Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?

Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Білім беру саласына жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу – заманауи оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналды. ЖИ оқытуды дербестендіру, әкімшілік міндеттерді автоматтандыру және білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін жаңа көкжиектер ашады. Алматыдағы Freedom Talk EdTech алаңында білім беру және технология саласының сарапшылары жасанды интеллектінің оқыту жүйесін қалай өзгертетінін, қандай міндеттерді шеше алатынын және технология мен мектептегі адамның рөлі арасындағы шекара қайда өтетінін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Пікірталасқа Bilim Group негізін қалаушы және компанияның бақылау кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы, Freedom Holding бас техникалық директоры Ренат Түканов пен Bilim Group бас директоры және тең негізін қалаушы Александр Савченко қатысты.

Рауан Кенжеханұлының пікірінше, бүгінгі білім беру саласындағы басты сын-қатер – оқытудың классикалық моделінің заман талабына сай келмеуі. Сарапшы білім жүйесінің әлі де ғасырлар бойы өзгермеген ескі қағидаттарға сүйенетінін атап өтті. Оның айтуынша, жүйе әлі күнге дейін ғасырлар бойы өзгермеген қағидат бойынша құрылған. Бірақ технлогияның дамуы мұны өзгертуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі білім берудің негізгі түйткілі – оның 200 жыл бұрынғы қалыптан шыға алмауында. Сыныптағы отыз оқушы және әрқайсысына көңіл бөлуге физикалық тұрғыдан үлгермейтін жалғыз мұғалім – бүгінде үйреншікті, бірақ тиімсіз көрініске айналған. Қазіргі таңда технологияның мүмкіндігін еркін меңгерген, тіпті жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалана алатын оқушылар өсіп келеді. Алайда мұғалімдерде әр балаға арналған жеке оқу траекториясын құруға мүмкіндік пен уақыт тапшы.

Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?

Қоғамда «жасанды интеллекті мұғалімдерді алмастыра алады» деген пікір қалыптасқан. Бірақ мұғалімдер мұнымен келіспейді. Жасанды интеллект мұғалімнің орнын басуы үшін нейрожелі келесі күрделі дағдыларды меңгеруі тиіс:

Эмоцияны, ым-ишара мен мимиканы тану және олардың мәнін түсіну; Оқушының хабарламаларын көп деңгейлі терең талдаудан өткізу; Мәтіндік және дауыстық ақпаратқа сәйкес реакция білдіру.

Технологиялар дамуының қазіргі деңгейіне сүйенсек, ЖИ-ді мұндай «адами» қасиеттерге баулу әлі де мүмкін емес. Егер жақын арада оқытудың мүлдем жаңа әдістемесі пайда болмаса, жасанды интеллект адам баласына тән эмпатия мен сезімді алмастыра алмайды.

Bilim Group бас директоры Александр Савченко өз сөзінде мектепте технологияларды тәжірибеде қолдануға және педагогтың рөлін өзгертуге баса назар аударды. Оның айтуынша, ЖИ негізгі әсері – адамды алмастыруда емес, білім беру үдерісі ішіндегі функцияларды қайта бөлуінде.

«Біз жасанды интеллект мұғалімді алмастырады деген сценарийді көріп отырған жоқпыз. Алайда ол күнделікті атқарылатын жұмыстардың едәуір бөлігін – оқу материалдарын дайындауды, тапсырмаларды тексеру мен есеп беруді өз мойнына ала алады. Бұл педагогтың ең маңызды міндеті – шәкіртке тәлімгер болу, оған қолдау көрсету және тікелей қарым-қатынас орнату үшін уақытын босатады», деді сарапшы.

Сарапшы Савченко оқытуды дербестендіру тек тапсырманы күрделендіру емес, баланың жеке мүддесі мен өмірлік жағдайын ескеру екенін атап өтті. Ол білім беру платформалары жинайтын мәліметтердің маңызы мен оларды талдау мүмкіндіктеріне жеке тоқталды.

«Жасанды интеллект жаңа индустрияға – оқушы туралы деректерді талдау мен түсіндіруге жол ашады. Біз тек ақпарат жинап қана қоймай, оны ата-аналар мен педагогтар үшін ұғынықты қорытындыға айналдыра аламыз», деп түсіндірді Савченко.

Сарапшының пайымдауынша, кез келген білім беру процесі – бұл ең алдымен коммуникация. Мұғалім тек білім көзі ғана емес, ол – баланың мінез-құлқы мен ойлау жүйесін қалыптастыратын тұлға, нағыз рөлдік модель. Технология ұстаздың жүгін жеңілдетіп, әр оқушыға көңіл бөлуіне уақыт тауып беруі тиіс, бірақ ол адамды ешқашан алмастыра алмайды.

Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?

Freedom Holding Corp компаниясының бас техникалық директоры Ренат Тұқановтың айтуынша, қазіргі заманғы жүйелер, адамдық ойлау түріне ие емес.

«Қазіргі заманғы жасанды интеллект жүйесі өте нақты міндеттерді шешеді. Егер тым жеңілдетсеңіз, олар келесі әрекетті немесе сөзді жақсы болжайды, бірақ адам сияқты ойланбайды және алаңдамайды. Олардың тәжірибесі, эмоциясы және физикалық әлемі жоқ»,  деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, толық автоматтандыру туралы әңгімелер көбінесе асыра айтылған. Тіпті технологияларды белсенді енгізген кезде де міндеттердің едәуір бөлігі адамда қалады.

«Зерттеушілердің бағалауынша, экономикадағы міндеттердің төрттен бір бөлігін автоматтандыруға болады және олардың аз ғана бөлігі экономикалық тұрғыдан ақталады. Сондықтан ЖИ мүмкіндіктеріне байыппен қарау маңызды – бұл күшті құрал, бірақ адамды әмбебап алмастыру емес», деп атап өтті Тұқанов.

Ол сондай-ақ Қазақстан үшін жасанды интеллектіні дамытудың экономикалық өсімнің маңызды бағыты болуы мүмкін екенін, бірақ жүйелі жобалар мен ұзақ мерзімді тәсілді талап ететінін атап өтті.

Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?

Жалпы, пікірталасқа қатысушылар Қазақстандағы EdTech-индустриясы тәжірибе сатысынан шығып, білім беру саясатының жүйелік элементіне айналып отыр деп тұжырымдады. Технологиялар оқытудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, алайда цифрлық құралдар мен адами өзара іс-қимыл арасындағы теңгерім негізгі фактор болып қала береді.

Freedom Talk EdTech алаңындағы пікірталас бүгінгі күннің басты мәселесі технологияның мектепке келуі емес, білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыру екенін айқындап берді. Жасанды интеллект мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, оның мүмкіндіктерін еселеп арттыратын таптырмас құралға айналады. 

Соңғы жаңалықтар

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

Қоғам • Бүгін, 17:12

Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды

Қоғам • Бүгін, 17:08

Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституциядағы экологиялық ережелердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы зор

Ата заң • Бүгін, 16:57

Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды

Қоғам • Бүгін, 16:53

Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?

Білім • Бүгін, 16:35

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 16:17

Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады

Спорт • Бүгін, 16:04

Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды

Білім • Бүгін, 15:58

Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді

Үкімет • Бүгін, 15:42

Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады

Аймақтар • Бүгін, 15:27

Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Президент • Бүгін, 15:23

Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Қоғам • Бүгін, 15:07

Асхат Аймағамбетов қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптарға қатысты пікір білдірді

Заң • Бүгін, 14:45

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Оқиға • Бүгін, 14:28

Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді

Аймақтар • Бүгін, 14:13

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 17:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары