Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазіргі кезде жасанды интеллект көптеген салада жүйені автоматтандыра бастады. Дегенмен алдағы жылдары ол кеңінен қолданылса, заң, медицина, қаржы сияқты жоғары білім мен тәжірибені талап ететін салаларда да елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Ал өндіріс пен логистикада автомат­тандыру үдерісінің қарқыны байқалады. Қазірдің өзінде-ақ қайталанатын қол еңбегі, қойма жұмысы, жүк тасымалы роботтардың қолына өтіп үлгерген.

Автоматтандырылатын мамандықтар

Бүгінгі нарықта жасанды интеллект негізіндегі автономды жүк көліктері, роботтандырылған қоймалар мен конвейерлік желілер көбейе бастады. Алайда сарапшылардың айтуынша, мұндай технологиялар адам еңбегін толық алмастыра алмайды: оларды бақылау, күтіп ұстау, дұрыс үйлестіру қажет. Егер бұл тепе-теңдік сақталмаса, автоматтандыру күткен нәтижені бермей, керісінше шығынға әкелуі мүмкін.

Қаржы мен банк секторында жасанды интеллект деректерді талдау, тәуекелді бағалау, есеп жүргізу сияқты жұмыстарды күннен-күнге жақсы атқарып келеді. Соның әсерінен деректер талдаушысы, тәуекел-менеджері, бухгалтер, аудитор, әкімші-ассистент сияқ­ты кейбір мамандықтарға сұра­ныс төмендеуі мүмкін. Ірі компаниялар құжат айналымы мен кеңсе жұмыстары­ның бір бөлігін интеллектуалды жүйелерге жүктеп, әкімшілік жұмыстарды оңтайландырып жатыр.

Медиа саласында да өзгеріс бар. Жасанды интеллект қарапайым жаңа­­лық­тар мен қысқа ақпараттық мәтін­дерді автоматты түрде жаза алады, кей­бір агенттіктер бұл тәсілді тәжірибеде қолданып та отыр. Зерттеулер журна­лис­­тер мен жазушылар жұмы­­­сы­ның едәуір бөлігін ЖИ көмегімен-ақ орындауға болатынын көрсетті. Әйтсе де терең талдау, зерттеу, қоғам үшін маңыз­ды ақпаратты талдап-түсіндіру сияқты мін­дет­терде нейрожелі әзірге көмекші құрал ре­тін­де ғана жарайды.

IT саласының өзі де бұл өзге­ріс­тен тыс қалған жоқ. Қара­пайым код жазу, тестілеу сияқты бастапқы деңгейдегі тапсырмаларды жасанды интеллект құрал­дары оңай орындайды. Соның нәтижесінде тәжірибесі аз маман­дар­ға сұраныс аза­йып, ал тәжірибелі, білікті кадр­лардың рөлі күшейе түсті. Көп­те­ген компания шағын топтан тұратын, бірақ өнімділігі жоғары коман­даларға көше бастады. 

Адамды алмастыра алмайды

Жасанды интеллект қанша дамыса да, оны толық алмастыра алмайтын немесе адаммен бірлесіп қана атқарылатын жұмыстар бар. Мұны халықаралық ұйым­дардың деректері де растайды. Дүние­жүзілік экономикалық форумның (WEF) соңғы есептеріне сәйкес адам денесінің ептілігі мен нақты ортаға бейім­делуді талап ететін физикалық еңбек түр­лерін ЖИ жақын жылдары толық игере алмайды. 2020 жылы 2025 жылға қарай жұмыстың 47 пайызы роботтарға өтеді деген болжам жасалған еді. Алайда бұл болжам қайта қаралып, 2027 жылға қарай автоматтандырылатын еңбек үлесі небәрі 42 пайыз болуы мүмкін екені айтылды.

Құрылыс, жөндеу, ауыл шаруашы­лы­ғы, көлік жүргізу сияқты салаларда адам ең­бе­гі бұрынғыдай маңызды болып қала бермек. Сарапшылардың пікірінше, ауыл шаруашылығы техникасын жүргізетін операторлар, жүк көлігі мен автобус жүр­гізушілері, слесарьлар, дәне­кер­леу­шілер, сантехниктер мен электр монтаждаушылар алдағы жылдары да сұранысқа ие болады. Себебі адам миының басты артықшылығы – оның денемен тікелей байланыста жұмыс істеуі, күтпеген жағдайда жедел шешім қабылдай алуы. «BBC» сараптамаларына сәйкес әлеуметтік қыз­мет­керлер, күтім көрсету саласының мамандары, тәрбиешілер мен психотерапевтер нейрожелі алмастыра алмайтын кәсіптер қатарында. Эмоцияны түсіну, жанашырлық таныту, сенім орнату сияқты қасиеттер алгоритмге тән емес. Медицинада да жасанды интеллект диагноз қоюда немесе рентген, МРТ суреттерін талдауда көмектескенімен, науқаспен сөйлесу, психологиялық қолдау көрсету, күрделі әрі жауапты ше­шім қабылдау дәрігерлер мен мейір­­би­келердің еншісінде қалады. Ал «The Guardian» мәліметінше, ауруханаларда ЖИ көбіне кеңесші құрал ретінде қолданылып, дәрігерлердің уақытын үнемдеуге ғана қызмет етеді.

Шығармашылықты талап ететін жұ­мыстар да адамсыз жүзеге аспайды. «WEF»-тің 2023 жылғы баяндамасында жасан­ды интеллект креативті ойлау мен түп­нұсқа идея тудыруды қажет ететін мамандықтарды алмас­­­тыра алмайтыны көрсетілген. Ғы­лыми зерт­­теушілерге, инженерлерге, стра­тегиялық жоспарлаушыларға ЖИ есеп­теулерді жеделдететін құрал бол­ға­нымен, жаңалық ашу, бағыт-бағдар белгілеу адамның сыни ойлауына тәуелді. «OpenAI» зерттеулерінде де ғы­лыми талдау мен сын тұрғысынан ойлау қабілетін қажет ететін маңызды сала­ларға ЖИ аса ықпал ете алмайтыны айтылған.

Сонымен қатар көптеген салада жасанды интеллект адамды алмас­тыратын емес, онымен бірге жұмыс істейтін құралға айналып келеді. MIT профес­соры Дэвид Аутордың айтуынша, жаппай жұмыссыздық қаупінен гөрі, қызметкерлердің ЖИ-мен бірлесіп жұмыс істеуге бейімделуі маңыздырақ. «McKinsey Global Institute» дерегінше, қазірдің өзінде компаниялардың 50–60 пайызы жасанды интеллектіні жұмыс барысына енгізе бастаған. 

Нарық қалай құбылады?

Жасанды интеллектінің еңбек нарығына жедел енуі уақытша кері әсер тудыруы мүмкін. АҚШ нарығын зерттеген «Goldman Sachs» сарапшыларының бағалауынша, ЖИ кеңінен қолданылған жағдайда жұмыссыздық деңгейі өтпелі кезеңде 0,5 пайызға өсуі ықтимал. Бұл шамамен еңбекке жарамды халықтың 2,5 пайызына тең. Гарвард университетінің экономисі Лоуренс Кацтың айтуынша, жасанды интеллект кейбір жұмыс түрін жойғанымен, оның орнына жаңа қызмет пен міндеттерді қалып­­тас­тырады. Бұған тарих та дәлел. Өткен ғасырда механикаландыру мен автоматтандыру ауыл шаруашылығындағы жұмысшылар санын күрт азайтты, бірақ өндіріс пен қызмет көрсету саласында миллиондаған жаңа жұмыс орны пайда болды. Дәл осындай үрдіс қазір де қайталануы ықтимал. «Goldman Sachs» экономистері жүргізген талдау да осы пікірді қуаттайды. Олар технологияға қатысты «адам еңбегі толық жойылады» деген пессимистік болжамдар тарихта талай мәрте айтылғанын, бірақ олардың көпшілігі шындыққа айналмағанын атап өтеді. Зерттеуде мынадай дерек келтіріпті: «1940 жылдан бері АҚШ-та жұмыс істеп жүрген адамдардың 60 пайызы бұрын мүлде болмаған кәсіптерде еңбек етеді. Ал кейінгі 80 жылда пайда болған жұмыс орындарының 85 па­йыздан астамы технологияның арқасында ашылған». Бұл жасанды интеллект те жаңа маман­­дық­тар қалыптастыратынын аңғар­тады. Ұлыбританияда жүргізілген талдаулар да осыған саяды. Тони Блэр инс­титутының бол­жамынша, алдағы жылдары жеке секторда 3 миллионға дейін жұмыс орны қысқаруы мүмкін, бірақ ЖИ экономикасы дамыған са­йын жаңа қызмет түрлері пайда болып, айтарлықтай жұмыссыздық өсімі болмайды.

Жасанды интеллектінің жаппай енгізілуі технологиялық қана емес, әлеу­­мет­тік мәселе ретінде де қарастырылып отыр. Сарапшы­лар­дың ескертуінше, егер қоғам бұл өзгеріске дер кезінде бейімделмесе, ЖИ әлеуметтік теңсіздікке алып келеді. Жасанды интеллект ірі компаниялар мен жоғары табысты топтардың мүмкіндігін арттырып, орта таптағы бірқатар қызмет түрін қысқартқанда, бай мен кедей арасындағы табыс айырмасы ұлғайып, әлеуметтік алшақтық күшейе түседі. Мәселен, автоматтандыру көбіне кеңсе, әкімшілік, орта буын қызметкерлеріне әсер етеді. Бұл санаттағы мамандардың бір бөлігі жұмысынан айырылып, төменірек ақы төленетін жұмысқа жалдануы мүмкін. «McKinsey» есебіне сүйенсек, АҚШ-та 2030 жылға қарай шамамен 12 миллион адам басқа кәсіпке ауысады. Оның ішінде төмен жалақы алатын қызметкерлер жоғары табысты мамандарға қарағанда 14 есе жиі мамандық өзгертуге мәжбүр болады. Бұл еңбек нарығында қайта даяр­лау мен жаңа дағдыларды меңгерудің маңызын күшейтеді. Сарапшылардың сөзінше, бұның шешімі – қайта оқыту мен өмір бойы білім алу.. 

Көп оқыған озады

«Guardian» шолушысы Эрин Линг үкіметтер мен компаниялар азамат­­тарды жаңа экономика талапта­рына бейімдейтін жаппай оқыту бағдар­ла­ма­ларын іске қосуға тиіс екенін атап өтеді. Оның пікірінше, адамдарға бір мамандық қана емес, бірнеше рет кәсіби бағыт ауыстыруға мүмкіндік бере­тін дағдылар қажет. Осы тұрғыдан ал­ғанда, елімізде қолға алын­ған жасанды интеллект пен цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған ұлттық бағдарлама  алдағы өзгерістерді күтпей, алдын ала жа­салған қадам деуге болады. Жасан­ды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың өзінде 900 мыңнан астам азамат жасанды интеллект пен цифрлық дағдылар бойынша оқудан өткен. Кадр даярлау бағытында «Tech Orda» арқылы 9 мыңнан астам адам жаңа IT-мамандықты меңгерген. «Tomorrow School» жобасына қызығушылық бұдан да көп. Бағдарламаға 17 879 өтінім түсіп, соның негізінде бүгінде 350-ден астам студент 18 айлық тереңдетілген білім алып жатыр. Жасөспірімдер сегментінде де сұраныс жоғары. «TUMO Astana» орталығына 2 361 өтінім беріліп, 1 134 бала оқуға қабылданған. Жоғары білім жүйесінде «AI Sana» бағдарламасы арқылы 650 мыңнан астам студент сертификат алып, цифрлық экономика талаптарына бейімделген. Мемлекеттік басқару саласында 50 мыңнан астам мем­лекеттік қызметші «AI Qyzmet» бағдарламасы арқылы жасанды интел­лектіні күнделікті жұмысында қолдану­ды бастаған. Ал білім жүйесінде 300 мыңға жуық педагог оқу барысында ЖИ құралдарын пай­далану дағдыларын меңгерген. Жаппай қол­жетімді онлайн-оқыту да кең ауқымды қамтып отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары