Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жолдың жады оянған шақ

Жолдың жады оянған шақ

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

 Қазақстан жолдарында басталған жаңа технологиялық трансформация жол қауіпсіздігінің ғасырлар бойы қордаланған мәселелеріне шешім іздейді. Цифрландыру бұрын мемлекеттік қыз­метті, көбіне ірі қалаларды қамтитын құбы­лыс секілді қабылданса, енді ол тасжолдағы тыныс-тіршілікке белсенді араласа бас­тады. Президент тапсырмасымен қолға алынған цифрлық трансформация бүгінде республикалық автожолдарды басқару тәсілін ғана емес, жолдың өзін де «ақылды» инфрақұрылымға айналдырып жатыр. Ал цифрлық түлеумен бірге жолдарға түрлі инновациялық технологиялар ендіріліп жатыр. 

Түнмен «тілдескен» таңба

Кейінгі жылдары Қазақстан жол сапа­сын арттырумен қатар, қозғалыс қауіп­сіздігін технологиялық құралдар арқылы күшейтуге ден қойып келеді. Соның бір көрінісі – республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында алғаш рет люминесцентті жол таңбаларын сынақтан өткізу. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы тәжірибелік жобаны «Астана – Қорғалжын» автожолының 23-ші шақырымында іске қосты. Бұл учаскенің таңдалуы кездейсоқ емес. Мұнда көлік қозғалысы қарқынды, табиғи-климаттық жағдай жиі құбылады, жұртты қайғылы қазаға ұшыратқан жол-көлік оқиғасы тіркеліп тұрады. 

Жаңа бояудың басты ерекшелігі – күндіз жарық энергиясын жинап, түнде оны қайта шығару, жан-жаққа тарату қа­білеті. Соның арқасында жолақтар қараңғы кезде, жарық жеткіліксіз жағдайда немесе қауіпті бұрылыстарда, жол айырықтарында анық көрінеді. Дәстүрлі таңбалар жүр­гізушіге тек жолақтың орнын көрсетсе, люминесцентті технология қосымша ви­зуалды бағдар береді. Әсіресе жарықтан­дырылмаған қалааралық жолдарда оның маңызы ерекше. 

Қазір мамандар жабынның жарық шығару қарқындылығын, аптап ыстық, үскірік аяз бен жауын-шашынға төзім­ділігін, көлік жүктемесіне шыдамдылығын, жүргізушінің жолды қабылдауына ықпалын зерттеп жатыр. Пилоттық жоба сәтті аяқталса, бұл технология республикалық маңызы бар өзге жолдарға кезең-кезеңімен енгізіледі. Ұлттық компания мұны тәуекелі жоғары учаскелердегі жол апаттарының алдын алатын қосымша құралдың бірі ретінде қарастырады.

Жолдың қауіпсіздігі, әрине тек бояумен шектелмейді. Қазақстанның ақылы ав­томобиль жолдарында «лазерлік визуалды бағдарлау жүйелері» орнатыла бастады. «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы бұл жобаны республикалық маңызы бар жолдардың 22 учаскесінде жүзеге асырып жатыр. Оның қатарында Астана – Щучинск, Алматы – Қорғас, Шымкент – Тараз, Орал – РФ шекарасы бағыттары сияқты стратегиялық дәліздер бар.

Лазерлік қондырғылар теңіздегі шам­шырақ-маяк сияқты. Тек айырмашылығы: айналмайды, жолдың екі шетін жарық­тандырып, жиегі қайда екенін көрсетеді. Осы мақсатта ол жүргізушінің шолу ай­мағына айқын жарық сызықтарын про­ек­циялап, жол бойында тұрақты визуалды бағдар қалыптастырады. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының түсіндіруінше, мұндай жүйе қозғалыс бағыты мен жыл­дамдығын дер кезінде түзетуге, ұзақ әрі бірсарынды трассаларда қалғып кету қаупін азайтуға, жүргізушінің назарын шоғырландыруға және жол жағдайын тезірек қабылдауға мүмкіндік береді деп күтіледі. 

Халықаралық ұқсас жобалардың нәти­жесі мұндай технологиялардың тиімді екенін көрсетіпті. Шетелдік тәжірибеге сәйкес, лазерлік сигналдарға жүргізу­шілердің реакциясы дәстүрлі белгілерге қарағанда әлдеқайда жылдам болады. Ол қолданылған учаскелерде жол-көлік оқиғаларының деңгейі 40-50%-ға дейін төмендепті. Қазақстандық жүргізушілер жаңа жүйені оң бағалады: түнгі уақытта бағдарланудың жеңілдегенін, қозғалыс жайлылығының артқанын айтады.

Сандық жүйе серпіні

Цифрлық жаңғырудың ең маңызды бағыты жолдың үстіндегі белгілер ғана емес, сондай-ақ жолдың өзін басқару жүйесі болып отыр. Жуырда Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің ІІ отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық ком­паниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық жол­дарды басқаруға арналған цифрлық пор­талдың мүмкіндіктерін таныстырды. Ұзындығы шамамен 25 мың шақырымдық республикалық маңызы бар автожолды қамтитын бұл жүйеде автожолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп-ұстау процестері толық цифрланған. Сондай-ақ Президент тапсырмасымен жүзеге асы­рылып жатқан барлық жоба бір плат­формада топтастырылған.

«Платформа арқылы өңірлер, жұмыс түрлері, көлемдері мен орындау мерзімдері бойынша жобалардың жүзеге асу барысы бақыланады. Осы арқылы басқарушылық шешімдер объективті деректер негізінде қабылданып, жұмыстардың ашықтығы артады.  Қойылған міндеттердің сапалы орындалуына ықпал етеді. Портал жол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жоба­лардан бастап нақты учаскедегі техника­ның жұмысына дейінгі толық көріністі қалыптастырады», – деді Д.Иманашев.

Платформада су өткізу құбырларының бірыңғай дерекқоры, «ҚАЖСервис» арнайы техникасының мониторингі және жалпы ұзындығы 4 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесіндегі көлік қозғалысының қарқындылығын талдау модульдері енгізілген. Арнайы тех­никаның қозғалысы, атқарған жұмысы мен жанар-жағармай шығыны да нақты уақыт режимінде бақыланатыны баян­далды. 

Жүк тасымалдарын кешенді бақылауға арналған арнайы модульдерді енгізу бұл жүйенің келесі маңызды кезеңі болмақ. Көлік құралдарын санаттарға бөліп, ең жүктелген бағыттарды анықтау арқылы жол инфрақұрылымына түсетін салмақты дәл бағалауға мүмкіндік туады. Алдағы уақытта енгізілетін арнайы модульдер жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бақылауды күшейтіп, заңсыз тасымал, жалған транзит және артық жүктеме тәуекелдерін азайтуға, сөйтіп бюджетке түсетін салықты арттыруға ба­ғытталады. 

Құла түздегі «көреген» камера

ЖИ мүмкіндіктері мұнымен шек­телмейді. Кейінгі кезде әлеуметтік желіні айдалада сопайып тұрған, ешқандай электр бағанына қосылмаған ерекше камера­лардың суреті кезіп кетті. Бұл – «ҚазАвтоЖолдың» автономды бейне­аналитика жүйесі. Күн панельдері мен жел генераторлары арқылы қуат алатын құрылғылар шалғайдағы жол учаскелерінде тәулік бойы жұмыс істей алады. Олар жолдағы жағдайды онлайн бақылап, деректерді тиісті қызметтерге жеткізеді.

ЖИ элементтері енгізілген бұл жүйе трассаның жүру бөлігінде жаяу жүргіншінің немесе жануардың пайда болуын, көліктің қарсы бағытқа шығып кетуін, артқа ше­гініп, ұзақ қашықтыққа кері жүруін, тұрақ ережесін бұзуын автоматты түрде анық­тайды. Сонымен бірге көліктің мемлекеттік нөмірін, маркасын және түсін таниды. 

Пилоттық жоба қазір «Алматы – Қонаев» ақылы жолында сынақтан өту үстінде. Мұнда жабдықтардың және автономды инфрақұрылымның жұмысы тексеріледі. Сонымен қатар ұзындығы 134 шақырымдық «Астана – Теміртау» учас­кесінде қажетті инфрақұрылым орнатылып жатыр. Бұл бағытта тіректер орнатылып, камералар, күн панельдері, жел генератор­лары және дерек беру жабдық­тарын мон­таждауға дайындық басталыпты. «Астана – Щучинск» бағытында осындай бай­ланыс жүйелері мен жабдықтарды орна­ластыруға арналған негіздер пысық­талады. 

«Алдағы уақытта мұндай құрылғылар автомобиль жолдарын мониторингтеудің бірыңғай интеллектуалды жүйесінің бір бөлігіне айналады. Бұл жүйе қауіпті жағдайларды автоматты түрде анықтауға, жол қызметтерінің әрекет ету жылдам­дығын арттыруға және республикалық авто­жолдардағы сапар қауіпсіздігін кү­шейтуге мүмкіндік береді», – деп ха­барлады «ҚазАвтоЖол».

Технологияның өзі түпкі мақсат емес. Ол – инфрақұрылымдық жаңғыртудың құрамдас бөлігі ғана. Биыл республикалық маңызы бар автожолдардың 8 900 шақы­рымында түрлі жұмыс жүргізілмек. Оның 3 400 шақырымы құрылыс пен қайта жаңартудан, 324 шақырымы күрделі жөн­деуден, 5 200 шақырымы орташа жөндеуден өтеді. Мұндай ауқымды науқанды жүзеге асыру үшін 12 мың арнайы техника, 25 мыңнан астам маман және 193 асфальт­бетон зауыты жұмылдырылды. Құрылыс барысында 10 миллион текше метр қиыр­шық тас пен 1,3 миллион тонна отандық битум пайдаланылады.

– 2026 жылғы жол маусымы кейінгі жылдардағы ең ауқымды кезеңдердің бірі болмақ! Ол қолданыстағы жол учаскелерін ғана емес, жаңа стратегиялық бағыттарды да қамтиды. Президент тапсырмасын орындау аясында жол-құрылыс маусымын белсенді жүргізудеміз. Бұл тек құрылыс пен жөндеу емес, сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігіне, өңіраралық байланысты нығайтуға және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жүйелі жаңғыру, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Д.Иманашев.

Биыл 7 ірі жаңа жобаға ерекше назар аударылады. Қатарында «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған», «Атырау – Доссор», «Қызылорда – Сексеуіл» бағыттары, сондай-ақ Сарыағаш, Қызылорда және Петропавл қалаларын айналып өтетін жолдар бар. Жыл соңына дейін 2 мың шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар 200 мың шаршы метрден астам аумақтағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр.

Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2026 жылы 7 858 жол белгісін орнату және жаңарту жоспарланған, оның 4 мыңға жуығы орнатылған. Бұдан бөлек, 51 955 шақырым жолда таңбалар жаңартылып, 101 мың катафот орнату, 578 мың бойлық метрден астам жарықтарды бітеу және 2 268 шақырымдық көрсеткіштерді орнату көзделген.

Жалпы, жарқырайтын жолақ, лазерлік бағдар, автономды камера немесе бірыңғай цифрлық платформа – бұлардың әр­қайсысы жеке бөлек жаңалық болғанымен, бәрі бір мақсатқа қызмет етеді. Ол – жолды жай ғана асфальт төселген аумақ емес, өңір мен өңірді жалғайтын, адам өмірін қор­ғайтын ақылды ортаға айналдыру.

Айхан ШӘРІП

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 04:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары