Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа талап: Енді смартфон сатушылар құрылғының сәйкестендіру кодын түбіртекте көрсетілуін тексеру керек

Астанадағы нөсерден кейін әкімдік ресми мәлімдеме жасады

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

Ұялы телефоны верификациялаудан өтпегендер сатушыдан тауарды ауыстыруды талап ете алады

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мың адамға артты

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

“Мама Люба, давай“ көлікте клип түсіргені үшін блогер қыздарға айыппұл салынды

Мектептер мен колледждердегі әдістемелік кабинеттер қалай жұмыс істеуі тиіс

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

ҚТК тиеуді тоқтатты: Қазақстанда мұнай өндіру азайды

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топқа үкім шықты

“Әкелердің көбі көре алмай қалатын сәттерге куә болдым“: Қазақстандық ерлер неге декретке шыға бастады?

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

Жұқпалы аурулардың ұлттық орталығы неге құрылды?

Жұқпалы аурулардың ұлттық орталығы неге құрылды?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жыл басталмай жатып Үндістанда Нипах атты қатерлі вирустың тарап жатқаны жайлы дақпырт төрткүл дүниені алаңдатып қойды. Эпидемиологтар әзірге толық зерттелмеген дерт ауа, ауадағы тамшылар арқылы таралатынын мәлімдеп отыр. Дегенмен ДДҰ жаңа вирустың әлемге таралу ықтималдығы төмен дейді. Бірақ жаһандану үдерісі жылдам жүріп жатқан заманда арқаны кеңге салуға болмайтындықтан, жуырда ғана елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды.

Жаңа орталық Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында құрылғандықтан, осы мекеменің директоры Мәлік Әденовпен ендігі мақсат-міндеттер туралы әңгіме өрбіткен едік.

– Мәлік Молдабекұлы, алдымен оқырмандармызды туберкулездің жалпы эпидемиологиялық ахуалынан хабардар етіп өтсеңіз?

– Соңғы деректер елімізде туберкулезбен күрес оңды нәтиже көрсетіп жатқанын айғақтайды. Мысалы, 2025 жылы өкпе кеселіне шалдыққандар саны 2024 жылмен салыстырғанда 9,9%-ға төмендеді. Туберкулездің таралуы бір жыл ішінде 12,8%-ға азайып, өлім-жітім деңгейі де 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға төмендеді.

Ең бастысы, туберкулезді емдеуде айтарлықтай нәтиже бар. Дәріге сезімтал туберкулезді сәтті емдеудің көрсеткіші 90,5%-ға жетті, демек бұл ДДҰ стандарттарына сай. Дәріге төзімді туберкулезді емдеу көрсеткіші 85,3%-ға көтерілсе, бұл да ДДҰ стандарттарына сәйкес келеді. Тез өршитін түріне шалдыққандар қатары да 15,4%-ға төмендеді. Бұл арадағы басты мәселе аталған дертті асқындырмай, бірден анықтау – елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

– Сіз көбінесе көрсеткіштерге сүйеніп отырсыз, туберкулезден келетін өлім-жітімді азайтуда қандай заманауи ем-дом қолданылады?

– Алдымен мына факторларға назар аударғым келеді. Мемлекеттің нақты қолдауының арқасында туберкулезді жедел, дәл анықтауға мүмкіндік беретін заманауи жедел диагностикалық әдістерді енгізіп отырмыз.

Ем-домның шипасын арттыру үшін ДДҰ ұсынатын жаңа дәрі-дәрмектер мен емдеу режимдерін қолданып, науқастардың ерекшелігіне бейімделген тәсілдерді енгіздік. Қазір туберкулезге қарсы препараттар тағайындалған күннен бастап бактерия бөлмейтін емделушілерге амбулаториялық бақылау, смартфон, планшеттер арқылы бейнебақылау жүргізіледі. Оған қоса жергілікті билік амбулаториялық науқастарға әлеуметтік қолдау көрсетіп жатыр. Мұндай тәсілдер терапия курсын толық алуға, нәтижелі болуына көмектеседі.

– Бірақ Қазақстан дәріге төзімді туберкулез ауыртпалығы жоғары елдің қатарынан шыға алмай отыр ғой?

– Иә, Қазақстан дәріге төзімді туберкулездің ауыртпалығынан әлі арылған жоқ. Бұған бірінші кезекте бұрынғы жылдардан келе жатқан аурулардың салдары, науқастардың емін үзіп жіберуі инфекцияның дәріге төзімді штамдарының таралуы себепші. Оған қоса белсенді көші-қон үдерісі, халықтың қоян-қолтық араласуы, жағымсыз әлеуметтік факторлар мен туберкулезбен ауыратын науқастарға ілесе жүретін АИТВ, қант диабеті сияқты кеселдер де жағдайды ушықтырып отыр. Сондықтан сапалы медициналық көмекке қол жеткізу жағынан әлеуметтік, яки басқа да кедергілерге тап болатын халықтың осал топтарында туберкулездің эпидемиологиялық ауыртпалығы сақталып отыр.

Сондықтан туберкулездің дәріге төзімді түрлерін ерте анықтау, қатаң да үздіксіз терпаия, емделушілерге әлеуметтік қолдау көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қолдау, туберкулез, медициналық-санитарлық алғашқы көмек пен АИТВ қызметтерін үйлестіру, туберкулезбен ауыратын науқастарға көпсалалы тәсілді ұстану бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған басты міндеттердің қатарында. Өз кезегінде ДСҰ ұсынатын кешенді, емделушіге бағытталған тәсіл дәріге төзімді туберкулездің таралуын біртіндеп азайтып келеді.

– Қазір елімізде туберкулезді диагностикалаудың озық әдістері қолданылатынын айтып отырсыз, бірақ бұл халыққа қаншалықты қолжетімді?

– Қазақстан Республикасында медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде туберкулезді диагностикалаудың ең соңғы жылдам молекулалық-генетикалық әдістері енгізілген. Бұл тәсіл туберкулезді 2 сағатта анықтап, дәріге сезімталдықты тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, барлық аймақтық фтизиопульмонология орталықтарында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін туберкулезді диагностикалаудың барлық зертханалық технологияларымен толық қамтамасыз етілген. Ұлттық референс зертханасында геномды толық секвенирлеу бар.

Елімізде туберкулез инфекциясы мен туберкулезді диагностикалауда Манту сынағы, ATР сынағы (рекомбинантты туберкулез аллергеніне тест – Диаскинтест) мен квантиферон (IGRA сынағы) әдістері де қолданылады.

– Біздің заманымызда өкпе құртымен күресуде қандай түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр? Қазіргі ем-дом науқастарға шипалы әрі қауіпсіз екендігін неден білінеді?

– Біздің мемлекетіміз туберкулезді емдеу мен анықтау ісін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында тегін жүргізеді.

Туберкулезге шалдыққандарға инъекциялық дәрілерді қолданбай тиімді емдеу режимдеріне толық қол жеткізу мүмкіндігі берілген және емдеу ұзақтығы 24 айдан 9-12 айға дейін қысқартылды.

Претоманидті қолдана отырып, дәріге төзімді туберкулезді емдеудің ДДҰ ұсынған жаңа емдеу режимін енгізуде қанатқақты жоба жүзеге асырылып жатыр, бұл тіпті, емдеу ұзақтығын 6-9 айға дейін қысқартады.

– Туберкулездің алдын алуда екпе салу мен оны қайталау әлі де өзекті ме?

– Әсіресе, БЦЖ вакцинасы (Кальметт-Герен Бацилла вакцинасы) жаңа туған нәрестелер мен жас балалар үшін туберкулездің алдын алудың маңызды бөлігі болып қала береді.

Мәселен, ДДҰ-ның 2014-2022 жылдардағы Ұлттық бағдарламалардағы ұсынымдары жаңа туған нәрестелер мен жас балаларға вакцинаның тиімділігін, Қазақстанды қоса алғанда, ауру деңгейі жоғары аймақтардағы балаларға бір реттік БЦЖ вакцинасы мен БЦЖ вакцинасын (ревакциналау) қайталау қажеттілігі жоқ екендігін көрсетті.

Әрбір мемлекет БЦЖ вакцинасын қайталауды тоқтатуды, ДСҰ ұсынымдарын денсаулық сақтау ережелеріне енгізу жөніндегі шешімін елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарай қабылдайды. ДДҰ ұсынымдары тек кеңес беру сипатында болғандықтан, Қазақстан 2023 жылдан бері туберкулезге қарсы екпені қайталауды тоқтатты. Бұл шешім эпидемиологиялық деректер мен халықаралық ұсынымдарға сүйеніп қабылданды. Яғни, сырқаттылық көрсеткіші төмендеп, алғашқы вакцина егу шарасымен толық қамтылғанда қосымша екпе салудың қажеті жоқ.

Қазір белсенді туберкулездің дамуының алдын алудағы негізгі шара –

профилактика. Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу халықтың осал топтары мен науқаспен байланыста болғандар арасында аурудың белсенді таралуы мен дамуының алдын алу жағынан маңызды рөл атқарады. Жоғарыда атап өткендей, елде туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеудің қысқарған режимдері енгізілді, бұл емдеу ұзақтығын 6 айдан 1-3 айға дейін қысқартты.

– Өзіңіз басқарып келген ҰФҒО базасында Инфекциялық аурулар ұлттық ғылыми орталығы ашылды. Ендігі жерде зерттеу орталығы қандай мәселелерді шеше алады?

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған орталық қазіргі жұқпалы қауіпті дерттерге қарсы еліміздің дайындығын күшейтуге діңгек болатын басты мекемеге айналады.

Ғасырға жуық қызмет атқарып келе жатқан біздің орталықта жеткілікті тәжірибе, кадрлар қалыптасқан. Төсек-орнын 500-ге дейін кеңейте алатын жаңа орталықтың ғылыми, зертханалық, генетикалық зерттеулерге қоса, озық технологияларды меңгерген кадрлар даярлап, эпидемиологиялық мониторинг пен биологиялық қауіпсіздікті ұлттық деңгейде ұштастыра алатын мүмкіндігі бар.

Орталықтың жұмысы клиникалық ғылым, ғылым және тәжірибе дейтін үштағанның күшіне сүйенеді. Бұл ғылыми әзірлемелерді медициналық көмекке, басқару шешімдеріне тікелей енгізіп, жұқпалы аурулармен күресті күшейтуге мүмкіндік береді. Орталық жұқпалы аурулар мамандарын, соның ішінде фтизиатрларды, эпидемиологтарды, зертхана мамандарын даярлау мен біліктілігін арттыру орталығына айналады.

– Мемлекетіміз денсаулық сақтау саласында түйткілдері реттеп, қордаланған мәселелерді реттеуге бұрынғыдан да көп күш салып отыр. Мұның ұлттық орталыққа ықпалы қандай?

– Бізге артылған артылған міндеттердің ішінде 2026 жылы цифрлы трансформацияға өту, медициналық көмек сапасын жақсартып, туберкулездің денсаулық сақтау саласына түсетін салмағын азайту да бар. Кешенді зерттеу жұмыстарынаи қоса, кадрлар даярлау, осал топтарымен жұмыс, үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру, медициналық-санитарлық алғашқы көмек желілерінде жасанды интеллектіні пайдалануды күшейту жұмыстары жалғасады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен –

Айнаш ЕСАЛЫ

Соңғы жаңалықтар

Ертең Астанада колледж студенттері мен мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды

Ауа райы • Бүгін, 22:15

Динара Зәкиева: Жаңа Конституцияда ана мен балаға ерекше қорғау қарастырылған

Ата заң • Бүгін, 21:30

Саясат Нұрбек: Жаңа Конституцияда ғылым мен инновацияға басымдық берілген

Ата заң • Бүгін, 21:05

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау басты назарға алынған

Ата заң • Бүгін, 20:30

Жауапкершілік алатын кез келді: Сарапшы жастарды референдумға қатысуға шақырды

Ата заң • Бүгін, 20:13

Солтүстік Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар жабылды

Ауа райы • Бүгін, 19:37

Иран футболдан әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Футбол • Бүгін, 19:15

«Шалқар» радиосына 60 жыл: Қазақтың тұңғыш радиодикторы Мина Сейітова радиостудиясы ашылды

Тұлға • Бүгін, 18:45

Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды

Ата заң • Бүгін, 18:27

Атырау мұнай өңдеу зауытының бір қондырғысында жоспарланған жөндеу басталды

Аймақтар • Бүгін, 18:15

Ресейден Амур жолбарыстары қашан әкелінеді?

Табиғат • Бүгін, 17:53

Көк мұздағы жылдамдық: Жастар шорт-трекке неге қызыға бастады?

Қысқы спорт • Бүгін, 17:43

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Президент • Бүгін, 17:35

Эдуард Полетаев: Білім мен адам капиталы – елдің стратегиялық қоры

Ата заң • Бүгін, 17:18

Нартай Сәрсенғали: Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның басты авторы

Ата заң • Бүгін, 17:02

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 23:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа талап: Енді смартфон сатушылар құрылғының сәйкестендіру кодын түбіртекте көрсетілуін тексеру керек

23 Шілде 2026 23:08see169

Астанадағы нөсерден кейін әкімдік ресми мәлімдеме жасады

23 Шілде 2026 19:06see146

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

24 Шілде 2026 18:32see134

Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

23 Шілде 2026 19:57see131

Ұялы телефоны верификациялаудан өтпегендер сатушыдан тауарды ауыстыруды талап ете алады

23 Шілде 2026 23:10see130

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

23 Шілде 2026 19:44see130

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мың адамға артты

23 Шілде 2026 18:43see128

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

24 Шілде 2026 18:31see128

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

24 Шілде 2026 21:05see128

Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

23 Шілде 2026 19:45see127

“Мама Люба, давай“ көлікте клип түсіргені үшін блогер қыздарға айыппұл салынды

23 Шілде 2026 18:24see127

Мектептер мен колледждердегі әдістемелік кабинеттер қалай жұмыс істеуі тиіс

23 Шілде 2026 18:10see126

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

23 Шілде 2026 18:09see126

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

24 Шілде 2026 18:54see125

ҚТК тиеуді тоқтатты: Қазақстанда мұнай өндіру азайды

23 Шілде 2026 18:03see125

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топқа үкім шықты

23 Шілде 2026 19:43see125

“Әкелердің көбі көре алмай қалатын сәттерге куә болдым“: Қазақстандық ерлер неге декретке шыға бастады?

23 Шілде 2026 18:05see123

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

24 Шілде 2026 19:58see118

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

24 Шілде 2026 19:24see117

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

24 Шілде 2026 19:47see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары