ЖИ жұмысшыны алмастыра ала ма?
24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жасанды интеллект өмірімізге ғана емес, еңбек нарығына да еніп жатыр. Тіпті жаңа технологиялар адамның орнын басып, қатардағы жұмысшыларды қарекетсіз қалдыруы мүмкін деп қалың көпшілік уайымға батты. Бұл тұста Майкрософттың жүргізен зерттеуі бар. Оған сүйенсек жасанды интеллектінің орын басу мүмкіндігі жоғары бірнеше мамандық бар екен.
Бірінші орында медиа және тұтынушылармен жұмыс істейтін бағыттар тұр. Кейін тізімді ақпараттық технологиялар мен математика, кеңсе, әлеуметтік қызмет пен қоғамдық жұмыс, сондай-ақ өнер, дизайн, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары жалғайды. Алайда халық қалаулылары: «алаңдауға еш негіз жоқ», - деп отыр. «Жасанды интеллект адамды толық алмастыра алмайды, ол тек қосымша құрал ретінде жүреді», - дейді.
Ажар Сағандықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Білім, денсаулық сақтау, логистика және кедендік бақылау секілді бірқатар салада жасанды интеллекті қажет. Тұрғындар жаңашылдықтан қорықпай, инновациялық кезеңге нық қадам басуы керек. Алайда бір нәрсені ұмытпаған абзал: жасанды инетеллект – адамның түйсігін алмастыра алмайды. Демек адам ресурстары қай салада болсын өз қажеттігін көрсетеді. Ал жасанды интеллект қосымша құрал, яғни көмекші ретінде жүреді.


