Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Журналистер ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабын қайта қарауды сұрайды

Журналистер ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабын қайта қарауды сұрайды

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматыда бір топ журналист баспасөз мәслихатын өткізіп, ҚР Қылмыстық кодексі 274-бабының құқық қолдану практикасы және оның ережелерін қайта қарау қажеттілігі туралы Үндеу жолдады.

БАҚ өкілдерінің айтуынша ҚР Қылмыстық кодексі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген сәттен бері журналистердің кәсіби қауымдастығы мен құқық қорғаушылар 274-баптың («Көрінеу жалған ақпарат тарату») қолданылуына алаңдаушылық білдіріп келеді. Алайда, бастапқы кезеңде бұл норма «Масс-медиа туралы» заңда көзделгендей, дау азаматтық тәртіпте шешілгеннен кейін ғана қолданылатын.

«Қылмыстық заңның мұндай нормасын қабылдау әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат таратуға байланысты бірнеше фактімен негізделді. Атап айтқанда, сол кезеңде қоғамдық орындарға (сауда-ойын-сауық орталықтары, мектептер және т.б.) «жарылғыш зат қойылды» деген жалған хабарламалар түсіп, телефон терроризмі жағдайлары орын алды. Шынында да, қоғам осындай қасақана зиянды әрекеттерден қорғануға мұқтаж болды.

Алайда соңғы жылдары Қылмыстық кодекстің 274-бабы нақты өлшемдердің болмауына байланысты журналистер мен әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларына қатысты соттан тыс қысым көрсету құралына айналып кетті. Сонымен қатар бұл тетік қоғамдық маңызы бар, бірақ белгілі бір қаржы-өнеркәсіптік топтар мен жекелеген бизнес өкілдеріне қолайсыз ақпаратты бұғаттау үшін пайдаланылуы да жоққа шығарылмайды», дейді журналистер тобы.

ҚК-нің 274-бабы бірінші бөлігінің диспозициясы қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупін тудыратын немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауаптылықты көздейді.

Аталған норманы тікелей түсіндіру қылмыстық жауаптылықтың туындауы үшін қылмыс субъектісі «көрінеу жалған ақпаратты», сондай-ақ қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупін немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін «тудыратын» ақпаратты таратқан болуы тиіс екенін білдіреді.

Алайда мұндай ақпараттың «жалған» және/немесе «көрінеу жалған» болып саналатынын айқындау тек қанат соттың айрықша құзыретіне кіреді.

Сонымен бірге журналистке қатысты қылмыстық іс қозғау үшін тергеушінің немесе анықтаушының таратылған ақпаратты (жарияланымды) «көрінеу жалған» және қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупін, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіру қаупін тудырады деп субъективті түрде бағалауының өзі жеткілікті.

Осыдан кейін істің мән-жайын тергеу үшін тергеуші немесе анықтаушы өзінің субъективті пайымына сүйене отырып, мұндай журналисті қамауға алу үшін сот санкциясын сұратады. Тергеу соты да «қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупі» ұғымын субъективті бағалау негізінде бұлтартпау шарасын тағайындайды.

Нәтижесінде адам тек «қауіп тудыруы мүмкін» деген болжамның негізінде алдымен 10 тәулікке, кейін 2 айға дейін қамауда отырады.

Бұл ретте қылмыстық заңда қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын «ақпараттың» не екенін түсіндіретін ескерту (анықтама) жоқ. Қылмыстық практикада «қауіп тудыратын ақпараттың» өлшемдері және қылмыс құрамы субъектісінің нақты қандай әрекеттері «қауіп тудыратыны» белгіленбеген.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасында ҚК-нің 274-бабы бойынша құқық қолдану практикасын айқындайтын Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары да жоқ. Бұл әрі қылмыстық істі қарау сатысындағы соттарға әрі сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы қылмыстық қудалау органдарына қатысты.

Бұл мәселе соңғы уақытта аталған бап бойынша кінәсі дәлелденбеген журналистерді, бұқаралық ақпарат құралдарының редакторларын, блогерлерді және басқа да тұлғаларды жауапқа тарту фактілерінің көбеюіне байланысты ерекше өзектілікке ие болып отыр. Олардың кінәсі дәлелденбесе де, кәсіби қызметін жалғастыру мүмкіндігінен айырылуы арқылы олар іс жүзінде жазаланып жатыр.

Тек соңғы айлардың өзінде бірқатар белгілі журналистер жария кеңістікте және азаматтық тәртіпте өздерін қорғау мүмкіндігінсіз үйқамаққа алынды.

Айта кету керек, ҚК-нің 274-бабының журналистерге қолданылатын 1, 2, 3-бөліктері дайындық сатысынан бастап жауаптылық туындайтын ауыр немесе аса ауыр қылмыстар қатарына жатпайды (мысалы, терроризм немесе адам өлтіру). Алайда 274-баптың қазіргі редакциясында қылмыстық қудалау үшін тек «қауіп тудырудың» өзі жеткілікті.

Бұдан бөлек, қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупін, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіру қаупін тудыру фактісінің өзі қоғамдық тәртіптің нақты бұзылуы орын алмаған жағдайда қылмысқа, теріс қылыққа немесе құқық бұзушылыққа жатпайды.

Өз кезегінде, «жалған ақпарат таратусыз» қоғамдық тәртіпті бұзу тек әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралады және ол үшін көзделген жауаптылық 274-бап бойынша журналистерге тек «қауіп тудырғаны» үшін қолданылатын санкциямен салыстыруға келмейді.

ҚК-нің 274-бабын тергеу және анықтау органдарының, сондай-ақ бұлтартпау шарасын таңдау кезінде тергеу соттарының қолдану практикасын мұқият әзірлеу қажет деп санаймыз. Бұл жазықсыз адамдарды, соның ішінде журналистерді, мерзімінен бұрын қудалау мен қамауға алуды болдырмау үшін қажет.

Журналистер жүйелі кемшіліктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін әшкерелей отырып, қоғамдық бақылаудың аса маңызды функциясын атқарады.

Қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған қасақана ниет дәлелденбестен, тек «қауіп тудырғаны» үшін қылмыстық қудалау журналистердің жұмысын тұралатып, оларды өзін-өзі цензуралауға мәжбүрлейді және азаматтарды қоғамдық маңызы бар ақпаратты алу мен тарату құқығынан айырады.

Сондай-ақ ҚК-нің 274-бабы 1-бөлігінің диспозициясын қайта қарау қажет деп санаймыз.

Қоғамдық тәртіптің нақты бұзылуы мен нақты зиян келтіру фактісі болмай тұрып, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіру немесе қоғамдық тәртіптің бұзылу «қаупін тудырады» деген тұжырымдаманы қолдану құқықтық мемлекет жағдайында ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ үшін жеткілікті негіз бола алмайды.

ҚК-нің 274-бабының 1 және 2-бөліктерін қылмыстық құқық бұзушылық қатарынан шығарып, оларды әкімшілік құқық бұзушылықтар саласына енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

«Жоғарыда баяндалғанның негізінде, осы үндеуді қарап, Қазақстан Республикасының жазықсыз азаматтарын қылмыстық жауаптылыққа тартудың алдын алу үшін мынадай пәрменді шаралар қабылдауды сұраймыз:

– ҚК-нің 274-бабын тергеу және анықтау органдарының, сондай-ақ бұлтартпау шарасын таңдау кезінде тергеу соттарының қолдану практикасын әзірлеуге бастамашылық ету, бұл жазықсыз адамдарды мерзімінен бұрын қудалау мен қамауға алуды болдырмау үшін қажет;

– Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында ҚК-нің 274-бабын қылмыстық соттардың қолдану практикасын әзірлеуге бастамашылық ету;

– ҚК-нің 274-бабы бірінші бөлігінің диспозициясын қоғамдық тәртіптің нақты бұзылуы мен нақты зиян келтіру фактісінсіз «қауіп тудыру» тұжырымдамасын қолдану бөлігінде заңнамалық деңгейде қайта қарауға, сондай-ақ 1 және 2-бөліктерін әкімшілік құқық бұзушылықтар саласына енгізу мүмкіндігімен декриминализациялауға бастамашылық ету.

Қазақстан Конституциясымен кепілдік берілген сөз бостандығы негізсіз қылмыстық қудалау алдындағы қорқынышпен шектелмеуі тиіс.

Осы мәселені шешуде конструктивті диалог пен Сіздің көмегіңізге үміт артамыз», дейді баспасөз мәслихатына қатысушылар.

Айта кетейік, баспасөз мәслихатын өктізіп, Үндеу жолдағандар қатарында Exclusive.kz бас редакторы Қарлығаш Еженова, белгілі журналистер Ардақ Букеева, Лұқпан Ахмедьяров, Назира Дәрімбет, Марат Асипов бар. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 15:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары