Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Пышақтап, мәйітін қоқысқа тастаған : Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген қылмыскер 8 жылға сотталды

Қазақтар ақшасын жаппай алтынға салып жатыр

Жамбылдағы Аса Ақкөл трассасында жол апатынан бір адам қаза болды

ЮНИСЕФ тің 80 жылдығына орай Тарбағатайда Бала дауысы ән байқауы басталды

Қазақстанда жұма күні аяз болады

Ел ертеңі жолында азаматтарды біріктіру Жаңа Конституцияны қолдайтын Коалиция құрылды

Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

Маңғыстауэнергомұнай ЖШС нің жаңа басшысы тағайындалды

Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

Елена Рыбакина Қатардағы турнирде Олимпиада чемпионын ұтты

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

Анам есепшот ашып қойған : 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді

Жамбыл облысында интернет алаяқтық мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды

Жұмабек ЖАНЫҚҰЛОВ: Еңбек адамы әрқашан бағалы

Жұмабек ЖАНЫҚҰЛОВ: Еңбек адамы әрқашан бағалы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылында еңбек адамының, жалпы жұмысшы маман иелерінің беделі артты. Қазір еңбекті қадірлеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, жұмысшы жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Үкімет «Жұмысшы мамандықтары жылы» енді ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы зор бастама болатынын да мәлімдеді. Осы орайда еңбек нарығы қалай өзгеріп жатыр, еңбек адамы, әсіресе, бизнесте қалай бағаланатыны, еңбек мәдениетін нығайтуда қандай қадамдар жасалып жатқанын білу мақсатымен «Paryz» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұловпен әңгімелескен едік.

– Президент бастамасымен жария­ланған биылғы Жұмысшы маман­дықтары жылы да аяқталып келеді. Түрлі іс-шаралар өтіп, еңбек адамына көп көңіл бөлінді. Жалпы бұл бас­тама ұлттық идеологияның өзегіне айналып келе жатқан «еңбек адамы» феноменін қоғам санасына терең сіңіруге бағытталған. Осы орайда «Paryz» ҰЖБК-нің мемлекеттің осы саясатына қосқан үлесін атап өтсеңіз...

– Жұмысшы маман иелері бір кездері қоғамда абыройлы орынға ие болған. Мемлекет басшысының аталған стратегиялық шешімі оларды қазіргі қоғамда өз орнына қайта әкелді. «Paryz» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы бұл бастаманы белсенді түрде қолдайды. Биыл «Еңбек адамы – ел мақтанышы» республикалық форумын өткізіп, алдыңғы қатарлы еңбеккерлер мен ардагерлерге құрмет көрсеттік. Конфедерация 24 желтоқсанда өткен Жұмысшы мамандықтары жылының жабылу іс-шарасын ұйымдастыруға белсенді үлес қосты. Іс-шара барысында жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдеріне, «Еңбек жолы», «Ерлік пен еңбек дастаны» республикалық байқауларының жеңімпаздарына, сондай-ақ «Жұмысшы жастар аманаты» жобасының қатысушы­ла­рына марапат берілді.

Бірақ мұндай бастама бір реттік науқан болмауы керек. Мамандықтардың беделі, еңбек жағдайлары, кәсіпорынның тұрақтылығы өте маңызды. Әрине, қазір бизнестегі салықтық реттеу, сыртқы сауда мен экспорттық мәселелер тұрақсыздыққа тап болды. Мұның бәрі оқшауланған еңбек жанжалдарынан гөрі тұрақтылыққа нұқсан келтіреді. Жалпы, мемлекеттік саясат бизнес пен жұмысшылардың мүдделерін ескере отырып әзірленгені маңызды, сонда әлеуметтік диалог күшейе түседі. Осы желтоқсан айында біз әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған меморандум арқылы бірқатар ұйым, ведомстволармен ынтымақтастықты нығайттық. Осылайша, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Аmanat» партиясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты – қызмет­кер­лердің қаржылық сауатын арттыру, олардың қарыздық жүктемесін азайту, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту. Сондай-ақ «ҚазСтандарт» мемлекеттік кәсіпорнымен техникалық реттеу, стандарттау және метрология салаларындағы ынтымақтастықты нығайттық. Бірігіп жұмыс берушілердің стандарт талаптары туралы хабардар болуын арттыруға, кәсіпорындарда сапа мен қауіпсіздік мәдениетін дамытуға ниеттіміз. Бұған қоса «Ауыл» партиясымен бизнес ортаны жақсартуға, еңбек қатынастарын реттеуге, ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашуға бағытталған әріптестік туралы меморандум жасастық.

– Атаулы жылда тағы қандай іс тындырылды?

– Тағы бір айта кетерлігі, біздің бас­тамамызды «Қазцинк» ЖШС қолдап Өскемен қаласында Әлеуметтік диалог орталығы ашылды. Қазір бұл орталық мемлекет, жұмыс берушілер мен қызмет­керлер арасындағы конструктивті диалогке арналған платформа болып отыр. Оның мақсаты – еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын тұрақты реттеу механизмдерін қалыптастыру. Қазір «Paryz Education» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Жоба аясында 2024 жылдан бастап ХЕҰ Халықаралық оқу орталығы мен «Paryz» конфедерациясы Еңбек министрлігінің қолдауымен халықаралық стандарттарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (EOSH) бойынша жоғары білікті лекторлар даярланады. Кейінгі екі жылда шамамен 80 маман ХЕҰ лекторларының халықаралық мәртебесін алып, Халықаралық оқу орталығының атынан сабақ беріп, сертификаттар бере алады, оған рұқсаттары бар. Осы жерде айта кетейін, «Paryz» конфедерациясы – Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мойындаған еліміздегі жалғыз жұмыс берушілер қауымдастығы, Қазақстандағы халықаралық жұмыс берушілер ұйымының жалғыз серіктес-мүшесі. ХЕҰ жариялаған «The Power of Membership: Strategies for Sustainable EBMOs Growth» жаһандық сараптама есебінде «Paryz» конфедерациясы тиімді стратегиялық даму ұйымы ретінде көрсетілген. Яғни олар бізді түрлі елдердің озық тәжірибелеріне ала отырып жұмыс берушілер қауымдастығының батыл, әрі инновациялық үлгісі ретінде көріп отыр.

– Қазір бизнестегі еңбек адамы қа­лай бағаланады? Әсіресе кейінгі жыл­дардағы реформаларға байланыс­ты олар тұрақты жұмысқа сенім арта ала ма?

– Еңбек адамы қай кезде, қай салада болмасын бағалы деп есептеймін. Жалпы, ең төменгі жалақыны көтеру, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмысқа қабылдау үдерісін жеңілдету секілді қадамдар бизнеске сенімділік береді. Мәселен, қазір көптеген өзіне сенімді кәсіпорын өз қызметкерлеріне лайықты жалақы мен жеңілдіктер пакеттерін ұсынады. Жастар жалақы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар мансап мүмкіндіктерін, жұмыс жағдайлары мен компания құндылықтарына баса мән береді. Біз осыны ескеріп отырмыз. Мамандарға сұраныс әр кезде бар, егер қызметкердің талабы болса, жұмыс берушілер ондай кадрдан бас тартпауға тырысады. Жалпы, қазір қай салада болмасын бәсекелестік орта қалыптасып келеді.

– Осы тұста цифрлық, жасанды интеллект секілді жаңа тәуекелдерге байланысты жұмыс күшін қалай дайындап жатырсыздар?

– Біз IT инженерлеріне, биотехнолог­те­ріне, сондай-ақ «жасыл» энергетика мамандарына сұраныстың артып келе жат­қа­нын көріп отырмыз. Жұмыс беру­ші­лер корпоративтік академияларға, дуальды білім мен университеттермен серік­тес­тік орнатып, инвестиция салып жатыр. Алайда, бұл жерде еңбекке байланыс­ты тәрбие мен үлкенді сыйлау сияқты дәс­түрлерді сақтау маңызды. Бұларсыз цифр­лық дағдылардың берік моральдық негізі қалыптаспайды.

– Жалпы, жұмыс берушілер мен жұмыс­шы арасындағы диалог қалай қалып­тасады? Өзіңіз басқарып отырған мекеме мы­салында айтсаңыз...

– 20 жылдан аса уақыт бойы конфедерация үкімет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы диалогті үйлестірумен айналысады. Бүгінде оның құрамында 41 бірлестік пен 188-ден аса кәсіпорын бар. Құқықтық консультативтік кеңес еңбекті қорғау, еңбек нарығы, экономика, әлеуметтік әріптестік пен еңбек жанжалдары бойынша бес жұмыс тобымен жұмыс істейді. Біз апта сайын заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргіземіз. Реттеу және сараптама орталығын құрдық, еңбек арбитражына ұсыныс да­йындап жатырмыз. Басты ұстанымымыз – жұмыс берушілер мен жұмысшы арасында ынтымақтастық құру. Онсыз ешбір ұлттық саясат тиімді болмайды.

Осы орайда айта кетейін, біріншіден, компанияларға корпоративтік, тә­лімгерлік, еңбек әулеттерін қолдау, жұ­мыс­шыларды әлеуметтік қорғау секілді бағдарламаларды жүзеге асыру қажет. Бұл міндеттемені күшейтеді, дегенмен сенімділікті арттырады. Екіншіден, мәдени кодты ескеру керек. Елімізде үлкенді сыйлау, ұрпақтар сабақтастығы, отансүйгіштік әрқашан қоғамның іргетасы болды, бола береді де. Егер бизнес осы құндылықтарға сүйенетін болса, қызметкерлерінің ынта-ықыласы да жоғары болады. Біз қазір жұмыс берушінің ұлттық рейтингін енгізіп жатырмыз. Ол тек сараптамалық бағалауға емес, сонымен қатар қызметкерлер мен жұртшылықтың кері байланысына негізделеді. Бұл рейтинг өз командасы мен бизнесінің дамуы­на шын көңіл бөлетіндерді, сондай-ақ кенжелеп қалғандарды да анықтауға көмек­теседі. Бұл жұмыс орнында салауатты бәсекелестікті ынталандырады.

– Еліміздегі еңбек мәдениетінің деңгейін қалай бағалайсыз?

– Қазақстандағы еңбек мәдениетін түрлі ұрпақ қалыптастырды. Аға ұрпақ одақтың өнеркәсіп орындарында тәлім-тәрбие алып, мемлекеттік деңгейде тәртіп пен еңбекке бау­лиды. Орта және жас ұрпақ қазір еңбек­ті құрметтеу, тәртіп пен әділ өтемақы секілді халықаралық стандарттарды негізге алады. Әрбір буынның еңбек мәдениетін ескеруі маңызды.

– Бұрын сауыншы, тракторшы, ветеринар, агроном, дәнекерлеуші, т.б. осы секілді мамандардың еңбегі жоғары бағаланып, тіпті «Ең үздік сауыншы» деген атақ та берілгенін білеміз. Ал қазір мұндай маман иелері тапшы. Еңбек адамдарын осындай деңгейге көтеріп, болашақта жұмысшы мамандық иелерінің санын арттыра аламыз ба? Осы бағыттағы мемлекеттік саясатта қандай қадамдар жетіспейді?

– Алдымен жоғарыда айтқан әр буынның стандарттары, яғни құн­дылықтары енді стратегиялық құжат­тарда, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің жұмысында көрініс табуы маңызды. Әрине, қиындықтар да бар. Мысалы, барлық бизнес иелері немесе шенеуніктер өздерінің ықпалын жұмыс күшінің игілігі үшін пайдалана бермейді. Конфедерация ретінде біздің миссиямыз – мемлекет, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы үшжақты диалогке деген сенімді нығайту. Бұл – осы үшжақты диалог құрудың жалғыз жолы. Егер барлығы бірігіп, өзіңіз атап өткен мамандарды даярлап, құрметін арттырса, барлығы да мүмкін. Қалай десек те экономиканы құратын – халық пен білікті мамандар, оның ішінде еңбек адамдары.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Гүлнар ЖОЛЖАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Пышақтап, мәйітін қоқысқа тастаған : Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген қылмыскер 8 жылға сотталды

12 Ақпан 2026 20:57see117

Қазақтар ақшасын жаппай алтынға салып жатыр

12 Ақпан 2026 19:07see116

Жамбылдағы Аса Ақкөл трассасында жол апатынан бір адам қаза болды

12 Ақпан 2026 16:41see114

ЮНИСЕФ тің 80 жылдығына орай Тарбағатайда Бала дауысы ән байқауы басталды

12 Ақпан 2026 12:17see114

Қазақстанда жұма күні аяз болады

12 Ақпан 2026 18:10see114

Ел ертеңі жолында азаматтарды біріктіру Жаңа Конституцияны қолдайтын Коалиция құрылды

12 Ақпан 2026 19:07see114

Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

12 Ақпан 2026 18:06see113

Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған

12 Ақпан 2026 11:39see111

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

12 Ақпан 2026 23:27see110

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

12 Ақпан 2026 23:33see110

Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

12 Ақпан 2026 16:48see110

Маңғыстауэнергомұнай ЖШС нің жаңа басшысы тағайындалды

12 Ақпан 2026 12:42see109

Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты

12 Ақпан 2026 13:13see109

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

12 Ақпан 2026 15:59see109

Елена Рыбакина Қатардағы турнирде Олимпиада чемпионын ұтты

12 Ақпан 2026 01:01see108

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

13 Ақпан 2026 01:36see108

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

12 Ақпан 2026 23:50see108

Анам есепшот ашып қойған : 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты

12 Ақпан 2026 12:41see108

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді

12 Ақпан 2026 14:56see108

Жамбыл облысында интернет алаяқтық мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды

12 Ақпан 2026 03:27see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары