі инновациялық жоба ұсынған. Оның бірі – «Smart Safety Monitor», екіншісі – «AI Assistant» атты интеллектуалды көмекші жүйе. «Smart Safety Monitor» индустриялық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін бақылауға арналған. Бұл жоба компьютерлік көру технологиясына және жасанды интеллектіге негізделген. Жүйе жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде анықтайды. Қазір аталған жүйе «Қазцинк» компаниясында қанатқақты режімде сынақтан өтіп жатыр. Екінші жоба – университеттің ішкі жасанды интеллект модулі, яғни оқу орнының деректеріне негізделген интеллектуалды ассистент. Бұл жүйе университет туралы кез келген ақпаратты – студенттер саны, факультеттер, шетелдік студенттер үлесі, жатақханадағы орын саны, стипендия көлемі, тіпті оқу қарыздары сияқты мәліметтерді нақты әрі жедел ұсына алады. Ассистент ақпарат беріп қана қоймай, аналитикалық және визуалды есептерді де автоматты түрде да­йындайды. Қолдану­шы сұраған деректерді диаграмма, график немесе инфографика түрінде визуализациялап, дайын файл ретінде ұсы­нуға қабілетті. Сонымен қатар жүйе сұралған ақпаратқа байланысты қосымша ұсыныстар айтып, аналитикалық болжам жасауға мүмкіндік береді.

– Біз университеттің барлық дере­гін бір ортаға, «data lake» жүйесіне жинақ­тап, соған негізделген жасанды интеллектіні үйретіп жатырмыз. Бұл ассистент оқу орнының стратегиялық басқаруына, даму көрсеткішін талдауға, әлсіз және күшті тұстарды айқындауға көмектеседі. Ол тіпті алдын ала болжам жасап, қай бағытта өсу немесе кері кету бар екенін көрсетеді. Айта кетейін, бұл жүйе тек университет қызметкерлеріне қолжетімді. Өйткені онда жеке деректер жинақталған. Яғни қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген, – дейді Шығыс Қазақстан техникалық университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі Ұлан Несіпқалиев.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры Дархан Ахмед-Зәки студенттердің әлеуетті стартап жобаларын нарыққа енгізіп, нәтижелі табысқа жетуі үшін университет халықаралық әріптестік орнатып жатқанын атап өтті.

– Жалпы, «AI-Sana» жобасы аясында жүз мыңға жуық студент іріктеліп, соның шамамен 1,5–2 мыңдайы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінен болады деп жоспарланып отыр. Осы студенттер қарапайым ЖИ-агенттерін құрастырып, бизнес барысын оңтайландыратын кеңес­ші жүйелерді дамыта алады. Мұн­дай агенттер кәсіпорындардың ішкі шығындарын азайтуға, жұмысты жеделдетуге мүмкіндік береді. Болашақта жасанды интеллектіні маркетинг, туризм, медицина, ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың түрлі салаларында қол­дану жоспарланып отыр. Алайда бұл тек бір университеттің күшімен жүзеге асатын жоба емес. IT-компаниялармен және бизнес құрылымдармен бірлескен экожүйе қажет. Осы мақсатта біздің университет «Lenova» компаниясымен әріптестік орнату мүмкіндігін қарастырып отыр, – деді ол.

Сондай-ақ ол жасанды интеллектіні дамытуға суперькомпьютер қуатының аса қажет екенін жеткізді.

– Техникалық база мәселесіне келсек, университеттерде жасанды интеллектіге арнал­ған суперкомпьютерлер жеткіліксіз. Дегенмен қарапайым ЖИ-агенттер мен шағын модельдерді ноутбукпен-ақ жасауға мүмкіндік бар. Жасанды интел­­лектіні дамытуда суперкомпьютер қуатының маңызы зор. Себебі нейрожелілерді үйрету үшін үлкен көлемдегі деректерді өңдеу қажет. Ал ақпарат көлемі жылдан-жылға артып келе жатқандықтан, мұндай есептеу инфрақұрылымы әрі қарай да дамиды. Мемлекет басшысы жақында университеттер мен ғылыми мекемелерге ірі суперкомпьютерлерге қол жеткізу бойынша нақты тапсырма берді. Бұл – жасанды интеллект зерттеуін тереңдетуге және ғылыми резидентураны дамытуға жол ашады, – дейді ол.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары