Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Белгілі болғандай, көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Бас прокуратураның, ішкі істер, көлік және денсаулық сақтау министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік құрылымдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіліп, жүргізушілерді даярлайтын оқу ұйымдарын лицензиялау қайта қалпына келтірілді, мопедтерді міндетті тіркеу енгізілді, құқық бұзушылықтарды автоматты тіркеу кеңейтілді, сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар жүргізушілер туралы мәліметтермен цифрлық алмасу жолға қойылды.

Қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің саны 6%-ға (22 346-дан 21 007-ге дейін), ал қаза тапқандар саны 15,5%-ға (955-тен 807-ге дейін) азайды. Соның нәтижесінде 148 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Бұл ретте, жаяу жүргіншілердің де жауапкершілігі ерекше маңызды. Жолдың жүру бөлігіне шығар алдында оның қауіпсіз екеніне көз жеткізу қажет, ал ата-аналар кішкентай балаларды әрдайым қолынан жетектеп жүруі тиіс. Әсіресе дыбысы бәсең электр көліктерін басқаратын жүргізушілер жаяу жүргіншілерге барынша мұқият болуы қажет.

Жүргізуші мәдениеті Жол жүрісі қағидаларын сақтаумен ғана шектелмейді, ол қоршаған ортаға ұқыпты қараудан да көрінеді. Көліктен қоқыс тастамаңыз – тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Бас прокуратура жылдамдықты арттыру, қауіпті маневр жасау, мас күйінде көлік басқару, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану және Жол жүрісі қағидаларын өзге де өрескел бұзу жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамаққа алуға, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі ең алдымен әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігіне байланысты. Адам өмірін сақтау мен қауіпсіз көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыруға мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Заңнаманы жетілдірумен қатар прокуратура органдары профилактикалық жұмысты жалғастыруда. 2026 жылғы 23 шілдеде Бас прокуратура Жол жүрісі қағидаларын жүйелі түрде бұзатын елорда жүргізушілермен кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды жазалау емес, кезекті құқық бұзушылық адам өліміне әкелмей тұрып, олардың мінез-құлқын өзгертуге ықпал ету. Бұл – прокуратураның "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асырудағы превентивтік тәсілінің көрінісі.

"Азаматтарды қауіпті көлік жүргізу, заңсыз жарыстар және Жол жүрісі қағидаларын өзге де өрескел бұзу фактілері туралы полиция органдарына хабарлауға шақырамыз. Тәжірибе көрсеткендей, ауыр жол-көлік оқиғаларының едәуір бөлігін бұрын бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жүргізушілер жасайды. Кейбір құқық бұзушылар үшін айыппұл заң талаптарын елемеудің құнына айналып барады. Мәселен, Алматы қаласында үш адамның өмірін қиған жол апатының кінәлісі бұған дейін жылдамдықты 21 рет асырған, ал Ақмола облысындағы адам өліміне әкелген жол апатын жасаған жүргізуші бұған дейін Жол жүрісі қағидаларын 13 рет бұзған. Азаматтардың уақтылы хабарламалары мен бейнетіркегіштердің жазбалары жол бұзақыларын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді",- деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар, жолдардағы ахуал әлі де күрделі екені атап өтілді. Әсіресе, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу, заңсыз түнгі жарыстар және жол бұзақылығының өзге де көріністері ерекше алаңдаушылық туғызады.

"Алты ай ішінде 15 188 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың жартысынан астамын Жол жүрісі қағидаларын қасақана әрі жүйелі түрде бұзатын жүргізушілер жасаған. Жаяу жүргіншілер өткелдерінде 5 971 адам жарақат алып, 208 азамат, оның ішінде 40 бала қаза тапты. Мас күйінде көлік басқарған жүргізушілердің кінәсінен 209 адам зардап шегіп, 8 адам көз жұмды. Ең ауыр зардаптар бұрынғыдай жылдамдықты арттыру мен қауіпті маневр жасауға байланысты. Дәл осы құқық бұзушылықтардың салдарынан 8 мыңнан астам адам жарақат алып, 676 азамат қаза тапты. Сондықтан бүгінде жол бұзақыларына қатысты ұсақ бұзақылық үшін жауаптылыққа тарту тәжірибесі белсенді түрде енгізілуде. Соттар прокурорлардың құқықтық ұстанымын қолдап, құқық бұзушыларға әкімшілік қамақ тағайындауда. Жыл басынан бері ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 29 жол бұзақысы әкімшілік қамаққа алынды". ҚР Бас прокуратурасы

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (@prokuratura.govkz)

Сондай-ақ, биылғы 25 тамыздан бастап 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілердің міндетті медициналық тексеруден өтуін бақылау тетігі жетілдіріледі. Бұл өзгерістер жаңа міндет жүктемейді, өйткені міндетті медициналық тексеру 2014 жылдан бері қолданыста.

Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет мемлекеттік ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда жүргізуші куәлігінің қолданылуы автоматты түрде тоқтатылады, ал №073/е нысанындағы медициналық қорытынды туралы ақпарат түскеннен кейін автоматты түрде қайта қалпына келтіріледі. Бас прокуратура азаматтарға медициналық куәландырудан алдын ала өтуді қатаң түрде ұсынады.

Айта кетейік, прокуратура органдарын цифрлық трансформациялаудың нәтижелерінің бірі – Бас прокуратура "Цифрлық қадағалау" платформасы негізінде іске асырған жүргізушілердің тәртібін балдық бағалау жөніндегі пилоттық жоба.

Ол бүкіл ел бойынша Жол жүрісі қағидаларын жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Заңнамалық ұсыныстарды іске асыру Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Құрылтай алаңында пысықталатын болады.

Бұған дейін елордада полиция көлік фараларын ұрлау дерегін ашқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 16:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары