Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Келешегі мол кеніштер

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Атыраудағы бірегей зауыт

Атыраудағы бірегей зауыт

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өңірде екі жылдан бері вагон құрастыру зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл – мұнайлы облыстағы маңызды инвестициялық жобаның бірі.

«Texol» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазаваның айтуынша, зауытта жобалаудан сериялық шығаруға дейінгі өндірістің толық циклі іске қосылды. Мұның бірнеше маңызды тұсы бар. Біріншіден, жаңа өнеркәсіптік экожүйенің инновациялық өзегіне басымдық беріліп отыр. Екіншіден, Орталық Азиядағы жүк тасымалдау әлеуетінің өскені ескерілді. Үшіншіден, істен шығуы мүмкін жылжымалы құрамды уақтылы ауыстыру мен жаңа вагондарға сұраныстың артқаны әсер етіпті.

«Жобаға салынған бастапқы инвес­тиция көлемі шамамен 170 млн долларды құрайды. Ал жобаны толық жүзеге асыру кезіндегі инвестиция 160 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Зауыттың қуаты – жылына 6 мың вагон құрастыру. Біздің зауытта жаңа өндіріс орнында осьтік жүктемесі 23,5 мың тоннаны көтеретін жартылай вагондар мен фитингтік платформалар шығарылады. Қазір вагон-цистерналарды шығару толық жолға қойылды. Енді алдағы уақытта астық және минералдық тыңайтқыштарды тасымалдайтын жабық вагондарды, ұзын базалық вагон-платформаларды, еуропалық жолтабан үшін жылжымалы құрамды шығаруды көздеп отырмыз. Зауыт толық қуатына 2027 жылы көшеді», дейді Ш.Абхазава.

Оның пікірінше, зауыт мамандары сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін, құрғақ жүктерді тасымалдауға арналған темір­жол вагоны мен цистерналар­ды құрастырумен шектелмейді. Вагон­дардағы түрлі ақауды жөндейді. Мақсат – вагон құрастыру кластерін қалыптастыру.

Зауыттың бас директоры Аманқос Құлмағамбетовтің дерегіне қарағанда, компания сериялық өндірісті іске қосумен қатар сертификатталған өнім желісін айтарлықтай кеңейтіп отыр. Өйткені барлық сынақ сәтті өтіп, қажетті сертификаттар алыныпты.

«Біз ашық вагондарды, платформалар мен екі типті цистернаны шығарамыз. Ашық вагондарды жабуға арналған қақпақты шығару өндірісі игерілді. Бұл бөлшек ведомствоаралық сынақтан өтті. Жылжымалы құрам мен оның қосалқы бөлшектерін өндіретін кәсіпорынға берілетін бірегей сәйкестендіру коды мен шартты таңбалау нөмірі бар куәлік алынды», дейді А.Құлмағамбетов.

Зауыт мамандары 1520 мм жолтабанда жүретін барлық үлгідегі жүк вагондарын шығаруды мақсат етіп отыр. Бұл  ұзындығы бойынша әлемде екінші, ал ТМД елдері аумағында бірінші бірегей вагон болмақ.

«Компанияда жеке конструктор­лық бюро бар. Біздің мамандар вагон түр­лерінің жобасын өздері жасайды. Сол жо­баға сәйкес вагондар өз зауытымызда құрас­тырылады. Вагондардың сертифика­тын дайындап береді», дейді зауыт директоры.

Биылғы ақпанда Атырау вагон құ­рас­­­тыру зауыты Қазақстан тауар өндіру­шілерінің тізіміне әмбебап жартылай вагон өндіруші ретінде тіркелді. Бұл кәсіпорынның отандық өндіруші мәр­тебесін ресми түрде алғанын растайды. Енді зауыттың дамуына, өнім көлемін артты­руға, еліміздегі жүк вагондарын шығаратын жетек­ші кәсіпорынға айнал-уына жол ашылды.

Директордың дерегіне қарағанда, зауыттың ауқымды жоспары бар. Нақты­лай айтқанда, әрқайсысы 40 футтық екі кон­тейнерді, жабық вагондарды тасымалдауға арналған ұзын базалық платформалар өндірісі мен қысымға шыдайтын ыдыстар санатына жататын цистерналарға қазандар дайындау қолға алынады.

«Елімізде дәл осындай өндіріс орны жоқ. Тіпті Ресей мен Беларусьтегі кәсіп­орындарда мұндай технологиялар әзірге қолжетімді емес. Біздің зауыт бастапқыда кең ауқымды өнім номенклатурасы бар вагон жасау кешені ретінде жобаланған болатын», деді А.Құлмағамбетов.

Рас, өндіріс өрісін кеңейтуге сапалы шикізат қажет. Материалдардың бiр бөлiгi iшкi нарықтан сатып алынады. Алайда елімізде жоғары талапқа сәйкес қазанға арналған болат әзiрге қажеттi көлемде шығарылмайды. Сол себептен зауыт басшылары бұл мәселені отандық металлургиялық кәсіпорындармен бір­лесе шешуге ұмтылып отыр.

«Жергілікті кадрларды даярлауға ерекше назар аудардық. Қазір зауытта 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Штат кеңейіп келеді. Кәсіпорын базасында нақты технологиялар мен бұйымдар шығаруға мамандарды даярлайтын жеке оқу орталығы құрылды. Өйткені біз дәлдігі миллиметрмен өлшенетін халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейміз. Бұл тиімді технологиялық кластерді құруға мүмкіндік береді», дейді А.Құлмағамбетов.

Былтыр аталған компаниялар тобы жүк вагондарына арналған доңғалақ жұптарын шығарып, толық циклде күрделі жөндеуден өткізетін шеберхананы іске қосты. Мұндағы жұмыс толығымен автоматтандырылған.

«Бұл жобаның маңыздылығы өн­дірісте ғана емес, өнеркәсіпті әртараптан­дыру­дың нақты бағыты саналады. Осыған дейін сырттан әкелінетін бөлшектер ғана енді өзімізде өндіріле бастады. Жалпы, «Махамбет» өнеркәсіптік-өндірістік кешені индустриялық аймаққа айналды. Мұнда вагон жөндеу, компоненттер шығару, газ терминалдары мен арнайы техникалық қызмет көрсететін ны­сан­дар шоғырланған. Жақын арада құй­ма өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қадам жергіліктендіру дең­ге­йін 96%-ға дейін жеткізіп, импортқа тәуел­ділікті айтарлықтай азайтады», деді об­лыстық өнеркәсіп және кәсіпкер­лік басқар­масының басшысы Данияр Орынбасаров.

Кәсіпорын басшыларының пікіріне сүйенсек, ұзақмерзімді келешекте жобаны дамыту отандық қамту мен өнеркәсіптік кооперацияға қуатты серпін береді. Ал за­уыт өнімдері ішкі нарықта ғана емес, одан тыс елдерде де сұранысқа ие болады. Пайдалану мерзімі 30 жылдан асатын отандық вагондар мен қазандарға, сондай-ақ контейнерлік тасымалдауға арналған жабық вагондар мен платформалар сұранысқа ие болып отыр.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 08:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see118

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see113

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see111

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see104

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see104

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see104

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see101

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see101

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

08 Тамыз 2026 01:23see100

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары