Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Жұмыс уақытындағы кешігулер мен әлеуметтік желілер үшін айыппұлдар: бұл Қазақстанда қаншалықты заңды

Жұмыс уақытындағы кешігулер мен әлеуметтік желілер үшін айыппұлдар: бұл Қазақстанда қаншалықты заңды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жұмысқа кешіккені, жұмыс уақытында телефон пайдаланғаны немесе кассадағы жетіспеушілік үшін айыппұл төлеу - Қазақстандағы кейбір компания қызметкерлері осындай жағдайларға жиі тап болады. Tengri Life Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінен жұмыс берушінің жалақыдан ақша ұстап қалуы қай кезде заңды, ал қай кезде заңсыз екенін білді.

"Кешігу, телефон және жетіспеушілік": қазақстандықтарға не үшін айыппұл салынады?

Әлеуметтік желі қолданушылары жұмыс берушілердің кешігу, телефон пайдалану, сырт келбет, қателіктер мен жетіспеушіліктер үшін айыппұл салған жағдайлары туралы айтып берді. Кейбіреулер жалақыдан негізсіз ұстап қалуларға шағымданды.

Мәселен, желі қолданушыларының бірі тағылымдаманың алғашқы сағаттарында-ақ жаңа жұмыс орнында қарастырылған көптеген айыппұл туралы білгенін хабарлады.

"Бар болғаны үш сағат шыдап, кетіп қалдым. Өте оғаш шарттар: кешіккенің үшін айыппұл, үш ай тағылымдама, клиенттерге жымимасаң, дұрыс тұрмасаң, дұрыс киінбесең, тіпті телефонға бір секунд қарасаң немесе клиенттерге кофе мен балмұздақ ұсынбасаң да айыппұл салынады екен", - деп атап өтті ол.

Тағы бір қолданушы кеңседе жұмыс уақытында әлеуметтік желілерді пайдаланғаны үшін айыппұлдар енгізілгенін айтты. Оның айтуынша, жұмыс беруші бақылау үшін арнайы қызметкер жалдаған.

"Мамырдан бастап кеңсемізде жұмыс уақытында әлеуметтік желіде отырғанымыз үшін айыппұлдар енгізілді. Басында бәріміз оны қалай тексереді екен деп күлгенбіз. Ал бүгін жалақы түскенде, тек менің өзімнен 35 мың теңге ұстап қалыпты. Сөйтсек, бастық қашықтан жұмыс істейтін қыз жалдап қойыпты, ол біздің әлеуметтік желілерімізді, WhatsApp пен Telegram-ды қарап, желіде болған уақытымызды тіркеп отырған. Енді не істерімді білмеймін: жұмыстан шығу керек пе, әлде шыдап, ешқайда кірмей отыру керек пе", - дейді жазба авторы.

Тағы бірнеше қолданушы қоғамдық тамақтану орындарындағы жетіспеушіліктерге байланысты жалақыдан ақша ұстап қалу жағдайларын баяндады.

Скриншоттар: Threads

Еңбек инспекциясы комитеті не дейді?

Біз ақпарат алу үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне жүгіндік. Ведомство қызметкерге тәртіптік жаза ретінде ақшалай айыппұл қолдануға болмайтынын қадап айтты.

"Жұмыс беруші жұмысқа кешіккені, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны, жұмыстағы қателіктері немесе өзге де тәртіптік теріс қылықтары үшін тәртіптік жауапкершілік шарасы ретінде мұндай айыппұлдарды белгілеуге құқылы емес", - деп атап өтті комитет.

Еңбек заңнамасында тәртіптік жазаның нақты түрлері қарастырылған:

ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; заңда қарастырылған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу.

Комитет өкілдерінің айтуынша, еңбек шарттары мен жұмыс беруші актілерінің қызметкерлердің жағдайын еңбек заңнамасымен салыстырғанда нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылуға жатпайды.

"Осылайша, жұмыс берушінің актілеріне (мысалы: лауазымдық нұсқаулыққа, ішкі еңбек тәртібі қағидаларына және т.б.) тәртіптік теріс қылықтар үшін қызметкерлерге ақшалай айыппұл салу туралы ережелерді енгізуі заңсыз", - деп толықтырды комитетте.

Жалақыдан ақша қай кезде ұсталуы мүмкін?

Сонымен қатар жалақыдан ақша ұстап қалу мен айыппұл - екеуі екі бөлек ұғым. Кейбір жағдайларда жұмыс беруші жалақының бір бөлігін шынымен де ұстап қалуы мүмкін, бірақ бұл тек заңда қарастырылған негіздер болғанда ғана жүзеге асады.

Еңбек кодексінің 115-бабына сәйкес, мына жағдайларда ұстап қалуға жол беріледі:

жұмсалмаған іссапар шығыстарын қайтару үшін; тиісті шарт болған жағдайда оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін; жұмыс істелмеген авансты қайтару үшін; заңда қарастырылған жағдайларда қызметкерді ақылы демалыстан ауыстырғанда немесе кері шақыртып алғанда; басқа жағдайларда - қызметкердің жазбаша келісімі болғанда.

"Сонымен қатар ақшалай айыппұл мен қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген нұқсан үшін материалдық жауапкершілігін ажырата білу керек. Бұл - әртүрлі құқықтық механизмдер", - деп нақтылады комитет.

Мысалдарды қарастырайық

Біз еңбек инспекциясынан мысал ретінде келушілер тапсырыстан бас тартқан кезде, оның құнын даяшылардан өтеуді талап ететін жағдай туралы сұрадық.

Инспекция заң бойынша қызметкер тек дәлелденген тікелей нұқсанды ғана өтеуі тиіс деп жауап берді.

"Тапсырыстың қате ресімделуі немесе келушінің тағамнан бас тарту фактісінің өзі оның құнын қызметкерден автоматты түрде өндіріп алуға негіз болмайды. Кодекстің 120 және 123-баптарына сәйкес, қызметкердің материалдық жауапкершілігі оның кінәлі заңсыз мінез-құлқы және оның іс-әрекеті мен жұмыс берушіге келтірілген нұқсан арасындағы себептік байланыс болған жағдайда ғана туындайды", - деп хабарлады комитет.

Дегенмен, егер қызметкерді, мысалы, асханадағы немесе бардағы жетіспеушілік үшін ақша төлеуге мәжбүрлесе, нұқсанның келу себебін ескеру маңызды. Егер жетіспеушілік қалыпты жұмыс тәуекелдеріне байланысты болса, жауапкершілікті қызметкерге автоматты түрде жүктеуге болмайды.

"Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты нұқсанды өтеуге міндетті. Бұл ретте қызметкерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекелге жататын нұқсан үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді", - деп атап өтті комитеттегілер.

Комитет әр жағдайда нұқсанның келтірілген-келтірілмегенін, қызметкердің қандай іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі бұған әкеп соққанын, оның кінәсінің бар-жоғын және себеп-салдарлық байланыстың бар-жоғын анықтау қажеттігін баса айтты.

"Жұмыс беруші тек ұйымның ішкі тәжірибесі негізінде өз бетінше бекітілген "айыппұлдар" тағайындауға немесе тапсырыс құнын жұмысшының жалақысынан автоматты түрде ұстап қалуға құқылы емес. Жалақыдан ақша ұстау тәртібі кодекстің 115-бабының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Заңда қарастырылған негіздер немесе қызметкердің жазбаша келісімі болмаған жағдайда, нұқсанды өтеу туралы дау заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі", - деп хабарлады ведомство.

Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге болады?

Ведомство Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаментіне жүгінуге болатынын хабарлады. Сондай-ақ шағымды e-Otinish жүйесі немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн беруге болады.

Комитет келесі мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсетуге кеңес береді:

жұмыс берушінің атауы мен мекенжайы; жұмыс істеген кезеңі; нақты не болғаны; берешек немесе ұстап қалынған сома мөлшері (егер болса); еңбек шартын, есеп айырысу парақтарын, банк үзінді көшірмелерін, хат-хабарларды қоса беру; басқа да растаушы құжаттар.

Бұл ретте еңбек инспекциясы барлық еңбек дауын қарамайтынын ескеру қажет. Заңда қарастырылған жағдайларда жеке еңбек дауы алдымен келісу комиссиясында қаралады, ал егер тараптар өзара келісімге келе алмаса - сотта шешіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін тікелей сотқа жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, жақында Алматыда бірнеше жер сілкінісі болып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Желі қолданушыларының бірі жұмыс орнында қызметкерлерге тек жер сілкінісінің күші бес балға жеткен жағдайда ғана жұмыс орнын тастап кетуге рұқсат берілгенін айтты. Біз заңгерден мұндай талаптың қаншалықты заңды екенін сұрадық.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарға туған күнінде ақылы демалыс берілуі мүмкін

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:35
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see133

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see128

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see128

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see124

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see121

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see113

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see113

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see110

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары