Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

ШҚО да қоғамдық орындарды ластаған үш тұрғын жауапқа тартылды

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі: сауда саласындағы өзекті мәселелер бойынша жүйелі диалог басталды

Тоқаев ҰҚК басшылығымен жиын өткізіп, бірқатар тапсырма берді

Қазақстандықтар жоқ : Таиландта болған өрттен 11 адам көз жұмды

Қазақстанда алғаш рет AI Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен заң жобасы әзірленді

Украина өз жерінен шегінбейді Зеленский

Ержан Сәрсенбай COP31 конференциясында Қазақстанның көміртегі нарығын дамыту тетікгін таныстырды

Сұйытылған газ тапшылығы: Қазақстанның жаңа ГӨЗ жобалары мәселені шешеді ме?

Барыс ҚХЛ көшбасшыларының бірін жеңді

Қыста сымдарды күйдіріп алмай, автомобильді қалай от алдыру керектігін сарапшы айтып берді

Павлодар облысында алимент бойынша борышкерлерден 67 автокөлік тәркіленді

Жүргізушілер назарына: Астана мен бірнеше өңірде көктайғақ пен қалың тұман күтіледі

Қазақстанда дауылды ескерту: Ауа райы күрт нашарлап, көктайғақ пен тұман күтілуде

Атырауда көпірден секірген адам құтқарылды

Алматы қар мен көктайғаққа қалай дайындалып жатыр

Қазақстан мектептерінде екінші сыныптан бастап диктанттар мен шығармалар енгізіледі

Тоқаевтың таңдауымен: Ірменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Қазақстандық киберспортшы жүлде қоры 1 миллион доллар болатын турнирде жеңіске жетті

Тоқаев Палестина Президентіне жеделхат жолдады

NVIDIA ның бұрынғы басшысы және одақтастары оның компанияға оралуына күш салуда БАҚ

Жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын сақтау туралы ескерту жасалды

Жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын сақтау туралы ескерту жасалды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жазғы маусымның жалғасуына және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы, әсіресе демалыс аймақтары мен өңіраралық бағыттардағы көлік қозғалысының қарқындылығының артуына байланысты жүргізушілерге аса мұқият болу ұсынылады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгіленген жылдамдық режимін сақтау, басып озу қағидаларын қатаң орындау, шаршаған күйде көлік тізгініне отырмау, сондай-ақ қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде және қараңғы уақытта ерекше сақтық таныту қажет. Балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктері мен арнайы балаларды ұстап тұратын құрылғыларды міндетті түрде пайдалану керек. Жол қозғалысына қатысушы әрбір адамның тәртібі мен жауапкершілігі жол қауіпсіздігінің басты кепілі болып қала береді, өйткені жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі адам факторынан туындап отыр.

Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жүргізушілердің көлік тәртібін сақтамауы. Жол-көлік оқиғаларының 91%-ы жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзумен байланысты. Құқық бұзушылықтардың ішінде жылдамдықты арттыру – 33%, көлік құралын басқаруды жоғалту – 14%, арақашықтықты сақтамау – 13%, жол белгілерінің талаптарын елемеу – 10% құрайды. Бұл деректер көлік тәртібін нығайту жол-көлік оқиғаларының санын одан әрі азайтудың негізгі резерві екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғаларының саны азайды. Жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға төмендеп, 1 507 жағдайдан 1 371 жағдайға дейін қысқарды.
Бұл динамикаға көліктік жүктеменің айтарлықтай өсуі аясында қол жеткізілді – жарты жылда қозғалыс қарқындылығы 37%-ға артып, 22,3 млн көлік құралын құрады.
Жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ықпал еткен құралдардың бірі – жалпы ұзындығы 2,3 мың шақырымды құрайтын ақылы жол учаскелерінде енгізілген орташа жылдамдықты бақылау жүйесі. Бұл шара аталған учаскелерде жол-көлік оқиғаларының санын 17%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Соңғы бес жылда республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автомобиль жолының 45%-ы I және II техникалық санаттарға ауыстырылды. Нәтижесінде қарсы бағыттағы көлік ағындары бөлініп, жолдың жүру бөлігі кеңейтілді. Транзиттік көлік қозғалысын елді мекендерден шығару мақсатында 65 айналма жол және 38 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағдарламасы аясында жолдағы жағдай мен жылдамдық режимі туралы ақпарат беретін жол белгілері мен ауыспалы ақпараттық таблолар орнатылды. Сондай-ақ 22 ақылы жол учаскесінде жылдамдықты бақылауға арналған 56 лазерлік құрылғылар іске қосылды. Бұдан бөлек, жыл сайын 8 мыңнан астам жол белгісі ауыстырылып, жол таңбалары жаңартылып, бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін ұмытпау керек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 09:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

ШҚО да қоғамдық орындарды ластаған үш тұрғын жауапқа тартылды

16 Қараша 2026 12:34see146

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі: сауда саласындағы өзекті мәселелер бойынша жүйелі диалог басталды

16 Қараша 2026 11:55see145

Тоқаев ҰҚК басшылығымен жиын өткізіп, бірқатар тапсырма берді

16 Қараша 2026 12:19see145

Қазақстандықтар жоқ : Таиландта болған өрттен 11 адам көз жұмды

16 Қараша 2026 12:14see144

Қазақстанда алғаш рет AI Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен заң жобасы әзірленді

16 Қараша 2026 11:55see144

Украина өз жерінен шегінбейді Зеленский

16 Қараша 2026 12:29see144

Ержан Сәрсенбай COP31 конференциясында Қазақстанның көміртегі нарығын дамыту тетікгін таныстырды

16 Қараша 2026 12:02see137

Сұйытылған газ тапшылығы: Қазақстанның жаңа ГӨЗ жобалары мәселені шешеді ме?

16 Қараша 2026 12:29see137

Барыс ҚХЛ көшбасшыларының бірін жеңді

15 Қараша 2026 19:59see136

Қыста сымдарды күйдіріп алмай, автомобильді қалай от алдыру керектігін сарапшы айтып берді

16 Қараша 2026 09:33see135

Павлодар облысында алимент бойынша борышкерлерден 67 автокөлік тәркіленді

16 Қараша 2026 10:49see135

Жүргізушілер назарына: Астана мен бірнеше өңірде көктайғақ пен қалың тұман күтіледі

16 Қараша 2026 08:12see123

Қазақстанда дауылды ескерту: Ауа райы күрт нашарлап, көктайғақ пен тұман күтілуде

16 Қараша 2026 09:51see123

Атырауда көпірден секірген адам құтқарылды

16 Қараша 2026 11:27see121

Алматы қар мен көктайғаққа қалай дайындалып жатыр

16 Қараша 2026 09:39see118

Қазақстан мектептерінде екінші сыныптан бастап диктанттар мен шығармалар енгізіледі

16 Қараша 2026 13:08see115

Тоқаевтың таңдауымен: Ірменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16 Қараша 2026 12:29see111

Қазақстандық киберспортшы жүлде қоры 1 миллион доллар болатын турнирде жеңіске жетті

15 Қараша 2026 19:59see110

Тоқаев Палестина Президентіне жеделхат жолдады

16 Қараша 2026 08:27see108

NVIDIA ның бұрынғы басшысы және одақтастары оның компанияға оралуына күш салуда БАҚ

16 Қараша 2026 08:49see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары