Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Жады мықты ұлт ұтылмайды

Жады мықты ұлт ұтылмайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Біріншісі – ұлт жадының кереметтігі. Соның арқасында рухани құнды­лықты ұрпақтан ұрпаққа жалғас­тырып отыру дәстүрі қалыптасты. Оған том-том болып жарық көрген кітаптар мысал бола алады. Бір ғана Мұрын жырау жырлаған тұтас дүние «Қырымның қырық батыры» неге тұрады!  Теңдессіз өлең жолдарымен де, оқиғаларымен де әлі күнге тамсандырып келеді. Осы жыр да бізге мықты жадтың арқасында жеткен еді.

Екіншісі – ұлтымыздың тарихын тасқа жазып қалдыруы. Ол «Күлтегін» және «Тоныкөк» көне ескерткіштері дер едік. Бұлар – тасқа қашалып жазылған жырлар. Күлтегін бабамыздан қалған аталы сөз: «Биікте көк тәңірі, Төменде қара жер жаралғанда...Түркі халқы жойылмасын, Ел болсын!», яғни қызымыз күң, ұлымыз құл болмасын деген қағида еді. Ел болғанның белгісі күні кеше киелі Түркістанда бас қосқан түркі жұрты басшыларының мәңгілік мәмілесі дер едік.

Абайдан асқан дана, Абайдан асқан дара, қазірше қазақта болмаса керек. Абайдың төрт құбыласы түгел еді. Дәулеті де ешкімнен кем емес еді. Алайда ұлт дегенде аянып қалмады. Кеңдігін де айтты, кемдігін де көрсетті. Онысы қазақты жек көргені емес, жанашырлығы еді. Озық жұрттардан үйренуге үндеді. Әсіресе рухани дүниеге дүрмекпен емес, ақылмен келіп, түзелудің жолын тайға таңба басқандай көрсетіп берді. «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өсиет қалдырды.

Абай данышпанды қарасөзбен әлемге танытқан жазушы Мұхтар Әуезов: «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады», дейді. Сол секілді сөз зергері Әбіш Кекілбай: «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана», депті. Міне, жұртымыздың ғасырлар қойнауындағы жүріп өткен жолына, кешкен кезеңдеріне, рухани дүниелеріне ой жібергенде осы бір аталы сөздер еске түседі.

«Біз Абай аманатына адал болуымыз керек» деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.  Президенттің бұл Жарлығы – құндылықтарымызды жаңғырта отырып дамыту, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру мәселесі бойынша ерекше дүние. Бұл – зияткерлік мұрамызды, қатпар-қатпар мәдениетімізді, білім беру ісін өркендету жолындағы ерекше қадам. Әсіресе тәрбиені тәлімді ету жолындағы айқын мақсаттың темірқазығы екені анық.

Жарлықта кітап оқу мәдениеті зерделі ұлтты қалып­тас­тыру екенін алға тартады. Жаһандану зама­ны­ның  бұраң-бұлтарысынан, қаға берісінен аман шығу үшін, заманауи талапқа сай жаңа форматтағы кітапханалар құруды және ол Ата заң қағидаларына сай болу керегін де еске салады. Әсіресе баспагерлер мен кітап өнімін таратушылардың мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру, ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау туралы айтқандары алда атқарылатын шаруалардың басты бағыты болмақ. Үкіметке жүктеген 9 тапсырмада да ауқымды жұмыс бар. Тапсырмалар ішіндегі балалар мен жастар арасында кітап оқу үрдісін жетілдіру, ұлттық әдеби мұраны насихаттау, аударма ісін дамыту, биыл «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру, «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын бекіту, «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңының жобасын әзірлеу, Ұлттық сыйлық тағайындау жөніндегі тапсырмалар халықтың көңілінен шығып қана қоймай, қанағаттандыратын қағидалы іс екені сөзсіз.

Жер байлығы тұрмысты түзеудің көзі десек, рухани байлық – ұлттың мәң­гілігі.  Ол – бабалар жолы, даналар тағы­лымы, абыздар өсиеті. Бұл тұрғыдан келгенде Президенттің Жарлығы рухани құндылықты балапандай баулып, қырандай түлетуге жол ашады. Мұндай халыққа қажет жұмысты ойлылықпен атқару қажет. Әр қадам нақты, тіпті жалқы атқарылу керек. Атқарылған істің есебі көз алдыңда тұруға тиіс.

Кітап – құдыретті дүние. Таяу жылдары шық­қан жүз томдық ауыз әдебиетінен бастап, бүкіл жауһарымыз қамтылған кітаптар әр үйдің төрінде тұруға тиіс. Бір замандары әлем ойшылдарының афоризмдеріне тамсанып келген едік. Елдіктен кейін зерделеп көрсек, байлықтың көкесі қазақ афоризмдері екен. Ербол Шәймерденов жарыққа шығарған, 25 ғасырды қамтыған, ұлы ғұламалардың ақыл-ойы топтастырылған жинақтың жөні бөлек. Жарыққа шығып жатқан қатпар-қатпар тарихи дүниелер, 15 томдық әдеби тіл сөздігі, қазақ энциклопедиялары, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 15 томдығы, өнер ­туралы жазылған кітаптар баршылық. Ұлт тарихын хатқа түсіріп кеткен Махмұт Қашқари, Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғұлан, басқа да зиялылардың кітаптары бір-бір әлем іспетті.

Жарлықта кітап шығару ісі, кітапхана мәселесі де айтылған. Қазір мемлекеттік тапсырыспен көптеген кітап жарық көріп жатыр. Бұл – қуана құптарлық жағдай. Алайда таралымы тым аз, қалың жұрттың қолына тие бермейді. Кітап дүкендеріндегі кітап бағасы да қымбат, кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Қазір жекелеген адамдар да кітап шығарып жүр. Бұл да керек болар. Дегенмен мұндай жағдай жиілемесе екен дейміз. Сапасыз кітаптарды жұртқа ұсыну кітаптың құнын түсіреді. Бәрі демесек те, кітаптардың біразында қате өріп жүреді. Бұл оқырманның ренішін туғызбай қоймайды. Сапасыз кітап оқырманды жалықтырады, тіпті жерітіп жібереді. Сондықтан Жарлыққа сай кітап сапасын жетілдіру мәселесін қолға алу керек. Президент жүктеген үлкен міндеттерді жұрт болып жұмылып, ұлт болып ұйысып атқаруға тиіспіз.

Кітапхана мәселесіне келсек, бұрын барлық шаруашылықтағы оқырмандарға екі кітапхана қызмет көрсететін. Біріншісі ұжымшар, кеңшар  кітапханалары болса, екіншісі мектеп кітапханасы еді. Бүгінгі алдыңғы толқынның бәрі дерлік – сол кітапхананың оқырмандары. Кешегі аласапыран, жекешелендірудің кесірінен біріншісі бүгінде жоққа тән. Екіншісі бірте-бірте жанданып келеді. Кітапхана ісін жандандыруға жеке адамдар да үлес қосып келеді. Кітапхана жабдықтауды тек мемлекет ісі демей, әрқайсысымыз үлес қоссақ, ұрпақ алдындағы парыз бен қарызды ақтаған болар едік. Қалталы делінетін азаматтар төңірегін түгендеп, рухани тірлікті тірегім деп таныса, көп мәселе шешімін табар еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі Жарлы­ғының мақсаты – арыстар қалыптастырған сара жолды өртеңге өскен қызғалдақтай ұрпаққа жеткізу. Бұған білектей бірлік, жұдырықтай жұмылып, намыс найзасына жанылған, тоты кетіп жарқыраған тірлік керек деп білеміз. Сол кезде ғана рухани құндылығымыз Хан Тәңірі шыңындай биіктейтіні анық.

Сүлеймен МӘМЕТ,

жазушы-журналист

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 20:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары