Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жұмыс орнын ашу жоспарға сай ма?

Жұмыс орнын ашу жоспарға сай ма?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қоғамда жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келіспеушілік, кереғарлық – жиі айтылып, жазылып жүрген тақырып. Ескеріле бермейтіні – қала мен ауданда жұмыс орындарын ашу жоспары қаншалықты орындалатыны. Мақаланың баяны әкім есептерінде айтылатын «бәлен ауданда ашылған түген жұмыс орны» туралы болмақ.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жұмыспен қамтудың мем­лекеттік бағдарламалары арқы­лы талай жас тәжірибе жиып, тұрақты жұмыс тапты. Кә­сіп ашты, біліктілігін арт­­тыр­ды. Электронды ең­­бек биржасы, яғни enbek.kz ар­қылы қарым-қабілеті, білік­­тілігіне қарай жұмысқа ор­нық­қандар бір қауым. Сол секіл­ді ешқандай мемлекеттік бағ­дар­ламаға, платформаға жү­гін­бей, оқуын тәмамдаған бой­да еңбек нарығынан өз орнын тапқан жастар да жетеді. Жыл басынан қарашаға де­йін жұмыспен қамтуға жәр­дем­десу шараларымен 283,9 мың адам қамтылса, оның ішінде 71,4 мың азамат жұмысқа орналасқан. Оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындары туралы айтсақ, әлеу­мет­тік жұмыс орындары, Жас­тар практикасы, қоғам­дық жұмыстар, «Күміс жас» жобасы, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы деп жалғасып кете береді.

Мемлекеттік қолдаудың бұдан басқа да тетіктері жетіп артылады. Тек нақтылай кете­тіні, осындай бағдарламалар арқылы ел аза­маттарының шын мәнінде жұмыс­қа ор­наласқаны туралы дерек міндетті зейнет­ақы жарналарының аударылуымен расталады. Демек, жоғарыда атап өткен 71,4 мың адам расында жұмысқа орналасты деген сөз. Жыл соңына дейін тізім толығып, жұмыс тапқандардың саны 800 мыңнан асып қалады.

Қазан айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан 132 мың бос жұмыс орны жарияланған. Бос жұмыс орындарының саны жөнінен білім саласы көш бас­тап, 41,1 мыңға жеткен. Бұл жалпы бос жұмыс орындарының 31%-ын құрайды. Жұмыс берушілер көбіне орта деңгейлі біліктілікке ие мамандарды іздеген. Оларға 64,4 мың бос орын ұсынылса, жоғары білікті мамандарға 34,7 мың, біліктілігі жоқ азаматтарға
32,9 мың орын болған. Тиісінше, сұраныс көлемі осы шамада қалыптасты дегенмен, еңбек нарығында өз орнын таппай жүрген жас көп. Бір емес, екі жоғары оқу орнын тәмамдағандардың ішінде де жұмысы жоқтар бар. Білім саласында сұраныс 41,1 мыңға жетті деген дерекке қарап, мектеп табалдырығын мұға­лім болып аттай алмай, тауы шағылып жүр­ген мамандар еске түседі. Осындай нақты мысалдар еңбек нарығында бос жұмыс ор­нын тек есеп үшін ғана ұсынатын ұйымдардың барын көрсетеді. Сол секілді әкім есептерінде ашылатын мыңдаған жұмыс орн­ының шын мәнінде қалай ашы­лып жатқаны тура­лы талдау, есеп жоқ. Жағ­дайды нақты бағамдау қиын болса да, осы сауалмен газетіміздің бірнеше өңіріндегі меншікті тілшілерге сұрау салған едік.

Газетіміздің Қызылорда облысындағы тілшісі Мұрат Жетпісбай ұсынған дерекке зер салсақ, «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» аясында биыл облыс­та 46 560 жұмыс орны құрылуы керек болған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше, қазір бұл жос­пар 83,6%-ға орындалып, 38 923 тұрғын жұмысқа орналасуға мүмкіндік алыпты. Өңірдегі Мансап орталықтары ай сайын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін тұрақты өткізіп, оған 5 395 бос жұмыс орнын ұсынған 1 268 жұмыс беруші қатысқан. 

«Биыл облыста 302 млрд 500 млн теңгеге 27 жоба іске қосылады. Бүгінде оның 11-і толық іске асып, екі қолға бір күрек іздеген жандардың жұмыс табуына мүмкіндік туды. Біз білетін, өзіміз көрген жаңа өндіріс орындары қатарында озық технологиялармен жабдықталған, жылына 90 млн кірпіш шығаратын «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің кірпіш зауыты, «Syr Darya» коммуналдық базары, ауданы 2 мың шаршы метр құрайтын шағын өнеркәсіптік аймақ бар. «Қызылорда нан» серіктестігінің нан өндіру кешені, автобекет, монша, асхана, жүргізушілер мен жолаушыларға қажетті өзге де қызмет түрлері қарастырылған жол бойындағы қызмет орталығы, екі сауда үйі, аквапарк, қоғамдық тамақтану орны, «Абзал және К» күріш өңдеу зауыты да жергілікті тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытындағы бастамаға дем беріп отыр», деп мәлімдеді М.Жетпісбай.

Өңірде жыл соңына дейін жолаушылар вагондарын жөңдеу кешені, түйе сүтінен жылына 392 тонна құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт, 2 мың шаршы метрлік шағын өнеркәсіптік аймақ, асфальтбетон, темір-бетон шығару зауыттары, Арал, Шиелі аудандарында автомобиль газ толтыру компрессорлық стансалары қамтылған екі көпфункционалды кешендер пайдалануға беріліп, жұмыс орны көбейе түседі. Негізі Қызылорда өңірі жұмыс күші көп облыстардың қатарында. Сөзімізге мысал ретінде, бірнеше жылдан бері өңір тұрғындары халық саны сиреген солтүстіктегі өлкелерге белсенді қоныс аударып жатқанын айтсақ болады. Биыл да «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде Абай, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарымен қатар, жергілікті жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылыпты. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде облыстағы жұмыссыздық деңгейі жыл ішінде 4,8%-дан 4,6%-ға төмендеп, жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 3,4% деңгейінде тұрақтаған.

Газеттің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Қазбек Құттымұратұлы 2025–2030 жылдары жалпы құны 4,4 трлн теңгеге 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 73 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтады.

«Жақында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Қайыпов облыстық мәслихаттың сессиясында 2025 жылы құны 56,9 млрд теңгеге тең 35 жоба іске қосылатынын тағы бір мәрте еске салған еді. Әзірге жыл басынан бері құны 5,8 млрд теңгеге 6 жоба нақты іске асыпты. Ұлттық статистика бюросы жариялаған соңғы мәліметке үңілсек, облыстың еңбек нарығында экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 358 209 адам болған. Міне, осының ішінде 341 234 адам жұмыспен қамтылған. 16 975 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан сұрастырып білгеніміздей, БҚО-дағы жұмыссыздық деңгейі – 4,7%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық – 5,2%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6%»,  дейді Қ. Құттымұратұлы.

Әрине, кез келген облыстың басшылығы халықтың әл-ауқатын жақсарту, жұмыспен қамту мәселесін басты назарда ұстап отыр­ғанын айтады. Сол секілді Батыс Қазақ­стан облысында биыл жыл басынан бері 113 жоба іске асып, 27 181 адам жұмыс­қа орналасқан. Мұның ішінде 20 848 адам­ның қызметі мен табысы тұрақты болса, 6 333 адам уақытша жұмыс істеп жүр.

Қостанай облысында ашылған жұмыс орындары туралы әріптесіміз Нұр­қанат Құлабайдан сұрап білдік. Аңғар­ғанымыз, өңірде жұмыс күшіне сұра­ныс өзге өңірлерден жоғары. Зауыттар жұмыс­шы таппай әлек. Жұмыс күшінің көбін Қостанайдың өз басында салынған, салынып жатқан алпауыт зауыттар жұтып қойып жатыр. Қазір облыс жастарының дені осы кәсіпорындарда еңбек етеді. Басым бөлігі ауылдан қалаға көшкен. Мысалы, Қостанайдағы «Аллюр» зауытында 3 300-ден астам жұмысшы бар. Таяуда ғана ашылған «КИА» зауытында 1 500 адам еңбек етеді.

«Ауылшаруашылық техникасын құрастыратын «Агромашхолдинг КZ» зауы­тында мыңнан аса адам жұмыс істей­ді. Мыңдаған жас құрылыс саласында жүр. Бүгінде қалада қоғамдық кө­лік­ке міне қалсаңыз, авторадио арқы­лы халықты жұмысқа шақырып жатқан кәсіпорындардың жарнамасынан құ­лақ тұнады. Кейінгі жылдары облыс орта­лығында көптеген жаңа инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр, ірі кәсіпорындар іске қосылды. Әсіресе, автоөнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Жалпы, Қостанай облысы – өнеркәсіп орны көп, бірақ жұмыс күші жетіспей жатқан өңір. Сондықтан өңірде жұмыссыздық мәселесі жоқ. Керісінше, жұмысшы таба алмай отырған кәсіпорындар көп. Қалада кәсіпорындардың дамуы ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізіп отыр. Жастардың көбі қалаға кетті. Ауыл шаруа­шылығы саласына жұмысшы жетіс­пейді. Шағын, орта шаруашылықтар көлік жүргізетін адам таппай әлек. Ауылда еңбек ететін адам болмаған соң, оңтүстік өңірлерден жалдамалы жұмысшы алдыр­тып отырған шаруалармен өзіміз де таныспыз», дейді Н.Құлабай өңірдегі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы теңсіздікті баян етіп.

Газетіміздің Павлодар облысындағы тілшісі Мұрат Қапанұлы ұсынған ақпаратқа зер салсақ, облыста 2025 жылға арналған Жұмыспен қамту жоспары 25,5 мың адамды құрапты, оның ішінде 18,5 мыңы тұрақты жұмыс орындары ретінде қарастырылған. Бүгінде 28 мың адам жұмысқа орналасқан. Соның ішінде  20 707 тұрғын тұрақты жұмыс тауыпты.

«Жаңадан ашылған жұмыс орындарын салалаларға бөлетін болсақ, келесідей статис­тиканы аңғарамыз. Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығына 1421 адам жұмысқа барған. Сол секілді өнеркәсіп (1 338), құрылыс (444), көлік және қоймалау (593), көтерме және бөлшек сау­да, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (408), білім (1151), денсаулық сақ­тау, әлеуметтік қызметтер (547), экономика­лық қызметтің басқа түрлері (14 815) бар. Жыл қорытындысында жұмыссыздықтың деңгейі былтырғы деңгейде, яғни 4,8% болып қала береді деп күтіліп отыр», дейді М.Қапанұлы.

«Жұмыс орны жоспарға сай ашылып жатыр ма?» деген сауалды газе­ті­міздің облыстағы тілшілерімен қа­тар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен сұрап көрдік. Министрліктің баспасөз хатшылығы тек мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыспен қамтылғандардың есебін түгендейтінін мәлім етті. Жыл басында жергілікті әкімдіктердің жоспарына енген жұмыс орындары жыл соңында қалай ашылғанын саралап отырған ешкім жоқ. Егер сол есептегі жұмыс орындары түгел ашылған болса, ауылда жұмыс таппай, қалаға ағылған жастардың нөпірі бұл күндері азаяр ма еді, кім білсін? 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 09:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары