Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жыл басынан бері 23 мыңға жуық интернет алаяқтығы тіркелген

Жыл басынан бері 23 мыңға жуық интернет алаяқтығы тіркелген

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

— Ағымдағы жылдың 10 айының нәтижесінде ЖИ көмегімен алаяқтық әрекеттерін жасаған 28 мыңнан астам парақша мен бейнематериалдар бұғатталды. Мұндай алаяқтықтар көбіне инвестициялық қорларға шақыру үшін жасалады. Одан бөлек балалар порнографиясы, жалған ақпараттарды жариялау, лаңкестік актілер бойынша да көптеген деректер тіркеледі, — дейді министрлік маманы.

Өткен жылы елімізде 22,5 мыңнан астам интернет алаяқтығы дерегі тіркелген.

— 2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚР аумағында 22,5 мыңнан астам интернет алаяқтығы фактісі тіркелген. Ал биыл бұл көрсеткішке 10 айдың ішінде жеттік. Жыл басынан бері жасалған интернет алаяқтықтарының саны 22,5 мыңнан асты. Олардың 27 пайызында іс ашылды, — дейді ол.

Студия қонағы қылмыскерлерді әшкерелеуге кедергі келтіретін мәселелерге тоқталды.

Фото: Видеодан алынған скрин

— Бізге іс ашуға алаяқтар тарапынан өз іс-әрекеттерін жасыру технологияларын қолдануы көп кедергі келтіреді. Оған ЖИ-дің де әсері көп. Одан бөлек VPN, өздерінің шынайы мекенжайларын жасыру мақсатында қолданылатын прокси-серверлер де айтарлықтай қиындық туғызып, уақытымызды алады. Және жәбірленушілер арызды тым кеш, қылмыстың ізі суыған соң барып жазып жатады. Бұл да қылмыстың ашылуына әжептәуір кедергі келтіреді, — дейді Бейбіт Біржанов.

Ал Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің аға оқытушысы Алмабек Ерболатұлы ЖИ арқылы жасалған видеоларды қалай анықтауға болатынын түсіндірді.

Фото: Видеодан алынған скрин

— Ең бірінші, ЖИ арқылы жасалған жалған ақпаратты анықтау үшін қарапайым ғана сұрақ қою керек. Бұл ақпараттың артында не бар? Негізгі мақсаты қандай? Бұл ақпаратты кім таратып жатыр? деген сұрақтарға жауап іздеу керек. Оны таратқан аккаунттың қашан, неліктен ашылғанын анықтаса, ол адамда ақпараттық иммунитет қалыптасады. Сосын видеоларды көрген кезде адамдардың бетіндегі мимикасына, сөйлеу интонациясына назар аудару керек. Мысалы, адам робот секілді интонациямен сөйлеп тұрған болса, жалған ақпаратты ажырату жеңілірек болады. Ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін детальдарға аса мән беру керек, — дейді фактчекер.

Студия қонағы жасанды интеллектінің көмегімен жасалған фотоларды анықтауға болатын бірнеше тәсілдерге тоқталды.

— Фотосуреттер мен видео материалдарды тексеруге арналған арнайы құралдар бар. Ең қарапайым нұсқасы — Google мен Yandex іздеу жүйелерінен фотосуреттерді тексеріп алу. Одан кейін бізде TinEye деген қосымша бар; оған фотоны салсаңыз, оны кім түсірді, авторы кім, қай жерде жарияланды — соның бәрін көрсетіп береді. Одан бөлек FotoForensics деген бар. Ол түсірілген суреттің қай жері монтаждалғанын табады, — дейді маман.

Алмабек Ерболатұлы бейнематериалдарға да фактчекинг жасау жолдарын айтты.

— Ал видео форматына тоқталсақ, қазір YouTube DataViewer деген өзінің бөлек форматы бар. Бұл сайт арқылы YouTube-та көрген видеолардың ақпаратын таба аласыз. Егер өзіңізге қажетті видеоның сілтемесін көшіріп, YouTube DataViewer-ге қойсаңыз, ол видео қашан жарияланды, кім жариялады деген сияқты деректерді анықтап бере алады. Одан басқа DeepFake-o-meter немесе Deepfake Detector деген қосымша бар. Сол қосымшаға Instagram-дағы видеоның сілтемесін салсаңыз, ақпараттың рас-өтірігін анықтап береді, — дейді ол.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов халықты алаяқтардан қорғау мәселесін көтерді.

Одан бөлек Елордада полицейлер алаяқтар ұрлаған 39 миллион теңгені зейнеткерге қайтарды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 01:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары